Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігінің экономикалық зерттеулер институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігінің экономикалық зерттеулер институты. Институт 1961 жылы құрылған (1989 жылға дейін Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеу институты, кейін Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институты болып аталған). Институт республика экономикасын дамытуға қатысты нақтылы ғылыми негізделген ұсыныстар жасаумен бірге қолданбалы сипаттағы экономикалық зерттеулер де жүргізеді. Институт қызметкерлерінің жалпы саны 89 адам. Оның ішінде 63 ғылыми қызметкер, 3 экономика ғылыми доктор, 9 ғылыми кандидаты болды. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты: елдің экономикалық стратегиясын жүзеге асыру барысын ғыл. тұрғыдан қамтамасыз ету, экономика жағдайға талдау жасау мен оның дамуындағы перспективаларға болжам жасау, Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасуына, орнықты экон. дамуға, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына ат салысу болып табылады. Институтта дайындалған жұмыстар негізінде жекешелендіру, нарықтық инфрақұрылым түзу, баға, қаржы, бюджет және салық саясаты, ұлттық валютаны тұрақтандыру, шетелдік инвестицияларды тарту, еркін экон. аймақтар құру, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту, шикізат саясаты, құрылымдық және өндірістік саясат, экономика қауіпсіздік пен тәуелсіздік, сыртқы экон. саясат, көпсалалы корпорациялар құру, т.б мәселелер бойынша республика үкіметі бағдарламалық құжаттар топтамасын қабылдады. Сонымен қатар түрлі мәселелер бойынша әдістемелік материалдар жасалды, оның қатарында 18 ұлттық бағдарламаның үкімет тарапынан қабылданғанын айтуға болады. Соңғы жылдары институттың қатысуымен Қазақстан Республикасының 2000–2002 жылдарға арналған кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес туралы, 2001–2003 жылдарға арналған ауыл инфрақұрылымы мен әлеуметтік саласын дамыту және 2005 жылға дейінгі кезеңдегі Астана қаласын әлеуметтік-экон. дамыту туралы мемл. бағдарламасы жасалды. Институтта 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздегі өндірістік күштердің орналасуы мен дамуының моделі жасалды. Бұл кешенді құжат 15 жылдық кезеңде ұлттық экономиканың дамуы мен елдің әлеуметтік-экономика деңгейін көтерудің бағыттарын айқындайды. Құжатта маңызды мәселелерді елдің жалпы экономика қуаты мен нақтылы салалық және аймақтық қайта құру жобаларына негіздеп, әрбір облыстың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып шешу жолдары мен жаңа құрылыстар салу немесе оларды қуаттандыру мәселелері қарастырылған. Институт Қазақстан аумағы мен өзге де шет жерлерге таралатын белгілі «Аль Пари» экономика журналының құрылтайшысы болып табылады. Нарықтық қатынастар институты 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті жанынан Қазақстан ғылым академиясының Қарағанды бөлімшесі болып құрылып, кейін Қазақстан Республикасы ҒМ–ғылым академиясының Нарықтық қатынастар институты болып қайта жасақталған. 2000 жылы Қарағанды мемл. университетімен бірігіп, институт пен университеттің экономика факультеті негізінде экономика бойынша ғылыми-зерттеу кешені болып қайта құрылды. Институтта қазіргі уақытта 27 адам жұмыс істейді, ондағы 20 ғылыми қызметкердің 4-еуі экономика ғылым докторы, 8-і ғылыми кандидаты. Институт әлеуметтік-экономика өзгеру жағдайындағы ұлттық экономиканың мезодеңгейінің заңдылықтарына іргелі-қолданбалы зерттеулер жүргізеді, аймақтар деңгейіндегі процестерді реттеу жөнінде ұсыныстар жасайды. Институтта кандидат дисс. қорғалатын мамандандырылған дисс. кеңес жұмыс істейді. 1991–2001 жылдар аралығында 350-дей ғылыми мақалалар, 10 монография жарияланды, қолданбалы зерттеулерді орындауға арналған 5 республика және 1 халықаралық грант алынды. Жыл сайын ғыл. еңбектер жинағы шығарылады. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}