Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ мұнай ғылыми - зерттеу геологиялық барлау институты - Қазақстан Республикасы геологиялық қызметінің жүйесіндегі мұнай мен газ жөнінен мамандырылұан бірден-бір салалық ғылыми-зерттеу мекемесі. Атырау қаласында орналасқан. Институт 1946ж. академик Қ.Сәтбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстанның батысындағы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Орал - Ембі ғылыми - зерттеу базасынан өсіп шықты. 1956ж.

Мұнай институты болып қайта ұйымдасты, 1960ж. геология және геофизика институтына айналды, 1972ж-дан осы атауымен белгілі. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары: Батыс Қазақстанның мұнай және газ кен орындарының геологиялық құрылысын зерттеу және орналасу заңдылықтарын анықтау; мұнай - газ қорларына болжамдық және өндірістік баға беру және мұнай мен газға жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын анықтау; мұнай ұңғымаларынан сынама алу мен сынақтан өткізудің әдістерін жетілдіру және бұрғылау технологиясын және бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін жақсарту; түрлі мақсаттағы тәжірибелік - әдістемелік жұмыстарды жүргізу; терең ұңғымаларды бұрғылаудың жобалық - сметалық құжаттарын жасау; сыртқы экономикалық байланысты жүзеге асыру, өз зерттеулерінің нәтижелерін сыртқа шығару және шетелдік фирмалармен бірлескен зерттеулер жүргізу. Институт зерттеулерінің ең маңызды теориялық және қолданбалық нәтижелері: Каспий маңы ойысының, Оңтүстік Маңғыстаудағы Бозащы түбегінің шөгінді тысының тереңдегі құрылысын кешенді зерттеу және осының негізінде аймақтардың мұнайлылығының, газдылығының келешегін болжау, мұнай жиылуының ірі аймақтарын және олармен байланысты кен орындарды айқындау; Қазақстан жерін мұнай мен газға деген келешегінің дәрежесіне қарай мұнай-газ геологиялық аудандастыру; 1978ж. баспадан шыққан 1:500 000 масштабтағы "Қазақ КСР-інің мұнайлылығы-газдылығының болжам картасы"; 1982ж. шыққан 1:300 000 масштабтағы "Каспий маңы ойысы мен Төменгі Еділ мұнайлы-газды аймағының мұнайылығы-газдылығының картасы"; Қарашығанақ, Жаңажол т.б. бірегей кен орындарда эксперименттік термодинамикалық зерттеулерді жүргізу, т.б. Институт құрамында жұмыс істейтін бөлімдер: литология және стратиграфия, мұнайлылық-газдылықты болжау және геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау, қойнауқаттардағы көмірсутекті жүйелерінің термодинамикасы, мұнай кәсіпшілік геологиясы, бұрғылау, т.б. зертханалар.

Институт құрамына бес бөлімі бар дербес баланстағы Ақтөбе бөлімшесі және Атырау тәжірибелік - әдістемелік экспедиция кіреді. Институтты ұйымдастыруға, ғылыми-зерттеу бағыттарының дамуы мен қалыптасуында, маңызды теориялық және практикалық нәтижелерге қол жеткізуде оның бұрынғы директорлары С.Қарымсақов, С.Шақабаев, Т.Жұмағалиев, С.Өтеғалиев және Ақтөбе бөлімшесінің бастығы М.Таңқыбаев зор еңбек сіңірген. Институт 1998 ж. ашық акционерлік қоғамға айналса, 1999 ж. жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Институттың бірқатар жұмыстары 1976 жылы және 1980 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, сондай-ақ 1982 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}