Тбилиси

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Тбилиси (Үлгі:Lang-ka, Үлгі:Audio – «жылы қайнар») — Грузияның астанасы және ірі қаласы. Мтквари (Кура) өзенінің бойында орналасқан. Тбилиси атауы алғашқы рет IV ғасырда айтылады, оның пайда болуын (груз. ტფილისი [Тпилиси]; тбили — «жылы») қалада жылы күкірт қайнарының пайда болуымен байланыстырады, 1936 жылға дейін орыс тілінде грек әдебиетінен<ref name="Поспелов">Поспелов Е. М. Географические названия мира: Топонимический словарь, М., «Русские словари», 1998, с. 412 — ISBN 5-89216-029-7</ref>. енген Тифлис атауын қолданып келді. 1936 жылдың 20 тамызынан бастап ресми түрде атаудық ұлттық айтылуына жақын болатын, Тбилиси деп атау қабылданды.

Қала 726 км² аумақты құрайды және онда 108 24 00 тұрғын өмір сүреді.

Б.з.V ғасырда Иберия патшасы Вахтанг Горгасали негізін қалаған және VІ ғасырда астана болған Тбилиси Гүржістанның маңызды өндірістік, әлеуметтік, мәдени орталығы болып табылады. Қала, сол сияқты, ғаламдық энергетикалық және сауда-саттық жобалардың транзиттік орталығы болып табылады. Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық орналасу Тбилисиді бірнеше мәрте Кавказдағы әр алуан күштердің қақтығысына алып келді. Руставели атындағы кең алаңнан бастап, ертеректегі Ортағасырдағы Нарикала ауданының сақталған тар көшелерінен қаланың тарихын оның сәулет өнері арқылы тануға болады.

Қаланың тұрғылықты халқы әр алуан, тарихи Тбилиси әр түрлі ұлттар мен мәдениеттің, діннің және этникалық топтардың мекені болып табылады.Тбилисидің басым тұрғындары православ, Грузиндік Православ шіркеуінің келушілері болғанымен, Абанотубани ежелгі ауданында Метехи шіркеуінен бірнеше жүз метрлік қашықтықта синагогтар, шіркеулер, мешіттер бір-бірімен қатар салынған.

Тбилисиде бір халықаралық әуежай орналасқан. Әулие Үштік Кафедральді Соборы, Сиони, Метехи, Нарикала Кафедральді Соборы, Гүржістан парламентінің ғимараты, Руставели алаңы, Анчисхати, Мтацминда (Әулие тау)Тбилис операсы, Кашвети, Әлем Көпірі шіркеуі Тбилисидің ерекше туристік бағыттары болып саналады.

Атауы

1936 жылға дейін қала орыс тілінде Тифлис, ал грузин тілінде ტფილისი ([Тпилиси] (бұрынғы грузин атауы). Өзінің атауын ол жылы серный қайнарларының болуынан алды(грузин тілінен аударғанда, «тбили» ( «тпили») , яғни, «жылы»).

Физико-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Тбилиси Кур өзенінің аңғарында тау алдиына іргелес 30 км созылып жатқан тар алапта орналасқан Тбилисс шұңқырында орналасқан.

Климаты

Сурет:Tbilisi 1464.jpg
Абанотубани — Тбилисидің ескі оралымы

Ұзақ ыстық жазымен, қысқа жылы көктемімен және жұмсақ қысымен жұмсақ-континентальді климат боп келеді.

Үлгі:Қаланың ауа райы

Фауна

фауна қаланың өте алуан төңірегі болып, осындай түлкі, қорқау қасқыр сияқты жануарлар бар. Көптеген рептилиялар мен құстар. Табиғи кешендерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау үшін аймақта Тбилиси ұлттық паркі ашылды.

Хайуанаттар әлемі

Қала төңірегіндегі хайуанаттар әлемі әралуан, түлкілер, жолақ қорқаулар, шиебөрі, қасқырлар кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар мен құстар да көп. Аймақта табиғи кешенді қорғау және сақтау мақсатында Тбилиси ұлттық саябағы құрылды.

Экономикасы

Мәліметтер бойынша Тбилисидегі жұмыссыздар саны тұрғындардың 29,6 % құрайды (2009).<ref>Distribution of population age of 15 and older by economic status and regions in 2009Үлгі:Deadlink // Geostat.ge</ref>

Транспорты

Тбилисиде метрополитен жұмыс істейді.

2006 жылға дейін қалада троллейбус және трамвай жол тораптары қызмет тетті. Тбилиси қаласында Гүржістанның басты әуежайы "Новоалексеевка" халықаралық әуежайы орналасқан.

Тбилиси Гүржістан Темір Жолының аса маңызды теміржол торабы, елдің ірі транспорттық орталығы болып табылады.

Жергілікті танымал тұлғалар

Топографиялық карталар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Еуропа елордалары Үлгі:Азия елордалары