Жалпы генетика және цитология институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалпы генетика және цитология институты - 1995 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің №430 қаулысы негізінде қазіргі заманғы генетиканың және цитологияның өзекті мәселелеріне іргелі ғылыми-зерттеулер жүргізу және осы мамандықтар бойынша жоғарыбілімді мамандар даярлау мақсатында құрылды. ҚР Білім және ғылыми комитетінің Биология зерттеулер орталығы республиканың мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Жалпы генетика және цитология институты еншілес мемлекеттік кәсіпорны ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы №195 қаулысына сәйкес қайта құрылды.

Құрылымы

Жалпы генетика және цитология институтының құрамына 5 ғылыми лабораториялар кіреді:
1.Молекулалық генетика лабораториясы
2.Экспериментальды мутагенез лабораториясы
3.Мониторинг генетикасы лабораториясы
4.Жануарлар генетикасы және цитогенетикасы лабораториясы
5.Орман дақылдары генетикасы және репродукциясы лабораториясы
Жалпы генетика және цитология институты Қазақстан Республикасында клеткалық биология және генетика саласында жоспарлы түрде іргелі ғылыми-зерттеу жүргізетін бірегей мекеме болып табылады. Институтта қазіргі заманғы генетиканың негізгі бағыттарының бірі – эу- және прокариоттар геномдарының мутациялық өзгерістерінің механизмдері және заңдылықтарына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазірге дейін Институт қабырғасында бірнеше ғылыми-зерттеу тақырыптары және жобалары іске асырылып, осы арқылы мынадай маңызды нәтижелер алынды: Қазақстанда алғаш рет жаңа ғылыми бағыт, эукариоттардағы генетикалық тұрақсыздық мәселесі генетикалық классикалық объект дрозофила шыбынында қарастырылды. Қазақстан Республикасы бойынша Институтқа қарасты молекулалық генетика лабораториясында ғана дрозофила шыбынының бірегей коллекциялық базасы құрылды. Аталған коллекция негізінде молекулалы-генетикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде және жоғары оқу орындарында оқу жүйелерінде кеңінен қолданылуда. Дрозофила шыбынының онковирустармен индукцияланған ісікті мутантты линиялары (сүтқоректілер ісіктерімен ұқсас) және стресске ұшыраған тәжірибелік егеуқұйрықтар негізінде клеткалардың бағдарланған өлімі (апоп <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Басым бағыттары

Институт қызметінің басым бағыттары: ұйымдасу деңгейі әр түрлі эукариотты организмдер геномын құрылымдық-функционалдық талдау; прокариотты және эукариотты организмдердегі мутация процесінің механизмдері мен заңдылықтарын зерттеу, ко- және антимутагенез мәселелерін зерттеу, табиғи генотоксиканттардың әсері салдарларына талдау жасау; белгілерді генетик. және цитогенетикалық талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және жетілдіру; онтогенездің цитогенетикалық және молекулалық-генетикалық негіздері және оларды реттеу. Қазақстанда алғаш рет эукариоттардағы генетик. тұрақсыздық мәселесі – генетика саласының классик. объектісі дрозофила (Drоsophіla) шыбынында қарастырылатын жаңа ғылыми бағыт дамыды. Молекула генетика лабораториясында дрозофила шыбынының бірегей коллекциясы құрылып, осы коллекцияның негізінде молекула-генетикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі және жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылады. Институт жалпы генетиканың үш ірі тарауы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар мутагенез, даму генетикасы және жалпы цитогенетика. Қазіргі уақытта институтта мутагенез бөлімі жұмыс істейді, оның құрамына мутагенез және генетик. мониторинг лабораториялары енеді. Бөлім мутациялық процесс пен оның вирустарда, бактериялар мен эукариот клеткаларында түрлену жолдарын зерттеу мәселелерімен айналысады. Химия және физика мутагендердің әсерін салыстырмалы талдау арқылы вирустар мутагенезі мен олардың түрлену заңдылықтарын анықтауға бағытталған тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Институтта экологиялық бағыт бойынша зерттеулер де – радиацияның және өндіріс химикаттарының зардаптарын тартқан адамдардың перифериялық қан үлгілері, ДНК молекуласы мен сұйық азотта сақталып жатқан лимфоциттерін қолдана отырып адам организміне антропогендік факторлардың әсерлерін гендік, хромосомалық және популяциялық деңгейлерде зерттеудің кешенді технологиясы жүргізілуде. Drоsophіla melanogaster-ге және адам клеткаларына генетикалық әсерін салыстырмалы талдау әдісін қолданып, тұмау вирусының мутагендік потенциалы зерттелді. Мутагенез бөлімі алған аса маңызды мәліметтер организмді радиациялық және химиялық факторлардың жоғары дозалары әсерінен қорғау мәселесінің теория және практикалық аспектілерін шешу мүмкіндіктеріне жол ашты. Оның біздің экологиялық жағдайы нашар аймақтар үшін мәні зор. Ұлыбритания, Финляндия және АҚШ-тың ғалымдарымен бірлесе отырып, институт ғалымдары Қазақстанда мән-маңызы өте зор ғыл. жаңалық ашты: радиацияға ұшыраған адамдардың немерелері (3-ұрпақ) ата-аналарынан берілетін «мутациялық күшке» тәуелді емес екендігі, ал жыныс жасушаларындағы гендік мутациялар қоршаған ортаның радиац. ластануына тікелей байланысты болатындығы анықталды. Генетикалық мониторинг және молекулалық генетика лабораториялары радиациялық пен өндірістік мутагендердің әсеріне бейімделушілік, жеке радиосезімталдық және радиотөзімділік, сондай-ақ эукариотты организмдердің генетик. тұрақсыздығы мәселелерін зерттеумен айналысады. Фитогенетика және цитогенетика лабораториясында зерттеулер 2 негізгі бағытта жүргізілді:

1) морфологиялық белгілерді генетикалық бақылау механизмімен байланысты;
2) мутагенді белсенділігі жоғары аймақтарда пайда болатын хромосомалық бұзылулар спектрлерін талдаумен байланысты Қазақстанның экол. цитогенетикасы бойынша жүргізілетін зерттеулер. Жануарлар генетикасы және цитогенетикасы лабораториясында а. ш. жануарларының биол. өнімділігі бағытында маңызды зерттеулер жүргізіледі. Институт ұйымдасқаннан бастап тұмау вирусы бойынша жоспарлы түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Мысалы, 2009 жылы көктем айында Мексикада шығып, бүгінгі таңда көптеген елдерге таралған A/HINI тұмауымен күресу, оның вирусына қарсы вакцина жасап шығару әрі оған байланысты т.б. мәселелер бойынша ҚР Білім және ғыл. мин-лігі өткізген конкурста ин-т ұжымының осы мәселе жөніндегі бағдарламасының жобасы дұрыс әрі тиімді деп танылып, конкурс жеңімпазы атанды; қазіргі кезде осы A/HINI тұмауын пәрменді түрде жан-жақты зерттеу жұмысы жүргізілді. Ин-т ғалымдары дүние жүзі ғалымдарымен қатар аса қауіпті «доңыз тұмауына» қарсы өз вакцинасын жасап шығару технологиясын меңгерудің нәтижесінде әлемдегі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресейден кейінгі алтыншы ел болды. Биол. қауіпсіздік проблемалары ғыл.-зерт. ин-тының ғалымдары 2009 ж. 7 желтоқсанда Астана қ-нда NIBRG-121х р рекомбинаттық штаммы негізінде А/H1N1 тұмауына қарсы жасап шығарған RefluvacR деп аталған инактивтендірілген вакцинасының тұсаукесерін өткізді. Орман дақылдары генетикасы және репродукциясы лабораториясында Қазақстандағы орман өсімдіктерін сақтау әрі түрлі белгілерін жүйелі түрде зерттеу жұмыстарымен айналысады. Биотехнологияның әдістемелік көмегімен қылқан жапырақты орман ағаштарын (тікенді шырша, Шренк шыршасы, Қырым қарағайы, Шығыс биотасы, қарапайым қарағай, т.б.) жылдам өсіру технологиясы жасалды. 1995 жылдан бері институтта 11 ғыл. канд. (оның ішінде 1-еуі қазақ тілінде) және 2 филос. докт. (РhD) дәрежесін алу үшін ғыл. дисс. қорғады. Институтта 62 адам (2009) жұмыс істейді, оның ішінде 6 ғылыми доктор, 2 ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад., 11 ғылыми кандидаттары, 2 филосов доктор (РhD) бар. Институттың жас мамандары АҚШ, Франция, Италия, Жапония, Ресей және Украина ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өтті. Институт қызметкерлері күшімен осы кезге дейін отандық және шет ел ғылыми баспаларында 600-ден астам ғылыми мақалалар, 4 монография (оның ішінде 1-еуі қазақ тілінде), 2 оқулық және жоғары оқу орындарына арналған 5 оқуәдістемелік құралдары жарық көрді, сондай-ақ 7 авторлық куәлік алынды. 2003 жылы 26–27 наурызда Қазақ ұлттық ун-тімен бірлесіп Генетика және селекция саласының жетістіктері және қазіргі мәселелері тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізілді.

Дереккөздер

<references/>