Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу мекемесі.<ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref>


1977 жылы Алматы қаласында ашылды. Құрамында 10 ғылыми және 17 клиникалық бөлімшелер, 6 клиникалық бөлім: қан айналысының жіті түрде бұзылуы және қан айналысының созылмалы түрде бұзылуы бөлімшелерін қамтитын клиник. бөлім; артериялық гипертония эпидемиологиясы мен профилактикасын, жүректің ишемиялық ауруы эпидемиологиясы мен профилактикасы бөлімшелерін қамтитын профилактикалық бөлімі; курортта (шипажай) емдеу, курорттық ресурстарды зерттеу бөлімшелерінен тұратын курортология бөлімі; ақпарат және патенттеу тобын қамтитын кардиологиялық қызметті жоспарлау және болжау бөлімі; ұйымдастыру-әдістеме бөлімі; иммунология бөлімін қамтитын клиник. биохимия бөлімі; жүрек ауруларын оның қызметіне қарай анықтау (функционалдық диагностика), эксперименттік кардиологиялық лабораториялары, дәрігерлік кеңес – диагноз қою емханалары бар (2002).

Сондай-ақ Астана қаланда институттың бөлімшесі жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зертеулік бағыттары: жүрек-қан тамыр ауруларының алдын-алуға, диагностикасы мен емдеуіне баса назар аудару, атап айтқанда, эпидемиологияны, этиологияны және патогенезді зерттеу, сондай-ақ атеросклероз, жүректің ишемиялық аурулары (стенокардия, миокард инфарктысы, инфарктен кейінгі кардиосклероз) мен гипертония ауруы; симптомдық артерия гипертониялары, жүрек соғысының бұзылуы, жүрек әлсіздігі, жүрек-қан тамырының ревматизмі сияқты жүрек-қан тамыры жүйесінің неғұрлым кең таралған ауруларына диагноз қоюда, емдеуде және айықтыруда жаңа әдістер жасап, жетілдіру; ішкі аурулар (ревматизм, гастроэнтерология, эндокринология, т. б.) және олардың пайда болу себептерін, дамуын, сондай-ақ ол ауруларды асқындырмай емдеудің тиімді жолдарын іздестіру; республиканың курорттық ресурстарын зерттеп, курорттық емдеудің ғылыми негіздерін жасап, жүрек-қан тамыр және басқа да органдар ауруларын емдеудің тиімді әдістерін енгізу жұмыстарын және санитарлық-эпидемиол. ст. мамандарымен бірлесе отырып, індет ауруларына қарсы іс-шаралар (егу, жұқпалы ауруларды анықтау, а<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>урудан жазылған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды диспансерлік есепке алып бақылау, т. б.) жүргізу.

Институт ғалымдары электр анальгезиясына арналған құрылғы жасағаны үшін авторлық куәлік алды; гипертониялық кризді емдеу үшін коринфор, бутироксан препараттарын жасап, өндіріске енгізді; гелиотерапиямен (Күн сәулесімен), минералды сумен (ваннада) буын қабынуын (артритті) емдеу әдісін тапты; арнайы ерітінділерді қанға дәл өлшем, тамшылап құятын прибор – дозатор (өлшеуіш) ойлап шығарды. институтта ғалымдар Ж. Абылайұлы, Ә.Жүсіпов, М.М.Әбдікаримов, М.Төленов, ауылы ЖЫЛЫ Рысмендиев және селосыГ.Шұратова, т. б. жұмыс істеді. институт Ресейдің (Санкт-Петербург) Эксперименттік медициналық ғылыми-зертеулік институты, Томск кардиология ғылыми-зертеулік институты, Мәскеудегі Ресей кардиология ғылыми-өндірістік кешені және АҚШ-тың Бирмингем университеттіндегі кардиоваскулярлық аурулар бөлімімен, т. б. шет ел мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 17 халықаралық симпозиум, 11 ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Қазақстан кардиологтарының 1- (1991) және 2-съездерін (1998), Орталық Азия республикалары кардиологтарының 2-конгресін өткізді (2002).

Алматы қаласында институт

1977 жылы Алматыда ашылды. Құрамында 10 ғылыми және 17 клиникалық бөлімшелер, 6 клиникалық бөлім:

  • қан айналысының жіті түрде бұзылуы және қан айналысының созылмалы түрде бұзылуы бөлімшелерін қамтитын клиникалық бөлім; *артериялық гипертония эпидемиологиясы мен профилактикасын, жүректің ишемиялық ауруы эпидемиологиясы мен профилактикасы бөлімшелерін қамтитын профилактикалық бөлімі;
  • курортта (шипажай) емдеу, курорттық ресурстарды зерттеу бөлімшелерінен тұратын курортология бөлімі;
  • ақпарат және патенттеу тобын қамтитын кардиологиялық қызметті жоспарлау және болжау бөлімі;
  • ұйымдастыру-әдістеме бөлімі;
  • иммунология бөлімін қамтитын клиникалық биохимия бөлімі;

жүрек ауруларын оның қызметіне қарай анықтау (функционалдық диагностика), эксперименттік кардиологиялық лабораториялары, дәрігерлік кеңес – диагноз қою емханалары бар (2002).

Астана қаласында институттың бөлімшесі

Астана қаласында институттың бөлімшесі жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: жүрек-қантамыр ауруларының алдын-алуға, диагностикасы мен емдеуіне баса назар аудару, атап айтқанда:

  • эпидемиологияны, этиологияны және патогенезді зерттеу;
  • атеросклероз, жүректің ишемиялық аурулары (стенокардия, миокард инфарктысы, инфарктен кейінгі кардиосклероз) мен гипертония ауруы;
  • симптомдық артерия гипертониялары, жүрек соғысының бұзылуы, жүрек әлсіздігі, жүрек-қантамырының ревматизмі сияқты жүрек-қантамыры жүйесінің неғұрлым кең таралған ауруларына диагноз қоюда, емдеуде және айықтыруда жаңа әдістер жасап, жетілдіру;
  • ішкі аурулар (ревматизм, гастроэнтерология, эндокринология, тағы басқа) және олардың пайда болу себептерін, дамуын, сондай-ақ, ол *ауруларды асқындырмай емдеудің тиімді жолдарын іздестіру;

республиканың курорттық ресурстарын зерттеп, курорттық емдеудің ғылыми негіздерін жасап, жүрек-қантамыр және басқа да органдар ауруларын емдеудің тиімді әдістерін енгізу жұмыстарын және Санитарлық-эпидемиология мамандарымен бірлесе отырып, індет ауруларына қарсы іс-шаралар (егу, жұқпалы ауруларды анықтау, аурудан жазылған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды диспансерлік есепке алып, бақылау, тағы басқа) жүргізу.

Жетістіктер мен жиналыстар

Институт ғалымдары электр анальгезиясына арналған құрылғы жасағаны үшін авторлық куәлік алды; гипертониялық кризді емдеу үшін коринфор, бутироксан препараттарын жасап, өндіріске енгізді; гелиотерапиямен (Күн сәулесімен), минералды сумен (ваннада) буын қабынуын (артритті) емдеу әдісін тапты; арнайы ерітінділерді қанға дәл өлшем, тамшылап құятын прибор – дозатор (өлшеуіш) ойлап шығарды. Қазір институтта медицина ғылыми докторы, профессорлар Ж.Абылайұлы, Ә.Жүсіпов, М.М. Әбдікаримов, М.Төленов, А.Ж.Рысмендиев және С.Г. Шұратова, 29 ғылыми кандидат жұмыс істейді (2002). Институт қызметкерлері 8 докторлық және 37 кандидат диссертациялар қорғады. 12 монография, 6 ғылыми еңбектер жинағын, 1000-ға жуық ғылыми еңбектер шығарды. 24 авторлық куәлік пен 147 өнертапқыштық ұсыныстарға куәлік алды (2002). Институт Ресейдің (Санкт-Петербург) Экспериментальдік медицина ғылыми-зерттеу институты, Томск кардиология ғылыми-зерттеу институты, Мәскеудегі Ресей кардиология ғылыми-өндірістік кешені және АҚШ-тың Бирмингем университіндегі кардиоваскулярлық аурулар бөлімімен, тағы басқа шет ел мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 17 халықаралық симпозиум, 11 ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Қазақстан кардиологтарының бірінші (1991) және екінші съездерін (1998), Орталық Азия республикалары кардиологтарының 2-конгресін өткізді (2002).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}