Дамаск

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ағымдағы оқиғаға қатысы бар Үлгі:Елді мекен

Сурет:Damascus-Hejaz station.jpg
Дамаскідегі Хеджаз стансасы

Дамаск (Үлгі:Lang-ar), Шам, Үлгі:Lang-ar) — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. XVI ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. XI ғасыр – б.з.б. 732 жыл), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахеменид әулеті, Ескендір Зұлқарнайын, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттерінің құрамында болды. 635 жылы қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671–770) айналды. Аббас өулеті тұсында астана Бағдад қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. IX–XIII ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260–1516 жылы мәмлүктердің, 1401 жылы Әмір Темір иелігінде болды. 1516–1518 жылдары Осман сұлтандығының құрамында, 1920–1943 жылдары Францияның мандатты территориясы. Дамаскдегі Бабуссағир (Кішкене қақпа) бейітінде ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби жерленген.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дамаск —дүние жүзіндегі ең ежелгі астана

Ресми тілі көпшілік тұрғындардың ана тілі болып табылатын — араб тілі.

Дамаск — қазіргі дүние жүзі астаналарының ішіндегі ең ежелгісі. Оның арабша атауы Димашк немесе Аш-Шам. "Димашк" сөзінің шығу төркіні жөнінде көптеген пайымдаулар бар. Дамаск жөніндегі ең алғашқы еске алулар Мысыр перғауындарының XVIII әулетінің құжаттары мен аккад тақташаларында кездеседі. Онда кала Димаску немесе Димашка деп аталған.

Арамей құжаттарында Дамаск Дурмешек және Думмешек деп аталған. Дамаск ескі Өсиеттің бірінші кітабында маңызды қолөнер және мәдени орталық ретінде еске алынады. Кейінірек Дамаск аталып кеткен қоныс Солтүстік Арабия шөлдерінен жайылымдар басып алуға шыққан көшпелі арамей тайпаларының кезінде жоғары гүлдену дәрежесіне жетті. Дамаск, Сури, яғни Сирия еліндегі арамейлердің ең ірі орталықтарының біріне айналды.

Дамаск орасан тарихи және мәдени құндылыққа ие, өйткені мұнда ежелгі және ортағасырлық архитектураның ескерткіштері сақталған. Кейбір орамдар Селевкілер дәуірінде (б.з.д. 312—64 жж.) салынған, көшелері тік бұрышты жоспарланған болып келеді. Римдіктер жаулап алған кезеңнен қала қамалдарының, қақпалардың орны, монументті арқаның құлаған қалдықтары мен коринфтік бағаналары бар Дамаск Юпитерінің қасиетті ғибадатханасының қалдықтары сақталған.<ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref>

Аудандары

Дамаск көптеген аудандарға бөлінген. Олардың ішінде:

Дамаск аудандары
1 Аббасийин
2 Абу Руммани
3 Амара
4 Бахса
5 Барамка
6 Барзе
7 Думмар
8 Джобар
9 Кафар Сусе
10 Малки
11 Мазраа
12 Мезе
13 Мидан
14 Мухажрин
15 Канауат
16 Рукн Эддин
17 Аль-Салихийя
18 Саруджа
19 Ша’алан
20 Шагур
21 Тиджара
22 Баб Тума
23 Хиджаз

Мәдени ошақтары

Сурет:Jupiter Temple Damascus.jpg
Ескі шаһардағы Юпитер храмы
Сурет:Old-Arabic-Houses-Damascus.JPG
Дамаскідегі ескі үйлер

Дамаск дуалдары мен қақпалары

Дамаскінің ескі қаласында сақталып қалған 7 қақпа бар:

  • Баб-әл-Сағир («Кіші қақпа») —
  • Баб-әл-Фарадис («Жәннат қақпалары»)
  • Баб-әл-Салам («Бейбітшілік қақпасы»)
  • Баб Тума («Фом қақпасы») — бұл есім апостол Фомның есімімен аталады. Қақпа христан кварталына алып барады
  • Баб Шарқи («Шығыс қақпасы»)
  • Баб Қисан —
  • Баб-әл-Жәбия

Бұлардан басқа Ескі шаһардың сыртында басқа қақпалар бар:

  • Баб әл-Фараж
  • Баб Мусалла
  • Баб Срәйжа

Мешіттер

  • Зәйнаб мешіті
  • Рақайя мешіті
  • Баб-Сағир мазараты
  • Умауи мешіті — Сирияның үлкен мешіттірен

Шіркеулер

  • Дамаск соборы
  • Әулие Мария соборы
  • Әулие Анания соборы
  • Әулие Павел
  • Рим-католик кафедралды соборы - Зайтун аллаеясы.
  • Әулие Иоанна шіркеуі
  • Әулие Павел лавры
  • Әулие Георгий

Медреселер

  • Әл-Адилийя медресесі
  • Әл-Захирийя кітапханасы
  • Нұр әд-Дин медресесі

Ескі үйлер

  • Азем сарайы
  • Байтул Аккад (Дат институты - Дамаске)
  • Мактаб Анбар
  • Бейтул Мамлюк (қонақ үй)

Дамаскіде орналасқан шіркеулер

Дамскідегі Умауилер мешіті

Үлгі:Commons category

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons category

Үлгі:Азия елордалары


Үлгі:Geo-stub