Үлкен Зонд аралдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Greater sunda islands.png
Үлкен Зонд аралдары

Үлкен Зонд аралдары — Малайя топаралының құрамындағы (Индонезия, Малайзия, Бруней елдерінің бөліктері) бір топ аралдар. Суматра, Ява, Калимантан, Сулавеси, т.б. аралдар кіреді. Жалпы аумағы 1,4 млн. км². Үлкен Зонд аралдарының жағалауларын Үнді, Тынық мұхиттары мен олардың сыртқы теңіздерінің сулары шайып жатыр. Жер бедері негізінен таулы. Ең биік жері 4101 м (Калимантан аралындағы Кинабалу тауы); жанартаулық процестер дамыған. Климаты экваторлық, салыстырмалы ылғалд. жоғары (80 — 90%). Орташа айлық температура 24 — 25 С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 2000 — 3000 мм. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. Мәңгі жасыл экваторлық және тропиктік ормандарында ағаштың 2 мыңдай түрі, оның ішінде пальманың 300 түрі, гүлді өсімдіктің 24 мың түрі өседі. Жануарлардан піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабан, маймылдың түрлері, бауырымен жорғалаушылар мен құстардың көптеген түрлері мекендейді. Қалайы кентасы мен мұнайдың ірі кен орындары бар. Тропиктік егіншілік (күріш, кокос пальмасы, дәмдеуіштер өсіру, каучук өндіру) дамыған.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}