Батыс Сібір мұнай-газ алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыс Сібір мұнай-газ алабы - Ресей Федерациясының Түмен, Томск, Новосибирск, Омбы облыстары мен Краснояр өлкесінде орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі мұнайлы-газды аймақтарға жатады. Аумағы 1,6 млн. км². Барлау және өндірістік игеру XX ғасырдың 50-60 жылдары басталды. Мұнда мұнай мен газ Оралдан Енисейге, Мұзды мұхиттан Сарыарқаға және Алтай тауларына дейінгі аралықты алып жатқан Батыс Сібір платформасы бетіндегі шөгінділерде кездеседі. Ол платформаның герцинидтерден, каледонидтерден, байкалидтерден құралған іргетасы юра кезеңінен антропоген кезеңіне дейінгі платформалық қабат жыныстарымен жабылған (қалыңдығы 1 - 8 км). Бұлардың ішінде мұнай мен газ шоғырланған жыныстар - юра мен бор кезеңдерінің құмтастары мен алевролиттері. Қалыңдығы 1-45 м болатын мұнайлы, газды қабаттар 1500 - 3000 м тереңдікте кездеседі. Бұл аймақта барлығы 250-дей мұнай-газ кендері ашылған. Ең ірілері: Самотлор, Сургут, Уренгой, Ямбург, т.б.

Үлгі:Wiki


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыс Сібір мұнай-газ алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}