Азия

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Құрлық </div></div> </div> Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.

Географиялық орналасуы

Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

Түбектері:

  1. Таймыр түбегі
  2. Чукот түбегі
  3. Камчатка түбегі
  4. Корей түбегі
  5. Үндіқытай түбегі
  6. Декан түбегі
  7. Арабия
  8. Кіші Азия түбегі
  9. Үнді түбегі

Құрлықтың шеткі нүктелері:

Жер бедері

Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.

Ең биік таулар мен тау қыраттары:

  1. Памир
  2. Тянь-Шань
  3. Тибет тау қыраты
  4. Гималай
  5. Гиндукуш
  6. Қарақорым.

Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.

Ең ірі жазықтары:

Кен байлықтары

Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнецк, Минусинск, Лена, Кан, Иркутск), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған.

Негізгі мұнай-газ аудандары:

Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда )Қазақстан(, боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.

Климаты

Сурет:MonthlyMeanT.gif
1961-1990 жылдар аралығындағы кеңістіктің айлық орташа температурасы. Жыл-ай бойынша өзгерісті көрсетеді.

Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.

Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50°С, кейде ең төмен температура –70°С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10°С, ал 55° – 60° солтүстік ендіктерде 20°С, тропиктік, экуаторлық белдеулерде 25 – 28оС-қа дейін жетеді.

Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.

Ішкі сулары

Азия құрлығы өзенге бай . Сондықтан Азияны "өзен жағасындағы өркениеттер өлкесі" деп атайды.<ref name="ReferenceA">Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Географиялық аймақтар, 26-бет</ref> Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км²). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан.<ref>“Қазақ ұлттық энциклопедиясы”, 1 - том</ref> Азияның басты өзендері - Янцзы, Сары өзен ( Хуанхэ), Обь, Амур, Лена, Меконг, Енисей, Үнді, Брахмапутра, Салуин, Вилжуж, Әмурдария, Ганг, Ефрат, Алдан, Сырдария, Тарим, Калыма, Айеарвади, Тигр, Сонгхуа және Ангара өзендері. Обь, Ертіс, Енисей, Ангара, Лена, Яна, Индигарка және Колыма өзендері Солтүстік мұзды Тынық Мұхитқа құятың өзендердің ішінде: Анады, Амур, Хуанхэ, Янцзы, Ексы, Миконг, Чао Прая жөне Қызыл өзен бар. Янцзы - Азиядағы ең ұзын және әлемдегі үшінші ұзын өзен. Евфрат - Орта Шығыстағы ең ұзын өзен. Ежелгі дүниенің атақты қаласы Бабыл (Вавилон) осы өзеннің бойында орналасқан болатын. Үнді түбегінің басты өзені - Ганг Солтүстік Үндістан жазықтықтары арқылы шығыстағы Бангладешке қарай ағады. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Есіл өзені. Оның жалпы ұзындығы - 2450 шақырым, Қазақстан аумағына 1400 шақырымы кіреді. Муррей, Сноуи, Маррамбиджи - басты өзендерінің бірі. Өзге өзен жүйелеріне Батыс Австралиядағы Фитцрой, Орд, Свон; Тасманиядағы Деруент пен Тамар; Жаңа Оңтүстік Уельстегі Хаукесбери жатады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан, Жаңа Зеландияда өзен саны өте көп. Ең ұзын өзенінің ұзындығы 425 шақырым. Бұл аралда, сондай- қ, Хука сарқырамасы бар.<ref name="ReferenceA"/>

Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері:

Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. '
Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері.
Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан.

Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді.
Азияның ең ірі өзендері:

Еділ өзені'

Іле өзені'

Кура өзені'

Сырдария өзені

Өсімдігі

Азияның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Моңғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым.

Жануарлары

Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде

  1. сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен;
  2. құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді.

Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.

Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайран, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған.

Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.

Саяси бөлінуі

Азия саяси құрылымы бойынша:

Азия елдері

Жалауларымен бірге аймақтар мен территориялар аты Аумағы
(km²)
Халық саны
(1 шілде 2002 est.)
Жұрт тығыздығы
(per km²)
Астаналары
Орталық Азия:
Үлгі:Flagicon Қазақстан<ref>  Қазақстанның бір бөлігі Шығыс Еуропада болғасын бұл жерде тек Орта Азияға жататын аумағы мен халық саны беріліп тұр.
</ref>
2,346,927 16,972,893 5.7 Астана
Үлгі:Flagicon Қырғызстан 198,500 4,822,166 24.3 Бішкек
Үлгі:Flagicon Тәжікстан 143,100 6,719,567 47.0 Душанбе
Үлгі:Flagicon Түрікменстан 488,100 4,688,963 9.6 Ашхабад
Үлгі:Flagicon Өзбекстан 447,400 25,563,441 57.1 Ташкент
Шығыс Азия:
Үлгі:Flagicon Қытай<ref>  The current state is formally known as the People's Republic of China (PRC), which is subsumed by the eponymous entity and civilization (China). Figures given are for mainland China only, and do not include Hong Kong, Macau, and Taiwan.
</ref>
9,584,492 1,384,303,705 134.0 Бейжің
Үлгі:Flagicon Гонконг<ref>  Hong Kong is a Special Administrative Region (SAR) of the PRC.
</ref>
1,092 7,303,334 6,688.0 Виктория-Сити
Үлгі:Flagicon Жапония 377,835 126,974,628 336.1 Токио
Үлгі:Flagicon Макао<ref>  Macau is a Special Administrative Region (SAR) of the PRC.
</ref>
25 461,833 18,473.3
Үлгі:Flagicon Моңғолия 1,565,000 2,694,432 1.7 Ұлан-Батыр
Үлгі:Flagicon Солтүстік Корея 120,540 22,224,195 184.4 Пхеньян
Үлгі:Flagicon Оңтүстік Корея 98,480 48,324,000 490.7 Сеул
Үлгі:Flagicon Тайвань<ref>  Figures are for the area under the de facto control of the Republic of China (ROC) government, frequently referred to as Taiwan. Claimed in whole by the PRC; see political status of Taiwan.
</ref>
35,980 22,548,009 626.7 Тайпей
Солтүстік Африка:
Үлгі:Flagicon Мысыр<ref>  Мысыр is generally considered a transcontinental country in Northern Africa and Western Asia; population and area figures are for Asian portion only, east of the Suez Canal (Sinai Peninsula).
</ref>
980,869 80,335,036 21.7 Каир
Солтүстік Азия:
Үлгі:Flagicon Ресей<ref>  Ресей is a transcontinental country; population and area figures are for Asian portion only.
</ref>
13,115,200 139,129,729 3.0 Мәскеу
Оңтүстік-шығыс Азия:<ref name="ccau">Excludes Christmas Island and Cocos (Keeling) Islands (Australian external territories in the Indian Ocean southwest of Indonesia).
</ref>
Үлгі:Flagicon Бруней 5,770 350,898 60.8 Бандар Сери Бегауан
Үлгі:Flagicon Камбоджия 181,040 12,775,324 70.6 Пномпен
Үлгі:Flagicon Шығыс Тимор<ref>  East Timor is often considered a transcontinental country in Southeastern Asia and Oceania.
</ref>
15,007 952,618 63.5 Дили
Үлгі:Flagicon Индонезия<ref>  Indonesia is often considered a transcontinental country in Southeastern Asia and Oceania; figures do not include Irian Jaya and Maluku Islands, frequently reckoned in Oceania (Melanesia/Australasia).
</ref>
1,419,588 227,026,560 159.9 Джакарта
Үлгі:Flagicon Лаос 236,800 5,777,180 24.4 Vientiane
Үлгі:Flagicon Малайзия 329,750 27,662,365 68.7 Куала Лумпур
Үлгі:Flagicon Мьянма (Бирма) 678,500 42,238,224 62.3 Naypyidaw<ref>  The administrative capital of Myanmar was officially moved from Yangon (Rangoon) to a militarised greenfield just west of Pyinmana on 6 қараша 2005.</ref>
Үлгі:Flagicon Филиппиндер 300,000 84,525,639 281.8 Манила
Үлгі:Flagicon Сингапур 704 4,483,900 6,369.0 Сингапур
Үлгі:Flagicon Таиланд 514,000 62,354,402 121.3 Бангкок
Үлгі:Flagicon Вьетнам 331,690 87,375,000 246.1 Ханой
Оңтүстік Азия:
Үлгі:Flagicon Ауғанстан 647,500 27,755,775 42.9 Кабул
Үлгі:Flagicon Бангладеш 144,000 133,376,684 926.2 Дака
Үлгі:Flagicon Бутан 47,000 672,425 14.3 Thimphu
Үлгі:Flagicon Үндістан<ref>  Includes Jammu and Kashmir, a contested territory among India, Pakistan, and the PRC.
</ref>
3,167,590 1,045,845,226 318.2 Нью Дели
Үлгі:Flagicon Иран 1,648,195 70,472,846 42 Тегеран
Үлгі:Flagicon Мальдивтер 300 320,165 1,067.2 Мале
Үлгі:Flagicon Непал 140,800 25,873,917 183.8 Катманду
Үлгі:Flagicon Пәкістан 803,940 147,663,429 183.7 Исламабад
Үлгі:Flagicon Шри-Ланка 65,610 19,576,783 298.4 Коломбо
Оңтүстік-батыс Азия:
Үлгі:Flagicon Армения<ref>  Armenia is sometimes considered a transcontinental country: physiographically in Western Asia, it has historical and sociopolitical connections with Europe.
</ref>
29,800 3,330,099 111.7 Ереван
Үлгі:Flagicon Әзірбайжан<ref>  Azerbaijan is often considered a transcontinental country in Western Asia and Eastern Europe; population and area figures are for Asian portion only. Figures include Nakhchivan, an autonomous exclave of Azerbaijan bordered by Armenia, Iran, and Turkey.
</ref>
46,870 3,845,127 82.0 Баку
Үлгі:Flagicon Бахрейн 665 656,397 987.1 Манама
Үлгі:Flagicon Кипр<ref>  The island of Cyprus is sometimes considered a transcontinental territory: in the Eastern Basin of the Mediterranean Sea south of Turkey, it has historical and socio-political connections with Europe. The Turkish Republic of Northern Cyprus (TRNC), distinct from the de jure Republic of Cyprus in the south (with a predominantly Greek population), is recognized only by Turkey.
</ref>
9,250 775,927 83.9 Никосия
Үлгі:Flagicon Газа<ref name = "Palestine">  Gaza and West Bank, collectively referred to as the "Occupied Palestinian Territory" by the UN, are territories partially occupied by Israel but under de facto administration of the Palestinian National Authority.
</ref>
363 1,203,591 3,315.7 Газа
Үлгі:Flagicon Грузия<ref>  Georgia is often considered a transcontinental country in Western Asia and Eastern Europe; population and area figures are for Asian portion only.
</ref>
20,460 2,032,004 99.3 Тбилиси
Үлгі:Flagicon Ирак 437,072 24,001,816 54.9 Бағдат
Үлгі:Flagicon Израиль 20,770 6,029,529 290.3 Құддыс<ref>In 1980, Jerusalem was proclaimed Israel's united capital, following its annexation of Arab-dominant East Jerusalem during the 1967 Six-Day War. The United Nations and many countries do not recognize this claim, with most countries maintaining embassies in Tel Aviv instead.</ref>
Үлгі:Flagicon Иордан 92,300 5,307,470 57.5 Амман
Үлгі:Flagicon Кувейт 17,820 2,111,561 118.5 Кувейт
20px Ливия 10,452 3,677,780 353.6 Бейрут
Үлгі:Flagicon Оман 212,460 2,713,462 12.8 Мускат
Үлгі:Flagicon Катар 11,437 793,341 69.4 Доха
Үлгі:Flagicon Сауд Арабиясы 1,960,582 23,513,330 12.0 Рияд
Үлгі:Flagicon Сирия 185,180 17,155,814 92.6 Дамаск
Үлгі:Flagicon Түркия<ref>  Turkey is generally considered a transcontinental country in Western Asia and Southern Europe; population and area figures are for Asian portion only, excluding all of Istanbul.</small>
</ref>
756,768 67,308,928 76.5 Анкара
Үлгі:Flagicon Біріккен Араб Әмірліктері 82,880 2,445,989 29.5 Абу Даби
Үлгі:Flagicon Батыс жағалауы<ref name = "Palestine"/> 5,860 2,303,660 393.1
Үлгі:Flagicon Йемен 527,970 18,701,257 35.4 Сана
Total 43,810,582 3,902,404,193 89.07

Түсініктемелер

<references/>

Дереккөздер

http://en.wikipedia.org

Пайдаланылған əдебиеттер:

“Қазақ ұлттық энциклопедиясы”, 1 - том