Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Қарағанды қаласы). 1958 ж. құрылған.

1984 жылға дейін Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты, 1984 жылдан Еңбек гигиенасы және физиология институты атымен аталды. Орталықтың негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты – Қазақстанның әр салалы кәсіпорындарындағы еңбек гигиенасы және кәсіби патологиялық аурулар мәселелерімен шұғылдану. Институтта 4 бөлім: ғылыми-ұйымдастыру; еңбек гигиенасы (еңбек физиологиясы және эргономика, өнеркәсіп гигиенасы, ой еңбегі физиологиясы мен гигиенасы, мұнай-газ өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы лабораториялары); медицина экологиясы (экологиялық гигиена және биохимия, өнеркәсіптік токсикология, цитохимия және цитоморфология, экологиялық гигиена молекулалық-биохимиялық, цитогенетикалық зерттеулер); кәсіби патология (кәсіби неврология, шаң-тозаң патологиясы, кәсіби аллергоздар, өндіріске байланысты аурулар лабораториялары).

Өскемен, Ақтөбе мен Шымкент қалаларында 3 бөлімшесі бар. Еңбек жағдайында ғылымға негізделген шаралар жасап, көмір, тау-кен кентастары, металлургия, химия өнеркәсібіндегі кәсіби ауруларды азайту, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жүргізеді. Орталық Қазақстан жағдайында экологиялық және өндірістік ортаның бірлігі; көмір, тау-кен өнеркәсібі жұмысшыларында өндіріске байланысты патологияның проблемалары; жұмыс істеушілердің генетикалық аппараты мен репродуктивті денсаулығына бірқатар экоөндірістік факторлар әсерінің тұжырымдамалары жасалды. Ресей, Бельгия, Франция, Германия ғалымдарымен бірлескен зерттеулер жүргізіледі. Зерттеулердің нәтижелері халықаралық конференцияларда, съездерде, конгрестерде талқыланады. Орталықта 11 ғылыми доктор, 36 ғылыми кандидат еңбек етеді. Ұлттық орталықтың құрметті директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академик Ғ.Құлқыбаевқа бюст орнатылып, мемориал тақта қойылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.ncgtpz.kz/language/kz/main/index.php

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}