Шығыстану институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шығыстану институты, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің шығыстану институты – ғылыми мекеме. Бұрынғы ұлттық ғылым акадеиясының Шығыстану секторы және Ұйғыртану институты негізінде 1996 жылы 11 қарашада құрылған. Шығыстану институты ғалым Р.Б.Сүлейменов есімімен аталады. Институттың негізгі қызметінің бағыты – Қазақстанның шығыс елдерімен тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынасы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Институт ғылыми-талдау баяндамаларын, нұсқаулар, мемлекетті мекемелер үшін баяндама-хаттар дайындайды. Үкімет мекемелері мен халықаралық ұйымдарға консалтингтік қызмет көрсетеді. Ол Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Франция, Жапония, Египет, Иран, Моңғолия, Голландия, Үндістан, Корея, Италия, Германия және т.б. елдердің 30-дан астам ғылыми орталықтарымен шығармаларына байланыс жасайды.

Институтта арабтану, ирантану, түркітану секторларынан тұратын Орта және Таяу Шығыс елдері; Орталық Азия, үндітану, моңғолтану секторларынан тұратын Орталық және Оңтүстік Азия; қытайтану, жапонтану, корейтану секторларынан тұратын Азия-Тынық мұхит аймақтары; халықаралық қатынастарды кешенді зерттеу, т.б. бөлімдер мен қытайтану, ұйғыртану орталықтары бар. Онда Қазақстанық шығыстану: саяси-экономикалық және мәдени байланыстар, Түркі халықтарының рухани таным жүйесіндегі ұйғырлардың мәдениеті мен тарихы, Қазақстан мен Орта Азияның мәдениеті мен тарихы жағдайындағы Шығыс және Батыс Еуропа жазба мәлімет көздері, Қазақстан және Шығыс шет елдерінің саяси және әлеуметтік мәдени мәселелері, тіл, Қазақстандағы дін саясаты, қазақтардың ғарыш туралы танымы, Қазақстандағы мемлекет және ислам (тарихи шолу), Түркі сөздігінің фоно-морфо-лексика-семантикалық құрылымы: саралану мәселелері, т.б. көлемді тақырыптарда ғылыми-сарапшылық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Институт ұжымында 14 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты қызмет істейді. Институт Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқулықтар мен оқу-әдістемеліктерін, “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша “Түрік, араб, парсы, қытай, моңғол әдебиеттеріндегі Қазақстан тарихы” атты 21 томдық жинақ шығарды. 40-қа жуық шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатқан. 2004 ж. институт жанынан ЮНЕСКО-ның “Ғылым және руханилық” кафедрасы ашылды. Институт ғалымдарымен бірнеше ғылыми, ғылыми-көпшілік конференциялар, кездесулер өткізіліп тұрады.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Еңбектер

Соңғы жылдары төмендегідей еңбектер жарық көрді: «Қазіргі заманғы Шыңжаң және оның қазақ-қытай қатынастарында алатын орны», Өтеміш қажының «Шыңғыснамесі», Қожа Ахмет Йасауидің «Хикметтері» қазақ және орыс тілдерінде, «Орта Азия мен Қазақстанды шетелдік зерттеушілер», «Арғы ата-баба есімдері (Көне түркі ономастикасының шығу тегі мен ерекшеліктері)», «XІV–XІX ғасырлардағы Шығыс Түркістан, Орта Азия және Қазақстан тарихы жайында Қытай деректері мен материалдары», «XV–XVІІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азия: тарих, саясат, дипломатия» ; халықар. конференциялар материалдары: «Жібек жолы және Қазақстан», «Қазақстандық моңғолтанудың өзекті мәселелері: өткені, бүгіні мен келешегі», «Посткеңестік Шығыс елдеріндегі мемлекет және қоғам: тарих, қазіргі заман, болашақ», «Қазақстан – Үндістан: ежелгі заман, орта ғасырлар және қазіргі заман», «Ислам: тарих және қазіргі заман» ; ұлттық орта мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шығыстану институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}