Кипр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет

Кипр (Үлгі:Lang-el, Үлгі:Lang-tr), Кипр Республикасы (Үлгі:Lang-el, Үлгі:Lang-tr) — Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген. Жалпы жер көлемі – 9251 км². Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тұрады. Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Астанасы – Никосия қаласы 1960 ж. қабылданған конституциясы бойынша, Кипр екі этникалық мемлекет құрылымнан тұруға тиісті болды. Ел президентін аралдың грек тұрғындары, ал вице-президентін түріктер өздері сайлауға міндеттенді. Президент пен вице-президент өздеріне тікелей бағынатын Министрлер Кеңесін құруға құқылы болды. Заң шығарушы органда да екі этникалық топқа жеке-жеке бөлек орындар берілді. Бірақ, екі этникалық топтар арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде, түріктер 1963 жылдың желтоқсан айынан сайлауға қатыспай, 1989 ж. 15 қарашада дербес Солтүстік Қыбыр түрік республикасын құрды.

Табиғаты

Кипр Еуропадан Таяу және Орта Шығысқа, Солтүстік-Шығыс Африкаға баратын теңіз және әуе жолдары бойында аса қолайлы аймақта орналасқан. Жері, негізінен, таулы: солтүстік жағалауын Кирения (1023 м) және Карпас (364 м) жоталары алып жатыр. Кипрдің орталық және оңтүстік бөлігін Троодос қыраты алып жатыр. Аралдың ортасында тауаралық Мезаория (200 м) жазығы бар. Климаты субтропиктік және жерортатеңіздік. Жазы ыстық (25 – 35оС), қысы жылы, жаңбырлы (10 – 15 оС). Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 300 – 500 мм, ал таулы аймақтарда 1000–1300 мм. Өзендері шағын, көктемгі жауын суымен тасып отырады. Территориясының 20%-і орман, көбінесе, мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар өседі.

Тарихы

Кипр аралы ұзақ уақыт бойы Рим, Византия империяларына, Венецияға бағынды. 400 жылдай Осман сұлтандығының құрамында болды. 1878 жылдан Ұлыбританияның отарына айналып, 1959 жылғы Цюрих және Лондон келісімдеріне сәйкес, тәуелсіздікке ие болды (1960). Оның территориялық тұтастығына Ұлыбритания, Түркия, Грекия үкіметтері кепілдік берді. Түркия мен Грекия аралда өздерінің шектеулі Қарулы Күштерін ұстауға құқылы болды, әрі Ұлыбритания үкіметі аралдан 99 миль жерді өзіне сақтап қалып, онда 2 ірі әскери база (Данелия және Акротири) ұстады. Арал тұрғындары тәуелсіздік алғанымен, екі ірі этникалық топ – гректер мен түріктердің арасында үнемі әскери қақтығыстар болып тұрды. 1974 ж. шілде айында аралдағы грек әскерлері Грекия үкіметінің қолдауына сүйене отырып, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып, Кипрді Грекияға қосуға әрекет жасады. Бұған жауап ретінде Түркия үкіметі жергілікті түріктердің сұрауы бойынша, аралға әскер кіргізіп, ел аумағының 37%-ын басып алды. Нәтижесінде гректер мен түріктер бір-бірінен түпкілікті бөлініп, 1974 – 75 ж. аралдың грек тұрғындары елдің оңтүстігіне, ал түріктер солтүстігіне жиналды. Этникалық қақтығыстарды болдырмау және екі жақты татуластыру мақсатында 1964 жылдан бері аралда БҰҰ-ның арнайы әскерлері тұрады, әрі мұнда БҰҰ Бас хатшысының Кипр мәселесі бойынша төтенше өкілдігі орналасқан. Кипр – БҰҰ (1960), Еуропа Кеңесі (1964) және Британ Достастығының мүшесі. 1972 жылдан Еуропалық одаққа қауымдасқан мүше. 1987 ж. осы ұйыммен кедендік одақ құру жөнінде арнайы хаттамаға қол қойды, ал 1998 жылдан бері толық мүшелікке өту жөнінде келіссөздер жүргізуде. Елдің басты сауда серіктестері: Батыс Еуропа мемлекеттері мен араб елдері. Аралдың түрік тұрғындары 1989 ж. 15 қарашада Солтүстік Кипр түрік республикасының құрылғанын ресми түрде жариялады. Ел президенті болып Р.Денкташ сайланған (1995 ж. қайта сайланды). Қазіргі күні Солтүстік Кипр түрік республикасы әскери-қаржылық жағынан Түркия үкіметіне сүйеніп отыр. 1983 жылдан елде түрік ақшасы (лира) жүреді. 1983 ж. Түркия мен Солтүстік Кипр түрік республикасы арасында экономикалық келісім жасалып, 1990 ж. құжаттық бақылау алынып тасталды. 1997 ж. 20 маусымда осы екі ел басшылары экономикалық, қаржылық және ішінара қауіпсіздік, қорғаныс, сыртқы саясат салалары бойынша интеграциялану жөнінде бірлескен декларация қабылдады.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Мұнда емендер, кипаристер, алеппо қарағайлары өседі. Аралда тұрақты өзендер жоқ. Қой, ешкі және шошқа жайылатын жайылымдар құрлық ауданының 10%-ын алып жатыр. Басты ауыл шаруашылығы дақылдарына бидай, картоп, темекі, бадам мен кипр шарап жасаушылары пайдаланатын жүзім жатады. Аралда жылдық орташа температурасы 20,5°С болатын жылы жерортатеңіздік климат орныққан. Троодостың кейбір жерлерінде 1050 мм-ге дейінгі мөлшерде жауын-шашын түскенімен, орташа жылдық деңгейі 500 мм-ден аспайды.

Кипр ежелгі Эгей мәдениеті орталықтарының бірі болды. Ол әр түрлі уақытта әр түрлі мемлекеттердің қарамағында болды. Б.з. 395 жылынан бастап ол Византия империясының құрамына кірді. Кейінірек оны арабтар мен кресшілер жаулап алды. 1571—1878 жылдары оған Осман империясы қожалық етті. 1878—1959 жылдары Кипр Ұлыбританияның отары болды. Халықтың 78%-ға жуығын кипрлік гректер, 18%-ға жуығын түріктер құрайды.

Кипр Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін 1960 жылы алды. Алайда 1963 жылы кипрлік гректер мен түріктердің арасында қарулы қақтығыстар болып өтті.

Ал 1974 жылы Түркия аралға баса-көктеп кіріп, оның үштен бірін құрайтын солтүстігіне бақылау орнатып, 1983 жылы "Солтүстік Кипр Түрік республикасын" құрды. Бірақ бұл республиканы дүниежүзілік қауымдастық таныған жоқ.

Кипр бөлшектенген күйінде қалып отыр, онда 1964 жылдан бастап БҰҰ-ның бейбітшілік сақтаудың тұрақты күштері орналасқан. Кипрдің өнеркәсіптік орталықтарының басым бөлігі түрік аумағында орналасқанмен, әсіресе туризмнің арқасында экономика аралдың оңтүстігінде дамуда. 2000 жылы аралда 2,7 млн-дай адам демалды.

Тағы қараңыз

Үлгі:Мойындалмаған және жартылай мойындалған мемлекеттер

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geo-stub