Гонконг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Coord Үлгі:Мемлекет Гонконг қаласы — 1997-інші жылдың 1-інші шілдесіне дейін 1,5 ғасырдай Британ империясының отары болып келді, одан бері Қытайдың екі арнайы әкімшілік аймақтарының бірі болып табылады. Әлемдегі он алтыншы бай қала. Гонконг қала аумағы — 1,104 км², халқы жеті миллион болғандықтан әлемдегі ең халық тығыз орналасқан елді мекен болып табылады. Ең тығыз ауданында 1 км²-қа 95 000 адамнан келеді. Гонконгтағы 12 қабат немесе 35 метрден биік ғимараттар саны 7685 (Әлемде бірінші)

Сурет:Kowloon- Hong Kong.jpg
Коулун мен Гонконг көрінісі. Ескі Kai Tak әуежайы сол жақта.
Сурет:H.K Central.jpg
Гонконг түнгі көрінісі

Әлемдегі жетекші халықаралық қаржы орталықтарының бірі болып табылатын Гонконг экономикасы еркін сауда мен төмен салықпен сипатталады. Ақшасы, Гонконг доллары, 2010 жылға сәйкес әлемдегі сегізінші орындағы саудаласу валютасы болып табылады. Өте дамыған капиталистік экономикасы Index of Economic Freedom бойынша қатарынан 15 жыл әлемдегі ең еркін экономика аталып келді. әрі 1960-шы мен1990-шы жылдар арсында қарқынды дамуы арқасында Төрт Азия жолбарыстарының бірі атанып кеткен.

Қазақстан мен өзара байланыс

2012 жылғы 9 мамырдағы Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілдігі мен Гонконг қауіпсіздік хатшысы қол қойған құжатқа сәйкес 2012 жылдың 26 шілдеден бастап қазақ азаматтары Гонконгта, және керісінше, Гонконг азаматтары Қазақстанда 14 күнге дейін визасыз жүре алады. Бұл құжат екі жақтан да қажетті ішкі процедураларды бітіргеннен күшіне енеді. <ref>Link Казахстан и Гонконг договорились о безвизом режиме.</ref> Одан бөлек 2012 жыл басында екі жақпен тікелей әуежолын ашу жайлы келісімшарты орын алды. Үлгі:Panorama

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Тәуелді аймақтар Үлгі:WTO