Пхеньян

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Пхеньян (Үлгі:Lang-ko3, Пёңяң) — Корей Халық Демократиялық Республикасының (Солтүстік Кореяның) астанасы. Пхеньян елдің әкімшілік, мәдени және тарихи орталығы болып табылады. "Пхенья́н" сөзі корей тілінде " кең жер", "жайлы орын" деген мағынаны білдіреді. 1946 жылы қала Пхёнан-Намдо шет аймағынан шығарылып, қаланың тікелей бағындырушылық мәртебесін алды, яғни провинцияның деңгейіндегі әкімшілік мәртебесі.

Тарихы

Хронологиясы

Аңыз бойынша, Пхеньян б.з.д. 2334 жылы Вангомсон (Үлгі:Lang-ko3) деген атаумен құрылған болатын. Кочосон ежелгі корей мемлекетінің астанасы болды. Алайда бұл уақыт кейбіреулердің есептеуі бойынша, біздің заманымыздың басында құрылған деген болжаммен дау туғызады.

Б.з.д.108 жылы Хань династиясы Кочосонды сол жерде бірнеше әскери округтерінің негізін қалап, жаулап алған болатын.Олардың бірінің астанасы Лолан округі заманауи Пхеньянның тұсында негізі қаланды. Лолан сол аймақта 313 жылы күш жинаған Когурё мемлекетінің басып алуына дейін басымдылық танытқан бірден-бір күш болды.

427 жылы ван Когуре мемлекеттің астанасын Пхеньянға ауыстырды. 668 жылы Силла корея мемлекеті қытайдың Тан династиясымен бірігіп, Когурені басып алды. Қала солтүстік көршісі Пархэмен шекаралас боп, Силланың құрамына кірді.Силланың орнына Корё династиясы келді. Бұл кезеңде Пхеньян өз ықпалын күшейтіп, Согён (서경; 西京; «Батыс астана»), деп аталды, алайда шынымен де Коренің астанасы Пхеньян ешқашан да болмаған еді.Чосон династиясының заманында провинцияның астанасы Пхенандо, ал 1896 жылдан бастап, Жапонияның отарлық басқыншылығына дейін провинция астанасы Пхёнан-Намдо болды.

1945 жылы Корея тәуелсіздігін алып, Пхеньян солтүстікте құрылған Корей жартылай аралындағы мемлекеттің КХДР уақытша астанасы болып, КСРО-ның ықпалында қалып қойды (тұрақты астана деп мемлекеттен "уақытша" алыстаған Сеул есептелді.) Корей соғысының кезінде әуе арқылы бомбылаудан қатты зардап шекті, 1950 жылдың қазаны мен желтоқсаны аралығында БҰҰ әскерлері болған еді. Кеңес Одағының көмегімен соғыстан кейін қала тез арада қайта қалпына келтірілді.

Географиясы

Сурет:Pyongyang satellite image 2007-08-22.jpg
Пхеньянның космостық суреті ( 2007ж. 22 тамыз, спутник LandSat-5)

Сары теңізге құятын Тэдонган (Тэдон) өзенінің жағалауында орналасқан.Провинция мәртебесімен жекеше әкімшілік бірлікті түзеді. Басқа өзен Потхонган қаласы арқылы өтеді.

Әкімшілік бөлініс

Сурет:Changwang Street in Pyongyang.jpg
Чанван көшесі(Пхеньян).

Округа:

Уезды:

Білімі

Пхеньянда елдің алдыңғы қатарлы бірнеше Жоғрғы оқу орындары орналасқан:

Танымал тұлғалар

Туысқан қалалар

Пхеньянда үш туысқан қала бар:

Галерея

Әдебиет

  • Андрей Ланьков: Северная Корея: вчера и сегодня. Восточная литература, Мәскеу, 1995
  • Guy Delisle: Pyongyang: A Journey in North Korea. Drawn & Quarterly, 2005, ISBN 1-896597-89-0Үлгі:Ref-en
  • Chris Springer: Pyongyang: The Hidden History of the North Korean Capital. Saranda Books, 2003, ISBN 963-00-8104-0Үлгі:Ref-en
  • Arno Maierbrugger: Nordkorea-Handbuch. Unterwegs in einem geheimnisvollen Land. Trescher, Berlin, 2004, ISBN 3-89794-039-6Үлгі:Ref-de

Сілтемелер

Үлгі:Азия елордалары