Пәкістан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет

Пәкістан (Үлгі:Lang-ur Үлгі:IPA, Үлгі:Lang-en Үлгі:IPA немесе Үлгі:IPA), толық атауы — Пәкістан Ислам Республикасы (Үлгі:Lang-ur Ислами́ Джумхури́йе Пакиста́н, Үлгі:Lang-en) — Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Жер аумағы — 803,9 мың км². Халқы 141,6 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары пенджабтықтар, пуштундар, синдхилер, белуджилер. Ресми тілі — урду тілі. Мемлекеттік діні — ислам (сүнниттер). Астанасы — Исламабад қаласы Әкімш. жағынан 4 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы президент. Жоғары заң шығарушы органы — 2 палаталы парламент (Сенат және Ұлттық ассамблея). Заң жобаларының исламмен сәйкестігін қадағалайтын орган — Ислам кеңесі. Ұлттық мейрамы — 14 тамыз — Тәуелсіздік күні, Пәкістан күні — 23 наурыз (1956). Ақша өлшемі — пәкістан рупиі.

Табиғаты

Сурет:Rubab.jpg
Рубаб - халық аспабы

Пәкістан аумағының шығысы мен оңтүстік-шығысында Инд өзенінің аллювийлі аласа жазығы, солтүстігінде Гиндукуш және Гималай тау жүйелері (ең биік жері 7690 м), батысында, солтүстік-батысында иран таулы қыратының жоталары орналасқан. Аумағының көпшілік бөлігінің климаты тропиктік, солтүстік-батысы — субтропиктік, құрғақ континенттік. Қаңтардағы орташа температура жазық бөлігінде 12 — 16oС, теңіз жағалауында 20oС, шілдеде 35oС. Жауын-шашынның орташа мөлш. теңіз жағалауында 150 — 250 мм, Пенджаб атырабында 350 — 500 мм, елдің солтүстігінде 1000 — 1500 мм. Ірі өзені — Инд. Көпшілік жерінде шөл, шөлейт, шөлейттенген саванна өсімдіктері, өзен бойларында бұта, тауларда қылқан жапырақты орман өседі.

Тарихы

Сурет:Pakistan 1971.png
Пәкістан Британдық Индияның бөлiмiнен кейiн

Колониалдық мерзiм

Пәкістан жерінде б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықта ежелгі өркениет ошағының бірі — ертедегі үнділік Хараппа мәдениетіне жататын мемлекеттік бірлестіктер өмір сүрді. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың орта шенінде арилер келіп қоныстанып, кейіннен үнді-ари халықтары қалыптасты. Б.з.б. 7 — 6 ғасырларда Пәкістан жерінде алғашқы үнді-ари мемлекеттері — Мадра, Гандхара, Саувира, т.б. құрылды. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Үнді өз. мен оның тармақтары алабындағы жерлер Ахемен әулеті билігіне қарады. Б.з.б 327 — 325 жылдары Үнді өз. алқабындағы жерлерді Александр Македонский жаулап алып, оның империясы ыдырағаннан кейін Пәкістан аумағында Грек-Үнді патшалығы пайда болды. Б.з. 1 — 3 ғасырларында Үнді өзені алабы Кушан патшалығына қарап, оның астанасы Пурушапура (қазіргі Пешавар қ.) болды.

Кушан патшалығы құлағаннан кейін, Пәкістан жерінің батыс аймақтары Сасани әулеті, ал шығысы — Гупта әулеті империяларының құрамына кірді. 5 ғасырдың 2-жартысында бұл жерлерде хиониттер немесе эфталиттер ( Ақ ғұндар) билік құрды. 8 ғасырдың басында Синд пен Пенджабтың оңтүстік бөлігін арабтар жаулап алып, ол жерлерге ислам дінін таратты. 11 ғасырдың басында Үнді өз. алабын Ғазнауи әулеті, 12 ғасырдың аяғында Гури әулеті, 13 ғасырдың басында Дели сұлтандығы жаулап алды. 16 ғасырда Дели сұлтандығы құлағаннан кейін Пенджаб, Синд және Үнді өзендерінің оң жақ жағалауы Бабыр құрған Ұлы моғолдар империясына қарады. Бір кезде Мұхаммед Хайдар Дулати та бұл аймаққа Ұлы моғолдар атынан билік жүргізген. 18 ғасырдың орта шенінде Пәкістанды ауған билеушісі Ахмад шаі Дуррани бағындырады. 18 ғасырдың аяғында Синд пен Белуджистанда бірнеше князьдіктер құрылды. 19 ғасырдың ортасына қарай Пәкістан жерін ағылшындар өз отарына айналдырды.

Қазіргі мерзім

2-дүниежүз. соғыстан кейін ағылшындар Үндістанға тәуелсіздік берді. Бұрынғы Британ Үндістаны діни-қауымдық бойынша Үндістан мен Пәкістан мемлекеті болып екіге бөлінді. 1947 жылы 14 тамызда Пәкістан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1954 жылға дейін Пәкістанның саяси өмірінде Мұсылман лигасы үстемдік құрды. Шығыс Пәкістан, Синд, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинциясы, Белуджистан аймақтарының халқы 1948 жылдан бастап Пәкістанның әкімшілік-аумақтық құрылымын ұлттық-лингвист. негізде қайта өзгерту, провинцияларға ішкі автономия беру сияқты, т.б. саяси талаптар қойды.

Өкімет билігін қолдан шығармау үшін Мұсылман лигасы бенгал ұлттық қозғалысына бірқатар жеңілдіктер берді. 1956 жылы 23 наурызда Пәкістан федерац. Ислам Республикасы болып жарияланды. 1958 — 70 жылдары Пәкістандағы өкімет билігі әскерилердің қолында болды. Пәкістан мен Үндістан арасындағы даулы аумақтық мәселелер бойынша 1965, 1971 жылы қарулы қақтығыстар орын алды. 1971 жылы Шығыс Пәкістан жерінде тәуелсіз Бангладеш мемлекеті жарияланды. Пәкістандағы әскерилердің режимінен кейін билік басына жаңадан келген З.А. Бхутто мен Үндістан премьер-министрі И.Гандидің Симледегі кездесуі (1972) пәкстан-үнді қатынасын реттеуге жол ашты.

1973 жылы жаңа конституция қабылданды. З.А. Бхутто елде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жүргізді. Бірақ 1977 жылы елдегі саяси дағдарысты пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасаған ген. М.Зия ул-Хак әскерилерді тағы да билікке алып келді. Дегенмен ішкі-сыртқы күштердің ықпалымен 1988 жылы Пәкістанда еркін парламент сайлауы өтіп, Халық партиясы жеңіске жетті. Үкімет басына партия жетекшісі Беназир Бхутто келді. Алайда ел басшысы әскерилердің қолдауына ие Гулам Исхак Хан болды. 1990 жылы ол елдегі әлеуметтік-саяси дағдарысты және Үндістанмен Кашмир мәселесінің күрт ушығып кетуін сылтауратып, президент Бхутто үкіметін таратты. 1996 жылы жаңадан сайланған президент Ұлттық Ассамблеяны таратты. Ол тұста әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелер шешілмеді, этн. және діни қақтығыстар орын алды.

Үндістанмен байланысы, әсіресе Кашмир мәселесі екі мемлекет те ядролық сынақ өткізгеннен кейін мүлде шиеленісе түсті. 1999 жылы Пәкістанда тағы да әскери төңкеріс болды.

Экономикасы

Сурет:Paktopo de.jpg
Пәкістанның физикалық картасы

Пәкістан— аграрлы ел. Ауыл шаруашылығының негізгі дақылдары — мақта, күріш, астық, қант құрағы, жеміс-жидек. Табиғи жағдайы жылына 2 — 3 рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Тоқыма және тамақ жеңіл өнеркәсібі дамыған. Бұған қоса металлургия, газ, мұнай өңдеу, цемент шығару өндірістері жақсы жолға қойылған. Экспортқа мақта-мата, жіп, күріш, былғары, балық, кілем шығарып, сырттан бидай және машина, құрал жабдықтар, тұтыну тауарларын алады. Негізгі сыртқы сауда серіктестері:АҚШ, Жапония, Германия. 1992 жылы ақпаннан Қазақстан мен Пәкістан мемлекеттері арасында дипломатикалық қатынас орнаған. Алматыда Пәкістан елшілігі, Исламабадта Қазақстан елшілігі ашылды. 1995 жылы Б.Бхутто, 1996 жылы С.Ф. Легари Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтты.


Әкімшілік бөлінуі

Үлгі:Main Үлгі:See also Үлгі:Image label begin Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label Үлгі:Image label end

Провинциялар

Аймақ Әкімшілік орталығы Статусы Ауданы<ref>Information of Pakistan</ref>,
км²
Тұрғындары<ref>[1]</ref><ref>City Population — Statistics & Maps of the Major Cities, Agglomerations & Administrative Divisions for all Countries of the World</ref>,
чел. (2011)
Тығыздығы,
адам/км²
1 Белуджистан Кветта провинция 347 190 13 162 222 37,91
2 Хайбер-Пахтунхва Пешавар провинция 74 521 26 896 829 360,93
3 Пенджаб Лахор провинция 205 344 91 379 615 445,01
4 Синд Карачи провинция 140 914 55 245 497 392,05
5 Федеральдық астаналық территориясы Исламабад федералдық аумақ 906 1 151 868 1269,98
6 Федералдық басқарылатын тайпалық аумақтар Пешавар федералдық аумақ 27 220 4 452 913 163,60
7 Азад Кашмир Музаффарабад Пәкістандық Кашмир аймағы 11 639 3 631 224 311,99
8 Гилгит-Балтистан Гилгит Пәкістандық Кашмир аймағы 72 520 1 155 755 15,94
Всего 880 2541) 197 075 923 223,89
1)Қазіргі уақытта Пәкістанмен басқарылатын жалпы аумағына Джамму және Кашмир Үнді штатының бөліктерінен тұрады (Үндістан мен Пәкістан арасындағы даулы аумақ).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Азия Үлгі:WTO Үлгі:ШЫҰ

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}