География институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

География институты немесе ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің География институты — Қазақстан ғылым академиясының География секторы, негізінде 1983 ж. құрылған.

Институтта Қазақстан аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында 4 кешенді лабораториялар жұмыс істейді.

  • Гляциология лабораториясы гляциология саласындағы өзекті мәселелермен — мұздықтар жүйесінің мониторингі, мұздықтар дамуына әрдайым бақылау, онда болып жатқан өзгерістердің бағыты, жылдамдығы мен көлемі, мұздықтар мен мұздық ағындарының эволюциясын болжау моделін жасау, т.б. шұғылданады. Мұздықтардың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы ғыл. дәлелденген деректерінің практикалық маңызы зор. Ол ирригация, энергетика, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар дайындау кезінде бұрынғы климаттық көрсеткіштерге сүйенуге болмайтынын ескертеді. Мұздықтар құрғақшылық жылдары халық шаруашылығын сумен қамтамасыз ететін су көздерінің бірі болып табылады. Институттың осы саласында Г.А. Авсюк, Ғ. Тоқмағамбетов, П.А. Черкасов, И.В. Северский, В.П. Благовещенский, т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.
  • Ландшафттану, геоморфология және топонимика саларынан тұратын лаборатория Қазақстанның жер бедерінде болып жатқан экзогендік табиғи құбылыстарды, антропогендік факторлардың әсерінен өзгеріп жатқан құрылымдарды зерттейді. Ландшафттық зерттеулерде Қазақстан аумағын ландшафттық картаға түсіру, шөлді және таулы жерлердің ландшафтарын одан әрі жіктеуде, республикалық жерін табиғи-географиялық аудандарға бөлудің теориясы мен әдістемесіне 1950 жылдардың орта кезінен ғана дамып келе жатқан қолданбалы ландшафт тану және бүкіл респ. жері мен жеке бөліктерін аудандарға бөлудің сұлбасына қатысты мәселелерді қамтитын бағытта жүргізіледі. Ландшафт тану және геоморфология ғылымдарының ин-тта одан әрі дамуына Г.Ц. Медоев, З.А. Сварричевская, М. Жандаев, Ә. Сәрсенов, Г.В. Гельдыбаева, Е. Нұрмәмбетов, С. Әбдірахманов, А. Медеу, Ф. Ақиянова, т.б. зор еңбек етті.
  • Таулы аймақ геоэкологиясы лабораториясы Қазақстанның таулы өлкелеріндегі қар жамылғылары мен қар көшкіні құбылыстарын, зерттеумен айналысады. Лаборатория мамандары қар жамылғыларының қандай биіктікте орналасуы, оның әртүрлі табиғат жағдайларында қалыптасу процестерін, таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимі мен ондағы метаморфтық процестерге байқау жүргізеді.
  • 1989 жылдан География институтында “Еліміздің геоэкол. зерттеулерін кеңейту үшін аймақтық және дүниежүз. геоэкол. процестерді кешенді зерттеу”, “Экология бағдарламасы”, “Қоғам және арақатынас проблемаларын шешудің табиғи-ғыл. базасы ретінде кешенді жер тану теориялық негізін дайындау” бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

География институтында халықар. байланыстар жолға қойылған. Институт Қытай ғылым академиясының Гляциология және геокриология институтының арасындағы келісім бойынша, 1989 жылдан бастап Қытай ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтымен “Орталық Азияның құрғақ аудандарының геоэкологиялық проблемалары” бойынша іргелі зерттеулер жүргізілуде. Келісім бойынша екі ел арасында бірнеше халықараралық экспедициялар өткізілді. Сонымен қатар, Американың, Францияның, Англия мен Жапония, т.б. елдердің эколог-географтармен және ірі фирмалар мен концерн басшыларымен тығыз байланыстар орнатылды. Институт ғалымдары көптеген халықаралық кеңестерге, симпозиумдерге қатысып, баяндамалар жасады. Лабораторияның топонимика тобы Қазақстан аумағындағы жер-су аттарын зерттеумен шұғылданады.

Институттың су-экологиялық лабораториясы гидроэкологиялық және математикалық модельдеу топтарынан тұрады. Лаборатория Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалану проблемасының географиялық аспектісін, су көздерінің, өзендер мен көлдердің дамуын зерттейді. Зерттеу нәтижелері негізінде алынған мағлұматтарды Қазақстанның кейбір су қоймаларында қалыптасқан экологиясы ауыр жағдайды сауықтырудың ғылыми әдістерін жасау үшін қолданады. Су-экологиялық зерттеулерде А. Тұрсынов, Т. Омаров, П.П. Филонец, И.М. Мальковский, Ж. Достай, т.б. гидролог ғалымдардың еңбегі сіңді.

Институтта мүлдем жаңа ғылыми бағыт ретінде, шаруашылықтың табиғатқа тигізген әсерінен қалыптасқан геожүйе тепе-теңдігінің бұзылу мүмкіндігі және оны болдырмау жолдарын ойластыру мәселелерін шешу үшін геожүйелік мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды.

География институтының ғалымдары

  • “География мәселелері” атты 30-ға жуық,
  • Қазақстанның кейбір облыстарының экономикалық географиясына арналған монография,
  • 2 томдық “Қазақ КСР-інің атласын” және
  • Қазақстан Республикасының ландшафттық және геоморфологиялық карталарын, т.б. ғыл. еңбектерін жарыққа шығарды.

1983 жылы Қазақстан ғылым академиясының географиялық секторы негізінде География институты ұйымдастырылды.

Ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  1. физика және әлеуметтік-экономика география мәселелері;
  2. табиғатты қорғау және тиімді пайдалану;
  3. Қазақстанның су қорларын ұтымды пайдалану мәселесінің география аспектілері;
  4. мұз басудың табиғи эволюциясын, қар жамылғысының қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын, сондай-ақ гляциалды-нивалды табиғи апатты құбылыстарды зерттеу.

Институт Қазақстан табиғатын тануға, сондай-ақ Орталық Азияның көршілес елдерінің табиғи ресурстық қуатына ғылыми негізді баға беруге және әлеуметтік-экономика даму бағдарламалары мен жоспарларын құруға елеулі үлес қосты. Институт қызметінің бүкіл кезеңінде қазіргі заманғы географияның барлық бағыттары бойынша тақырыптық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулердің нәтижелері көптеген монографияларда, тақырыптық жинақтарда және географиялық ғылымдарының әр түрлі аспектілері бойынша 100-ден астам карталардан тұратын екі томдық Қазақстан атласында толық сипатталған. Институт зерттеулерінің нәтижелері Қазақстан экономикасын дамыту жоспарларын, кең ауқымда тың және кенді аймақтарды игеру жобаларын жасауда, Маңғыстау түбегі мен Шығыс Қазақстанның табиғи-экономика қуатын бағалауда, Іле-Балқаш, Каспий және Арал бассейндері мәселелерін шешуде кеңінен қолданылып келеді. 1945 жылы Химия-металлургия институтын қайта құру нәтижесінде Металлургия және кен байыту институты құрылды. Институттың ғылыми қызметкерлері арасындағы ғылыми доктор саны – 21; ғылыми кандидаттары – 40; Ұлттық ғылым академиясының акад. – 2, Ұлттық ғылым академиясының корр. мүшелері – 3-еу болды.
Институт құрамында 15 лаборатория

  1. пирометаллургиялық процестер;
  2. автогенді процестер;
  3. электртермиялық процестер мен конвертерлеу;
  4. қоспа металдар;
  5. вакуумдық процестер;
  6. отқа төзімді материалдар;
  7. термохимиялық процестер;
  8. байыту мен гидрометаллургияның арнайы әдістері;
  9. сирек шашыранды элементтер;
  10. сирек металдар;
  11. титан және магний;
  12. глинозем және алюминий;
  13. байыту;
  14. физ. талдау әдістері;
  15. химиялық талдау жұмыс істейді.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыты – геология саласының ғылыми мәселелері және кен-металлургия саласындағы минералдық қорларды кешенді пайдалану. Институт «Түсті, сирек металдардың минералдық және техногенді шикізатын кешенді өңдеу барысында көп құрамды жүйелердегі құрылымдық фазалық түрленулер мен өзара әрекеттесулердің физикалық-химиялық негіздерін құру» тақырыбы бойынша іргелі зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыратын бас ұйым болып табылады.
Институттың маңызды жетістіктері:

  1. автогенді процестерді жетілдіру мен игеру (мәселен, мыс-мырыш концентраттар мен өнеркәсіп өнімдерін қорытудың кивцэттік әдісі Ертіс мыс қорыту з-тында өндіріске енгізілген);
  2. сұйық штейнді-шлакты балқыма ваннасында сульфидті концентраттарды қорыту процесі (Ванюков процесі);
  3. дүние жүзінде тұңғыш рет электрқорытпаның сұйық шлактарын флюстер мен жылу ұстағыштар ретінде қолдана отырып, мысқа бай штейндерді конвертерлеу, электртермиялық әдіспен конвертерлік шлактарды қалпына келтіруді қамтитын Жезқазған мыс концентраттарын өңдеу технологиясы жасалды;
  4. ерекше улы сульфидті материалдарды пиросұрыптаудың вакумдық процестері және түсті, сирек металдарды вакуумдық дистилляция әдісімен тазарту жүзеге асырылды;
  5. екінші ретті қорғасын шикізатын балқытудың электрлі термиялық әдістері және агломерациялық күйдіру мен қорғасын шикізатын шахталық әдіспен қорытудың тотықтыру-тотықсыздандыру технологиялары зерттелді, бұл саладағы зерттеулердің бірқатары қорғасын зауыттарында іске қосылды;
  6. өндірістік көлемде Қаратау фосфориттері мен ванадийлі кварциттерін бірге қорыту процесі жүзеге асырылды, тәжірибелік-өндірістік көлемде фосфорлы өнеркәсіп өнімдері мен өңделген шикізаттан ванадий мен ниобийді сұрыптап алу процесі игерілді;
  7. тозбайтын шойын мен шойын өнімдерін қорытуда фосфорлы қорытпаларды пайдалану арқылы жоғары экономика тиімділікке қол жеткізілді;
  8. титан саласы мен глинозем өндірісінің өнеркәсіптік өнімдерінен ванадий тотығын алудың экстракциялық технологиясы игерілді;
  9. кремнийі мол боксит шикізатын кешенді өңдеу әдісі мен қызыл шламдар мен нефелиндерді бірге өңдеу технологиясы, сондай-ақ Қазақстанның сапасы төмен бокситтерін өңдеудің технология сұлбасы Павлодар алюминий зауытында игерілді;
  10. галламды металлургия игерілді;
  11. баланстан тыс әрі сұрыпталмаған полиметалл және алтын кентастарын өңдеудің биогеотехнол. процестері зерттеліп игерілді;
  12. Васильков кен байыту комбинатының қондырғысында төменгі сұрыпты кентастан алтын алу мен пайдаланылған жыныстар мен ағынды суларды цианид пен күшәладан тазартудың тиімділігі жоғары экологиялық таза бактериялы-химиялық технологиясы игерілді;
  13. осмий, рений, молибден мен басқа элементтерді алу әдістерін игеру шикізатты кешенді пайдалану дәрежесін арттырып, тұңғыш рет жоғарыда аталған элементтер өндірісін ұйымдастыруға жол ашты.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:География институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}