Қазақстанның ғылыми мекемелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Уики

Мазмұны

Математикалық институты

Қазақстанда математика, механика және информатика саласында зерттеулер жүргізу және жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында 1965 жылы Математикалық институты ұйымдастырылды. Институт дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика, функциялар теориясы мен функционалдық талдау, алгебра және логика бойынша зерттеулерді үйлестіреді. Математикалық институтының негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:

  • функцияларды, функционалдық кеңістіктерді және функционалдық кеңістіктегі түрлі операторлардың қасиеттерін, олардың операторлық теңдеулерде қолданылуын зерттеу;
  • дәл және дәл емес хаосты ақпарат бойынша үйірткі (свертка) түріндегі функция кластарында оңтайлы қалпына келтіру есептерін, көп өлшемді аппроксимация, ықтималдық теориясы мәселелерін зерттеу;
  • дифференциалдық теңдеулер мен олардың аппроксимацияларының шеткі есептері бойынша, динамиканың кері есептері, оңтайлы басқару теориясы бойынша зерттеулер;
  • сызықтық және сызықтық емес дифференциалдық және функционал-дифференциалдық теңдеулер мен жүйелердің шеттік (шеткі) есептерін зерттеу, сондай-ақ жылу, масса тасымалдау құбылыстарына қолданылатын айныған (азғындаған) аймақтардағы параболалық теңдеулерді зерттеу, Больцман теңдеуінің дискретті модельдері теориясын дамыту;
  • дифференциалдық теңдеулердің сапалық теориясы бойынша зерттеулер жүргізу; Ляпуновтың бірінші әдісін, бифуркация теориясын дамыту, сапалық талдау әдістерін қолданбалы есептерді зерттеуге пайдалану;
  • матем. логиканың алгоритмдік мәселелерін, предикаттар логикасы формулаларын айқынырақ өрнектеу мүмкіндіктерін, модельдер теориясының жалпы мәселелерін, біртекті модельдердің құрылымы мен спектрін және олардың автоморфтығын, Лидің модулярлық алгебраларын зерттеу;
  • серпімді, термосерпімді, көп компонентті, магнитті серпімді және электрмагнитті орта динамикасының шеткі есептерін шешу әдістерін жасау, жер асты ғимараттары динамикасында қолданылатын қуыс және түрлі пішінді кірікпелері (қосындылары) бар орталарда толқындардың таралуы мен дифракциясы процестерін зерттеу;
  • активті әсер болған жағдайда әр түрлі режимдердегі (турбуленттік, ламинарлық) сұйықтықтар мен газдар ағысын зерттеу, массалы күш өрісіндегі турбуленттілік модельдерін жасау, бұлттар мен жауын-шашындарды, арналардағы, каналдар мен бөктерлердегі ағындарды модельдеуге арналған бағдарламалар пакетін, табиғи және техногендік апаттарды болжау модельдерін құру;
  • динамикалық жүйелер теориясының, фракталды және стохастикалық геометрияның, т.б. компьютерлік әдістерін жасау.

Қолданбалы математикалық институты

Секторды, кейіннен институтты құру барысында көптеген аспиранттар мен тәжірибеден өтушілер КСРО-ның алдыңғы қатарлы ғыл. орт-тары мен жоғары оқу орындарына жіберілді. Математикалық институты қызметкерлері Қазақстан Республикасының аса көрнекті ғалымдарына арналған мемл. стипендиялардың, фон Гумбольд атынд. Халықаралық стипендияның жүлдегерлері, Хорезми атындағы Халықаралық сыйлықтың, Сорос қорының, ІNTAS, Америка математикалық қоғамының, ХҒТО-ның, Франция Зерттеулер министрлігінің, т.б. гранттардың иегерлері болып табылады. Қазақстандағы математика және механика салалары бойынша ғылыми докторлары мен кандидаттарының едәуір бөлігі осы Математика интында даярланған. Математика институты негізінде 1994 жылдан бері Халықаралық математика одағының, 1998 жылдан Азия елдерінің Халықаралық математика қоғамының мүшесі болып табылатын Ұлттық математикалық комитеті құрылды. 1991 жылы желтоқсанда Қарағанды қалысында есептеу құралдарын қолдану мен дамытуға байланысты математика мәселелерін шешу мақсатында Қолданбалы математикалық институты құрылды. Институт құрамында екі лаборатория (дифференциалдық теңдеулер; механика мен экология есептерін матем. модельдеу) және ағынды технологиялар мен аппараттар секторы жұмыс істейді. Негізгі зерттеу бағыттары: кен орындарын жер астында игеру, өңдеу кезінде тау қысымын математика басқару теориясы және сандық ақпаратты компьютерлік өңдеу, дифференциалдық теңдеулер мен дифференциалдық операторлардың көп өлшемді тұрақсыз жүйелерінің спектрлік қасиеттері, материалдар мен ағынды аппараттарды құбыр арқылы гидротасымалдауды есептеу алгоритмдері. 1991 жылы Механика және машинатану институты құрылған. Институт құрамында екі ғылыми-зерттеу бөлімі бар: механика және машинатану. Осы институтта республикада ғана емес, шет елдерге де танымал Жер механикасы мен жоғары класты механизмдер мен манипуляциялық қондырғылар жөнінен ірі ғылыми мектептер қалыптасып, белсенді қызмет етеді. Механика саласындағы іргелі зерттеулердің негізгі ғылыми бағыттары: Жердегі табиғи және техногендік процестер механикасы; сейсмикалық төзімді құрылғыларды есептеу, жобалау және құрастырудың, терең және өте терең ұңғымалардың орнықтылығының теория негіздері; әр түрлі күш өрістері мен орталарындағы табиғи және жасанды аспан денелерінің қозғалысы. Жоғары класты механизмдер (ЖКМ) базасында жасалынған анализ бен синтездің аналитика және сандық тәсілдері негізінде әлемдік тәжірибеде бұрын кездеспеген жаңа принципті манипуляциялық, жүк көтергіш, жүк артқыш және жүк түсіргіш, сондай-ақ жүк ұстап тұрғыш құрылғылар жасалып, көптеген елдерде, оның ішінде Ұлыбритания, Германия, Италия, Польша, Финляндия, Чехия бар, 100-ден астам патенттер қорғалды. Қазақстан ғалымдарының механизмдер мен машиналар теориясы (ММТ) бойынша жетекші рөлін ескере отырып, құрамына ММТ жөніндегі әлемнің 40-тан астам елдерінің ұлттық комитеттерін біріктіретін Халықаралық ММТ федерациясы ММТ бойынша Қазақстанның ұлттық комитетін өз мүшелігіне қабылдады. Қазақ ұлттық университеті жанындағы Механика және математикалық ғылыми-зерттеу институты университеттік ғылым мен білім беруді ұштастыруға қолайлы жағдай туғызу және ғылыми-зерттеулерді үйлестіру мақсатымен 1994 жылы қараша айында механика-математика факультеті негізінде құрылды. Механика-математика факультетінің барлық ғылыми қуаты, яғни 30-дан астам ғылыми доктор мен 80-нен астам ғылыми кандидат, аспиранттар, магистранттар мен студенттер Механика және матем. ғылыми-зертеу институты (ММ ҒЗИ) арқылы жаңа ғылыми бағыттар мен келелі ойлар ұсынып, оларды халық ш. мен оқу процесінде игереді. Механика және матем. ғылыми-зерттеу институты төрт бөлімнен тұрады:

  1. математика (5 лаборатория);
  2. есептеуіш математика мен ақпараттық технология (4 лаборатория);
  3. оңтайландыру әдістері мен басқару теориясы (2 лаборатория);
  4. 4) механика (2 лаборатория) бөлімдері, сондай-ақ ақпараттық технология мен дизайн студенттік лабораториясы бар.

Институттың басым бағыттары – түрлі математика салалары мен қолданбалы математика, механика және ақпараттық технология салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Ғылыми-зерттеу жұмыстары ғалымдардың ҚР Білім және ғылыми министрлігінің әр түрлі конкурстары мен халықаралық гранттарға, сондай-ақ қолданбалы зерттеулерді іске асыруға байланысты тендерлерге қатысуы есебінен қаржыландырылады. Механика және матем. ғылыми-зерттеу институты мынадай республика ғылыми-техника жобалар бойынша жетекші ұйым болып табылады:

  1. іргелі ғылыми-зерттеулер:
    1. математика модельдеу және есептеуіш математика;
    2. табиғи процестерді матем. және сандық модельдеу мен есептеуіш математика мәселелерін зерттеп білу;
  2. салааралық:
    1. жаңа ақпараттық технологиялар мен машиналар жасау, мұнай-газ, кен-металлургия және т.б. өнеркәсіп салаларында технол. процестерді автоматтық басқару жүйелерін құрастыру;
    2. мұнай-газ өнеркәсібіндегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау. Сонымен қатар іргелі зерттеулер негізінде мынадай қолданбалы зерттеулер жүргізіледі:
      1. халықаралық ғылыми-технология орталығы гранттары бойынша перспективті әуе-космос ұшақтарын жасауда қолданылатын гипердыбысты, тік ағынды әуе-реактивті қозғалтқыштардың жұмыс процесін зерттеу және мұнай мен мұнай шламдарын жинау мен өңдеу қондырғысын жасау;
      2. Алматы қаласы әкімшілігінің тапсырысы бойынша орта мектеп пәндерін оқытудың ақпараттық технологиясын жасау;
      3. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қазақ тілін оқытудың қолданбалы бағдарламасын жасау.

Дүние жүзіндегі ұқсас құрылғылармен салыстырғанда пайдалы әсер коэффициенті жоғары «Бидарье» жел агрегатын құру жұмыстары да жүргізілуде. Ғылым мен білім беру саласында институт ҚР Білім және ғылыми министрлігінің, Украинаның, Беларусьтің, Молдованың,Өзбекстанның және Қырғызстанның көптеген жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттарымен, сондай-ақ алыс шет елдердегі Бранденбург техникалық университеті, Гейдельберг университеттері (Зиген қаласы,Германия); Висконсин және Чикаго (АҚШ), Сиенны (Италия), Париж-6, Лион-1 (Франция), Оксфорд және Лидс (Англия), Нагоя (Жапония) университеттері, Ұлттық кремний технологиялары институты (Пәкстан), НАСА (Лэнгли ғылыми орталығы, АҚШ), сынды ғылыми орт-тармен бірлесіп зерттеулер жүргізеді.

1991 жылы қыркүйек айында Қазақстанда информатика мен басқару саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді қарқынды жүргізу, республиканы ақпараттандыру бағдарламасын ғылыми қамту мақсатында 1991 жылы қыркүйек айында Информатика және басқару мәселелері институты ұйымдастырылды. Институтта 100-ге жуық қызметкер еңбек етті, олардың 60-ы ғылыми қызметкер, соның ішінде 8 ғылыми докт. және 20 ғылыми кандидат болды. Ғылыми-зерттеулер 4 лаборатория мен 2 бөлімде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: ақпарат жіберу тораптарында, деректер базасы мен банктердегі ақпараттық қауіпсіздік әдістері мен құралдарын жетілдіру; республикада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңдар мен нормативтерге қатысты ұсыныстар жасау; комбинаторлық оңтайландырудың тиімді алгоритмдерін жасау; кескінді анықтау, басқару мәселелеріндегі мәліметтерді талдау мен тарату, шешім қабылдаудың матем. модельдері мен әдістерін зерттеу; модельдер теориясы әдістерін қолданып, сезімтал ақпарат жүйелеріндегі реляциялық дерек қорын жіктеудің қисындық тілдерін зерттеу; экономикалық жүйенің дамуын тұрақтандыруды жүйелі талдау модельдерін, әдістері мен ақпараттық технологиясын зерттеп білу; жасанды иммунитет жүйелерінің формальдық негізінде бағалау мен сызықсыз аралықта берілген нысандарды басқарудың интеллектуалды жүйелерін құру модельдерін, әдістері мен ақпараттық технологиясын жетілдіру. Институт қызметкерлері ҚР-ның «Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Бірыңғай ақпараттық кеңістік құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «Информатика және ақпараттандыру» туралы заң жобасы, т.б. мемлекеттік маңызы бар құжаттарды дайындауға қатысты. Теориялық зерттеулердің нәтижелері қолданбалы зерттеулерде іске асырылуда. Институт қызметкерлерінің қатысуымен «Жекешелендіру» республика ақпараттық-есептеу жүйесі, «Қалқаман» қалалық ауруханасы мен Жоғары аттестациялау комиссиясына (ЖАҚ, қазіргі ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Қадағалау бақылау комитеті) арналған автоматтандырылған жүйеле-рі құрылды. Институт жұмыс істеген жылдары 8 доктор, 17 кандидат дисс. қорғалып, 600-ден астам ғылыми жарияланымдар, соның ішінде 17 монография жарық көрді, әр түрлі халықар. және республика ғылыми форумдарда 200-ден астам баяндама жасалды. Институт шетелдік ұйымдармен бірлесіп қызмет атқарады. ЮНЕСКО-ның үкіметаралық ақпараттық бағдарламасы жобасына сәйкес мамандардың білімін жетілдіру мен ақпараттық қызмет орт. құрылады. Ұлттық ғылыми-зерттеулер орталығының жобасы бойынша – Лион-1 және Париж-7 университеттерімен (Франция), модельдер теориясы мен ақпарат жүйелерін жіктеу бойынша – Лондон университетімен, реляциялық мәліметтер модельдері теориясы бойынша – Чикаго университетімен (АҚШ), RAІSE және DC жіктеу тілдері бойынша – Біріккен ұлттар университеті (Макао) жанындағы Халықаралық ақпараттық қамту технологиясы институтымен бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Жасанды интеллект ақпараттық технологияларының «Жасанды иммунитет жүйелері» деп аталатын ғылыми бағытын дамытуда Осло университетімен (Норвегия), Пастер институтымен (Франция, Париж қаласы), Финн зерттеу институтымен (Финляндия, Хельсинки қаласы), Ливерпуль университетімен (Ұлыбритания), Дат денсаулық сақтау министрлігінің зерттеу лабораториясымен (Лингбу қаласы, Дания) тығыз байланыс жасалған. Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Сібір орталығы Есептеу технологиялары институтымен, РҒА Басқару мәселелері институтымен, РҒА Есептеу орталығымен (Мәскеу), Тұрақтылық пен сызықсыз динамиканы зерттеу орталығымен (Санкт-Петербург), Өзбекстан ғылым академиясының Кибернетика ин-тымен, Украина және Қырғыз ҰҒА-ларымен, т.б. ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер жүргізіледі. Институт қызметкерлері ІNTAS, UNESCO, МНТЦ, CRDF, Unto-Copernіcus «STEPІCA» жобалары бойынша гранттар ұтып алды. 1991 жылы Жоғары энергиялар физикасы институтының физика-технология бөлімі, электрондық спектроскопия лабораториясы мен Ядр. физика иститутының радиация материалтану жөніндегі ғылыми бөлімшелерінің негізінде Физика-техника институты құрылды. 1996 жылы 11 қарашада қабылданған Қазақстан Үкіметінің «Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Физика-техника институтын, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Жоғары энергиялар физикасы институтын қайта құру туралы» Қаулысына сәйкес құқық сабақтастығы негізінде Қазақстан ғылым академиясының Жоғары энергиялар физикасы институтын оған біріктіру негізінде Физика-технология институты қайта құрылды. Институтта Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының 1 акадидат, 1 корр. мүшесі, 14 ғылыми доктор және 40-тан астам ғылыми кандидат жұмыс істеді. Электрондық оптика бойынша жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша институттың бір топ ғалымдарына ғылыми мен технология саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы (1992, 2001) берілді. Институт қызметінің негізгі ғылыми бағыттары: түрлі салмақты қатты денелер жүйелеріндегі физ. процестерді зерттеп білу және олардың қасиеттерін түрлендірудің ғылыми негіздерін жетілдіру, сондай-ақ жоғары энергиялардағы қарапайым бөлшектер мен ядролардың өзара әрекеттесу динамикасын зерттеу. Институт ғалымдары әлемдік деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізіп келді. Халықаралық конкурстар нәтижелері бойынша Физика-техника иституты бірнеше мәрте Сорос қорының, ІNTAS еуропалық ассоциациясының,NATO, МНТЦ, CRDF (АҚШ) ұжымдық гранттарына ие болды.

Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Ионосфера институты

Үлгі:Main

Астрономия және физика институты

Астрофизика бойынша Қазақстандағы алғашқы зерттеулер 1942 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі жанынан құрылған Астрономия және физика институтында басталды. 1951 жылы Астрономия және физика институтынан дербес мекеме ретінде Астрофизика институты бөлініп шықты. Оның құрамына республика обсерватория да енді. 1950 жылы обсерваторияда КСРО-да тұңғыш рет жарығы күшті телескоп орнатылды. Онда газды-тозаңды тұманданудың бірегей суреттері алынды, олар галактикалық тұмандардың физмка процестерін, олардың морфологиялық құрылымдары мен қоршаған жұлдыздармен байланысын зерттеуге негіз болды. Бақылау астрономиясымен қатар институтта жұлдыздық динамика саласында да табысты жұмыстар атқарылды. Институтта тұжырымдалған BALQSO теориясы (активті ядролардың ерекше класы – жұту жолағы кең галактик-квазарлардың күшті жарықтану қабығының динамикасы мен спектрлерін модельдеу) тұңғыш рет бұрын тәжірибелік деңгейде ғана зерттелген кейбір квазарлардың спектрлеріндегі lіne-lokіng деп аталатын әсерді физика тұрғысынан түсінуге жол ашты. Қазақстанда астрофиз. бақылау атмосфералық-оптикалық зерттеулермен қатар жүргізілді. Олар кейін Астрофизика институтында дамытылды. Ғалым В.Г.Фесенков шашыранды жарықты фотометриялық талдаудың теория және эксперименттік негізін қалады. Кейін атмосфералық оптика бойынша зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапты. Астрофизика институтында іргелі зерттеулермен қатар қолданбалы сипаттағы жұмыстар үнемі жүргізіліп отырды. Ғарыштық аппараттар мен Жердің жасанды серіктеріне бақылау жасау жұмыстарына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта институтта іргелі зерттеулер жүргізіледі. Негізгі ғылыми-зерттеулердің бағыттары: жұлдыздар мен жұлдыздық жүйелер физикасы мен эволюциясы; Күн және Күн жүйесі денелері физикасы.

Ғарыштық зерттеулер институты

1991 жылы құрылған Ғарыштық зерттеулер институты іргелі зерттеулер бағдарламасы аясында төмендегі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді: алыс қашықтықтан барлау, ғарыштық мониторинг негіздері, табиғи-аумақтық кешендерін зерттеу негіздері мен басқаруға арналған ГИС – технологияларын жетілдіру; космостық материалтану мен металл физикасы. Институт құрылымында космостық мониторинг және экология бөлімі, геоақпараттық модельдеу бөлімі, металл физикасы мен космостық материалтану бөлімі, ақпараттық қамту орталығы бар. Институт қолданбалы және ізденістік зерттеулер жүргізеді. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанның егістік жерлерінің аудандары мен дәнді дақыл егуші облыстарының ең ықтимал өнімділігін бағалау жұмыстары орындалды. Қар және өсімдік жамылғысы мониторингі бойынша жасалған жұмыстық карталар мен құрғақшылық мониторингі материалдары ҚР Үкіметі мен Ауыл шаруашылық министрлігіне берілді. Институт АҚШ, Франция, Германия, Австрия, Жапония, Үндістан, Түркия, Қытай, Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдарының қатысуымен бірқатар ірі халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізді. Сонымен қатар АҚШ, Франция, Жапония,Австрия, Үндістан, Израиль, Ресейдің жетекші ғыл. орт-тарымен ынтымақтаса отырып, халықар. ІNTAS, USAІD,CNES, TACІS, ІNCO – COPERNІCUS қорларының гранттары бойынша зерттеулер жүргізеді. Институттың аспирантурасы бар. Жас ғалымдар тәжірибе жинақтау үшін жыл сайын АҚШ, Франция, Жапония, Австрия мен Үндістанның белгілі зерттеу орталықтары мен университеттеріне жіберіледі.

Химия ғылымдары институты

1945 жылы мамыр айында Химия-металлургия ин-тының лабораториялары негізінде Химия ғылымдары ин-ты құрылып, 1946 жылы басқа институттармен бірге жаңадан құрылған Қазақстан ғылым академиясының құрамына енді. 1991 жылы институтқа ғалым, академик Ә.Бектұров есімі берілді. Институтта 232 адам, соның ішінде 122 ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Олардың арасында Қазақстан Мемлекеттік сыйллықтарының 3 лауреаты, 3 Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, 22 ғылыми доктор мен 85 ғылыми кандидат болды. Институт құрамында 12 лаборатория – полимерлер синтезі, ион алмастырушы шайырлар, мұнайхимиялық синтез, дәрілік заттар химиясы, физикалық химия, физиологиялық активті қоспалар химиясы, тыңайтқыштар мен тұздар химиясы, физика-химиялық талдау әдістері, бейорганиктік синтез, бейорганиктік материалдар химиясы, табиғи қоспалар химиясы, аналитикалық химия лабораториялары және патенттік-ақпараттық бөлім жұмыс істейді. Әсерлі аналгетик проксидалдық үш дайын дәрілік формалар жасалып, медициналық тәжірибеге енгізілді. Гипотензивті дәрінің полимерлі буккальды шипалық формасы-клофебукал, никотин қышқылы (РР витамині) технологиясы ойлап табылды және жаңа электрлі диализаторларды қолданып, өнімділігі әр түрлі тұщыландыру қондырғыларының технологиялық сұлбасы жасалды. Алюмосиликатты техногенді қалдықтар негізінде жаңа бейорганик. термокоррозиялық тозуға шыдамды, төзімділігі жоғары шынылар, керамика, шыны-кристалл және композициялық материалдар, сондай-ақ полтоксо қоспалар негізінде катализаторлар, пигменттер, тыңайтқыштар алынды. 1969 жылы Химиялық ғылымдары институтының катализ бөлімі негізінде Органикалық катализ және электрхимия институты құрылды. Институт – Қазақстандағы органикалық катализ саласындағы жетекші ғылыми мекеме. Құрамында 10 лаборатория бар. Олар: адсорбция және катализ, органик. катализ, мұнай-химия, гомогендік катализ, тотығу, катализдік синтез, катализаторларды дайындау технологиясы, катализаторларды зерттеудің физикалық әдістері, электрхимия, аса таза металдар лабораториялары. Институт жанында мұнай-газ өңдеу катализаторларын өндіру, қоршаған ортаны қорғау және автокөліктен шығатын газдарды катализдік бейтараптандыру құралдары бойынша тәжірибелік эксперименттік база жұмыс істейді.
Институттың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  1. катализдің теориялық және іргелі негіздерін дамыту, катализдік әсерді алдын ала болжау теориясын қорыту және оны қолдану мәселелерін шешу;
  2. мұнай мен табиғи газды терең өңдеудің жоғары технологияларын дайындау;
  3. қазіргі заманғы ғылыми әдістерге негізделген жаңа көп әсерлі катализаторларды жасау;
  4. құнды химиялық қоспаларды алудың таза катализдік технологиясын қолданып, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу;
  5. қосалқы шикізат пен пайдаланылған катализаторлардан бағалы металдарды айыру;
  6. сондай-ақ жұқа қабықшалы күн элементтерін алудың электрхимиялық әдістерін жетілдіру.

Соңғы жылдары институт қол жеткізген жетістіктер:

  1. өнеркәсіптік маңызы зор жаңа материалдар мен заттарды әр түрлі органик., бейорганиккалық және мұнай-химиялық синтездеу процестеріне арналған, қасиеттері реттелмелі жаңа буынды кластерлік, наноқұрылымдық, көп функциялы катализаторларды алудың теориялық негіздерін жасау;
  2. ауыр күкіртті мұнайды терең өңдеуге арналған жаңа көп функциялы катализаторлар мен олардың негізінде жаңа технологияларды жасау;
  3. табиғи және сұйытылған мұнай газдарын өңдеу катализаторларын, соның негізінде «алауда» жандырылатын көмірсутекті шикізаттан құнды органик. қоспаларды алу технологиясын жасау;
  4. қосалқы шикізат пен пайдаланылған катализаторлардан құнды металдарды электрхимиялық әдіспен айыру технологиясын жасау;
  5. кадмий теллуридің негізінде жұқа қабықты күн элементтерін электрхим. әдіспен алу технологиясын жетілдіру;
  6. фосфор мен фосфиннің спирттермен өзара әрекеттесуінің жаңа реакцияларын ашу, олардың негізінде фосфорорганик. қоспаларды алудың жаңа «хлорсыз» технологиясын, сондай-ақ көміртегі диоксидінің алкандармен өзара әрекеттесу реакциясын ашу, сөйтіп, жылу электр орт-тарында пайдаланылған газдардағы көміртек диоксидін синтез-газ алу процесіне қолдану және оны құнды органик. қоспаға айналдыру технологиясын жасау.

Блоктық катализдік бейтараптандырғыштар өндіру технологиясы негізінде 1991 жылы қуатты 50 мың бейтараптандырушы (нейтрализатор) шығаратын «Катализатор» бірлескен кәсіпорны (Талғар қ.) құрылды. Институт ойлап тапқан қой жүнінің шайырынан фармакопейлік лонолин алу технологиясы бойынша Алматы облысы Шамалған бекетінде жылдық қуатты 250 т. ланолин өндіру зауыты салынуда. Институтта 145 адам, соның ішінде Ұлттық ғылым академиясының 2 академик, 13 ғылыми доктор мен 49 ғылыми кандидат жұмыс істеді. Аспирантура мен докторантурада үш мамандық бойынша мамандар даярланады. Институтта «химиялық кинетика және катализ», «мұнай химиясы» және «электрхимия» мамандықтары бойынша доктор және кандидат дисс-ларды қорғау кеңесі жұмыс істейді. 1991–2001 жылы институт қызметкерлері 6 доктор және 51 кандидат дисс. қорғады. Институт көп жылдар бойы көптеген шетелдік ғылыми орталықтармен, институттармен байланыс жасайды, ІNCO – COPERNІCUS, МНТЦ (ХҒТО), USAІD, ІNTAS қорлары аясындағы халықаралық гранттар бойынша жұмыс істейді. Институт қызметкерлері Дүниежүзілік катализ жөніндегі конгреске (1992, 2000), Еуропалық катализ жөніндегі конгреске (1993, 1995, 1999), Дүниежүзілік дамушы елдердегі атмосфералық шаң-тозаңдар жөніндегі конгреске (1997), т.б. бірқатар ғылыми форумдарға қатысты. 1991–2000 жылы институттың 15 қызметкері Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Үндістан, Жапония, Израильдің ғыл. орт-тарында тәжірибе жинақтады. 1987 жылы институтқа оның негізін қалап, 20 жылға жуық басқарған акад. Д.В.Сокольскийдің есімі берілді.

Фитохимия институты

1995 жылы Қарағанды қалысында Фитохимия институты құрылды. Институт 9 ғылыми-зертеу лабораториясынан, тәжірибелік фитопрепараттар цехынан, өндірістік фармацевтика кешенінен, ауданы 630 га-дан астам питомниктен, ботаникалық бақ пен дәрілік шипалы өсімдіктер егілген тәжірибелік шаруашылықтан тұрады. Институттың негізгі міндеті – әсері күшті отандық дәрілік препараттар мен өсімдіктерді қорғаудың экологиялық таза құралдары өндірісін жолға қою.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Қазақстанның өсімдік қорларын фитохимиялық зерттеу және жаңа биологиялық активті қоспаларды іздестіру;
  2. табиғи қоспаларды хим. түрлендіру және олардың биологиялық активті аналогтарын синтездеп алу;
  3. табиғи флораны зерттеп білу және пайдалы өсімдіктер интродукциясы; агротехника мен дәрілік өсімдіктерді өңдеу технологиясын ғыл. негіздеу;
  4. өте тапшы дәрілік препараттарды алудың биологиялық әдістерін ойластыру.

Өсімдік шикізатын фитохимиялық зерттеу мен соның негізінде препараттар дайындау саласында Фитохимия институты – республиканың жетекші ғылыми орталықтарының бірі. Бірегей инфрақұрылым шеңберінде отандық фитопрепараттар дайындаудың кешенді технологиялық жоспары іске қосылған (биологиялық активті заттарды іздеу, дәрілік шикізатты өсіру мен өңдеуден бастап фитопрепараттардан дайын дәрілік формаларды өндіру мен сатуға дейін). Институт дәрілік препараттар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын зерттеп, тауып қана қоймай, оларды тәжірибелік және өндірістік көлемде шығарады, технологиялық реттілікті (регламентті) дайындап, жаңа дәрілік формаларды сериялық өндіріске енгізеді. Фитохимия институты – қазіргі заманғы бірегей отандық фитопрепараттарды зерттеу мен өндіру кешені. Институтта жусаннан алынатын сесквитерпенді лактон негізінде ісікке қарсы отандық жаңа «Арглабин» препараты мен 20-дан астам жаңа дәрі-дәрмек ойлап табылды. Ракқа қарсы қолданылатын «Арглабин» препараты өзінің бұрыннан белгілі аналогтарымен салыстырғанда бірқатар артықшылыққа ие: оның уыты жоқ, табиғи шикізаттан жасалады, әсері күшті. Қазіргі уақытта ин-ттың фармөндірісі жылына шамамен 30 мың шыны ыдыстағы лиофизирленген «Арглабин» шығарады.

Органикалық синтез және көмір химиясы институты

1983 жылы Қазақстан ҒА Орталық Қазақстан бөлімшесінің құрамындағы Химиялық-металлургия институтының органикалық химия бөлімі негізінде Органикалық синтез және көмір химиясы институты ұйымдастырылды. 2001 жылы «Органикалық синтез және көмір химиясы институты» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Институт 4 лабораториядан

  1. синтез және физика-химиялық зерттеулер;
  2. биологиялық активті заттар синтезі; полимерлер химиясы;
  3. көмір химиясы лабораториялары) тұрады.

Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:

  1. органикалық заттар құрылысын, олардың түзілу механизмі мен реакциялық қасиеттерін зерттеп білу;
  2. көмірден, сланец пен ауыр мұнай қалдықтарынан жасанды сұйық отын алудың жаңа технологияларын жетілдіру;
  3. аз тоннажды химиялық өнімдері өндірісі үшін Орталығы Қазақстанның химиялық өнеркәсібі қалдықтары мен карбидті ацетиленді өңдеудің ғылыми негіздерін құру;
  4. аймақ кәсіпорындарының кокс химиялық шикізатын өңдеу өнімдерінен алынатын жаңа көп функциялы полимерлердің физика-химияылық негіздерін зерттеу;
  5. жаңа, экологиялық қауіпсіз фармакологиялық және рестицидт активті жасанды заттар дайындау.

Жаңа күшті әсерлі гепатопротекторлық «Цитафат» дәрісі клиникалық сынақ пен технологиялық регламентін дайындау кезеңінен, трихофитозға қарсы жаңа «Антилишай» дәрісі Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркеуден өтуде. Химия, көмір өңдеу және көмір өндіру өнеркәсібінің өнімдері мен қалдықтары негізінде жаңа мономерлер мен полимерлерді алудың іргелі негіздері жасалды. Оларды желім, полимербетон, ағаш сүрүгі дестелер өндірісінде байланыстырушы ретінде, сондай-ақ маталарға, тері илеуге және флатореагенттер ретінде пайдалану мүмкіндігі көрсетілді.

Жаңа химиялық технологиялармен материалдар ғылыми-зерттеу институты

ҚР Министрлер Кабинетінің шешімімен 1992 жылы Жаңа химиялық технологиялармен материалдар ғылыми-зерттеу институты(ЖХТМҒЗИ) құрылды. Институттың негізгі ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыты: Қазақстанда экологиялық таза химиялық технологиялар мен материалдардың теор. және практикалық негіздерін зерттеу. Институт құрамына Қазақ ұлттық университеті химия факультетіндегі 9 кафедраның эксперименттік базалары енеді. Институттың тәжірибелік-өнеркәсіптік базасы «Машина жасау зауыты» АҚ-да орналасқан, ал мамандар даярлау химия факультетінің кафедраларында жүзеге асырылады. Институтта 192 қызметкер жұмыс істеді. ЖХТМҒЗИ қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Қазақстан кен орындарының көміртекті шикізатын өңдеу технологиясын жасау, аз тоннажды өндірісті (шағын зауыттар, қондырғылар, технологиялық тораптар) ұйымдастыру. Институтта химиктер, мамандықтары әр түрлі зерттеушілер ғана емес, конструкторлар, технологтар, химиялық процестерді модельдеумен айналысатын мамандар да жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Приозерск қаласында жылына 100 мың т мұнай мен көмір өңдейтін мұнай-химия кешені салынуда. Келешекте ол қазақстандық ғалымдардың көмірсутекті шикізатты терең өңдеу саласындағы барлық зерттеулерін жүзеге асыруға арналған эксперименттік база болады. Жоба негізіне озық отандық катализаторлар мен технологияларды қолданып, мұнайды құрғату, күкіртсіздендіру, металсыздандыру, ректификаттау, крекинг, риформинг процестері жөніндегі ең жаңа ғылыми жетістіктер алынған. Оған тәуліктік өнімділігі 510 т шағын зауыттағы сынақтар дәлел. Шағын зауыттың құны өнімділігіне қарай 1,5–3,0 млн доллар. Көмірді сұйылту мен жасанды мұнай майлары мен отынның толық ассортиментін өндіруге арналған шағын зауыттар құрастырылып жобаланды. Процестер 40–50 атмосф. қысымда жүреді, бұл шетелдік аналогтарға қарағанда 10 есе аз. Көмір зауыттарының тәуліктік өнімділігі 30200 т, құны 1,53 млн доллар. Өнімділігі 20 мың т шағын мұнай зауыты жобаланып, оның құрылысы Қапшағай қаласында басталды.

Атырау мұнай және газ институты

1999 жылы Атырау мұнай және газ институты мен Химия, мұнай және табиғи газдар институтының негізінде Атырау мұнай және газ институты ұйымдастырылды. Батыс Қазақстан өңірінде мұнай химиясы мен табиғи газдар мәселелерін зерттеуге мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемесі Атырау қаласында орналасқан. Химия, мұнай және табиғи газдар институты 1960 жылы Қазақстан ғылым академиясының Мұнай институтының негізгі бағыттар бойынша екі дербес институтқа: Геология және геофизика институты (қазіргі Қазақ геология барлау ғылыми-зерттеу институты – Қазақ ГБҒЗИ) мен Химия, мұнай және табиғи тұздар институтына бөлінуі нәтижесінде құрылды. Институт құрамында химия және мұнай өңдеу, мұнайдың физика қасиеттерін зерттеу, мұнай-химиялық синтез, химия-аналиттикалық, гетероорганикалық мұнай қоспалары, жоғары молекулалық жүйелер, бейорганикалық тұздар мен тыңайтқыштар, табиғи тұздар геохимиясы, мұнай битумды жыныстар химиясы мен технологиясы, тұтқырлығы жоғары мұнайды зерттеу (1984 жылдан бері, Алматы қаласы) лабораториялары мен бірқатар қосалқы және қызмет көрсетуші бөлімшелер жұмыс істейді. Институт қызметінде мұнай-химия және минералды шикізатты пайдалану мәселелері басты орын алады. Институт қазіргі заманғы ғылыми аппаратура – масспектрометрмен, инфрақызыл спектометрмен, мұнайды ректифрикаттау аппаратымен, консистометрмен, хроматографтармен, спектрофотометрмен, радиоспектрометрлермен, дериватографпен, тіркеуші РН-метрлермен және т.б. жабдықталған. Бұлардың көмегімен мұнай және мұнай өнімдерінің, олардың негізіндегі органикалық қоспалардың құрылымы мен құрамын анықтаудың әр түрлі мәселелері шешіледі.
Институт жүргізген зерттеулердің ең маңызды нәтижелеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. жаңа кен орындарындағы (Бозащы, Қарашығанақ, Жаңажол, Кенқияқ) мұнайдың құрамы мен қасиеттерін зерттеу циклі негізінде оларды өңдеудің ұтымды жолдары анықталды;
  2. жаңа дисперстік өткізгіштік құбылысы табылды;
  3. көмірсутекті сұйықтардың тұтқырлығы мен тығыздығы арасындағы корреляциялық тәуелділік ашылды;
  4. Каспий маңы мұнайының сапасын палеозой мен мезозой өндірістік кешені бойынша болжау карталары жасалды;
  5. автомобиль жолдары құрылысында қолданылатын жаңа битумды минерал қоспалар алынды;
  6. мұнай-битумгенозды жыныстардан көмірсутекті шикізат алу әдісі мен мұнай эмульгаторларын бөлудің жалпы әдістемесі табылды;
  7. германий туындылары синтезі мен сульфидтерді синтездеудің жаңа тәсілдері ойластырылды;
  8. мұнай және мұнай өнімдері сапасын бақылаудың шұғыл әдістері жасалып, іске қосылды;
  9. мұнай, мұнай өнімдері мен газдарды күкіртті қоспалардан, азот пен металпорфиндік кешеннен тазарту әдістері ойлап табылды, мұнайды қосымша өңдеу процестеріне арналған анағұрлым арзан тұрақты катализаторлар мен мазут, мұнай қалдықтары, асфальтендерден ванадий мен ион алмастырғыш шайырларды алу тәсілдері, түсті және платиналық металдар экстраленттерін алуға қажетті циклогександы синтездеу әдістері, кремнийлі мономерлер алудың жаңа амалы табылды;
  10. Каспий маңы ойпаты қойнауындағы бор, калий-магний және бром қорларына, бораттар мен калий тұздарына кешенді болжамдық баға берілді;
  11. бор шикізатын пайдаға асыру дәрежесін 88–96%-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін натрий, калий және кадмий тетраборатын алу тәсілі ашылды;
  12. мұнай ұңғымаларын бекітуге арналған тампонажды ерітінділердің тиімділігін арттыру тәсілдері қарастырылып, іске қосылды.

Институттың кейбір еңбектерінің авторлық ұжымдары 1980 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы және И.М.Губкин атындағы сыйлыққа ие болды. Институт Қазақстан мен ТМД-да танымал болған 10 ірі қорытынды жұмыстар мен монографиялар шығарды. Институт мұнай химиясы мәселелері бойынша бірқатар бүкілодақтық симпозиумдар (1981, 1983, 1995) өткізген.

Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Геологиялық ғылымдар институты

Үлгі:Main

Кен ісі институты

Үлгі:Main

Сейсмология институты

Үлгі:Main

География институты

Үлгі:Main

Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты

Үлгі:Main

Ботаника және фитоинтродукция институты

Үлгі:Main

Зоология институты

Үлгі:Main

Молекулалық биология және биохимия институты

Үлгі:Main

Микробиология және вирусология институты

Үлгі:Main

Жалпы генетика және цитология институты

Үлгі:Main

Адам мен жануарлар физиологиясы институты

Үлгі:Main

Хирургия ғылыми орталығы

Үлгі:Main

Физиология және еңбек гигиенасы институты

Үлгі:Main

Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы

Үлгі:Main

Қазақстан Республикасының Тағамтану институты

Үлгі:Main

Әдебиет және өнер институты

Үлгі:Main

Тіл білімі институты

Үлгі:Main

Тарих, археологиялық және этнологиялық институты

Үлгі:Main

Археология институты

Үлгі:Main

Шығыстану институты

Үлгі:Main

Философия және саясаттану институты

Үлгі:Main

Қазақстан Даму институты

Үлгі:Main

Экономика институты

Үлгі:Main

Экономикалық зерттеулер институты

Үлгі:Main

Экономика және құқық институты

Үлгі:Main

Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы

Үлгі:Main

Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ астық және оны өңдеу өнімдері ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты

Үлгі:Main

Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Солтүстік мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ ет және сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу конструкторлық институты

Үлгі:Main

Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ технологиялық ауыл шаруашылық техникасын пайдалану және жөндеу ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Main

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>