Астрофизика институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Астрофизика институтыҚР Ғылым Академиясының астрономия және астрофизика зерттеулер жүргізетін ғылым-зерттеу мекемесі. Ол 1950 жылы Астрономия және физика институты негізінде құрылған.

Астрофизика институты Алматы қаласының орталығынын 14 км жерде, теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте, Құмбел жотасының етегінде орналасқан. Институттың құрылуына және қалыптасуына В.Г.Фесенков пен Г.Л.Тихов көп еңбек сіңірді. Астрофизика институтының негізгі бақылау құрал-жабдықтары: планеталарды бақылайтын 70 см-лік рефлектор, жарық күштілігі жоғары 50 см-лік Максутов телескопы, Күнді бақылайтын горизонталь орнатылған «АЦУ-5» телескопы, 50 см-лік үлкен коронограф, 50 см-лік Герц рефлекторы, 20 см-лік рефрактор, 20 см-лік Шмид камерасы, Лио жүйесіндегі коронограф және Күн хромосферасы мен фотосферасын бақылайтын телескоп. Институттың құрамында астрофизика, жұлдыздар динамикасы, Күн физикасы, қолданбалы спектр фотометриялық зерттеулер, астрономия приборлар жасау бөлімдері және 5 лаборатория (абсолют жұлдыздық спектрофотометрия, Ай және планеталар физикасы, аспаптық астрономия, атмосфера-оптикалық спектрлік зерттеулер және атмосфера оптикасы) бар.

Эксперименттік базасыобсерватория, Күн обсерваториясы (Үлкен Алматы каналы маңында) және Асы-Түрген обсерваториясы. Ғылым-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары – галактикадан сырты астрономиясы, Ай және планеталар, Күн және планеталар байланысы, Галактиканың құрылымы мен динамикасы, Күн жүйесіндегі кіші денелер мен метеорлық зат, жасанды аспан денелері, тағы басқа.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Астрофизика институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}