Мәскеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен

Мәскеу (Үлгі:Lang-ru, (Үлгі:Audio)) — Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еуропа бөлігінің ортасында, Мәскеу өзенінің жағасында орналасқан. Жер аумағы 1000 км2. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температура қаңтарда –10,20С, шілдеде 18,10С; жылдық жауын-шашын мөлшері 600 мм-ге жуық. Мәскеу – дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі. Халқы 11,5 млн (2011). Мәскеу – 13 – 14 ғасырларда Владимир Суздаль ұлы князьдіктерінің, 15 ғасырдың соңғы ширегінен 1712 жылға дейін бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің, 1918 жылы наурыздан – 1922 жылдың желтоқсанға дейін РКФСР-дің, 1922 жылы желтоқсаннан – 1992 жылға дейін КСРО-ның астанасы болды. Мәскеу аумағындағы алғашқы қоныстар б.з.б. 2-мыңжылдықта пайда болды. 10 – 11 ғасырларда мұнда шығыс славян тайпасывятичтер қалашығы орналасты.

Сурет:Moscow.gif
Ескі Мәскеу қаласының картасы
Сурет:Map of Moscow 1784.jpg
Мәскеу қаласының картасы 1784 жылы
Сурет:Moscow satellite image.jpeg
Мәскеу қаласының жер серігінен қарағандағы көрінісі
Ұлт өкілдері Саны, адам (барлығы — 11 млн)<ref>Приложения к итогам ВПН 2010 ж. в городе Москве</ref> Пайызбен
Орыстар 9 930 410 91,65%
Украиндар 154 104 1,42%
Татарлар 149 043 1,38%
Армяндар 106 466 0,98%
Әзірбайжандар 57 123 0,53%
Еврейлер 53 142 0,49%
Белорустар 39 225 0,36%
Грузиндер 38 934 0,36%
Қазақтар 9 393 0,09%
Басқа ұлттар 668 409 5,81%
Мәскеу қаласының туу туралы статиктикасы (1350-2009)

Тарихы

Мәскеу (Ресей империясы) 1908 жылы (Бейнекөрініс)

Мәскеу жөніндегі ең алғашқы дерек Ипатьев жылнамасында кездеседі. 1147 жылғы сәуірдегі жазбада князь Юрий Долгорукийдің Чернигов-Северск князі Святослав Ольговичті өз мекеніне, “Московқа” кеңес өткізу үшін шақырғаны баяндалады. Осы жыл (1147) Мәскеудің (Москваның) іргесі қаланған мерзім болып есептеледі. Мәскеудің өсуіне, жетекші рөл атқаруына оның тұрған жері (орыс халқының қалыптасуына ықпал еткен орталық, сауда жолдарының торабы) себеп болды. 15 – 16 ғасырларда Мәскеу саудамен, қолөнермен айналысатын ірі қалаға айналып, біртіндеп бүкіл орыс жерінің мәдени орталығы бола бастады. Кремль, Покров соборы (Василий Блаженный), т. б. салынды. Мәскеуде орыстың кітап басу өнері дами бастады. 1607-12 жылы поляк-литван интервенттері Мәскеуді басып алды. Оларға қарсы К.Минин мен Д.Пожарский бастаған азаттық күрес орыс халқының жеңісімен аяқталды. Бірте-бірте Мәскеу бүкіл ресейлік нарықтық орталыққа айналып, Еуропа, Азия көпестерінің назарын аударды. 1678 жылы славян-грек-латын академиясы ашылды. Мәскеу тұрғындары И.Болотников бастаған шаруалар соғысына, 17 ғасырдағы көтерілістерге (1648 жылы “Тұз бүлігі”, 1662 жылы – “Мыс бүлігі”, 1682 жылы “Хованщина”) белсене қатысты.

  • Мәскеу 19 ғасыр мен 20 ғасырдың бас кезінде Ресейдегі революция күрестің басты орталықтарының бірі болды.
  • 1935 жылы 10-шілдеде Кеңес үкіметі Мәскеуді көркейтудің бас жоспарын қабылдау жөнінде арнайы қаулы шығарды, сол жылы метро пайдалануға берілді.
  • 1941 жылы Мәскеу түбінде неміс-фашист әскерлеріне алғаш күйрете соққы берілді. (қала Мәскеу шайқасы).
  • 1945 жылы 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда жеңіс шеруі болып өтті.
  • 1947 жылы Мәскеудің 800 жылдық, 1997 жылы 850 жылдық мерейтойлары атап өтілді.

Экономикасы

1712 жылы Петр І астананы Санкт-Петербургке көшіргеннен кейін де Мәскеу ірі экономикалық мәдени орталық болып қала берді, Ресейдің екінші астанасының рөлін атқарды. Мәскеуде 1702 жылы Ресейлік тұңғыш театр, 1703 жылы газет (“Ведомости”), 1755 жылы университет ашылды. 1918 жылы 12 наурызда Кеңес үкіметінің астанасы Петроградтан Мәскеуге көшірілді. Мәскеу кеңес экономикасының орталықна айналып, қала халқы жедел өсті. Мәскеудегі Кремльдің іргетасы 11 ғасырдан қалана бастап, дүниежүзілік сәулет өнерінің қайталанбас ескерткішіне айналды. Кремльде 20 мұнара бар, олар негізінен 1485 – 1495 жылы салынды. Спасск мұнарасына 1625 жылы Кремль куранттары, 1937 жылы Спасск, Троицк, Никольск, Боровицк мұнараларына асыл минералдардан бесжұлдыздар орнатылды. Мәскеудегі негізгі алаң – Қызыл алаң. Жылнамалардағы жазу бойынша Қызыл алаң 15 ғасырдың соңына қарай сауда алаңы ретінде пайда болған (16 ғасырда Троицк алаңы, ал 17 ғасырдан Қызыл алаң). Қызыл алаңда В.И. Лениннің мазары, Белгісіз жауынгердің зираты, Мәңгі алау орналасқан. Мәскеуде әр түрлі тарихи кезеңдерде тек Ресей мәдениеті ғана емес, дүниежүзілік мәдениетке елеулі үлес қосқан әйгілі ақындар мен жазушылар, ғалымдар, суретшілер, сазгерлер, әртістер, т.б. өнер адамдары өмір сүріп, шығармашылық қызметпен айналысты. 1980 жылы жазда Мәскеуде 22-Олимпиадалық ойындар өтті. Мәскеу – көлік торабы әрі Еуропадағы аса ірі әуе жолдары тораптарының бірі. Мәскеуден 11 бағытқа темір жол тарайды, мұнда үлкен өзен порты орналасқан. Внуково, Домодедова, Быково, Шереметьево әуежайлары жұмыс істейді. 80-нен аса жоғарғы оқу орындары мен 70-ке жуық түрлі мұражайлар бар.

1100px

Мәскеу өзенінен көрініс. Сол жағында — Богдан Хмельницкий көпірі, Ортасында — Еуропа Алаңы және Киевский вокзалы, артқы көрісте — салынып жатқан «Москва-Сити» Мәскеу халықаралық іскерлік орталығы, оң жағында — Бородинский көпірі және Смоленский метрокөпір, артқы көріністе — Ресей Федерациясының Үкіметінің Үйі (2006 жыл)

Қазақстан мен Мәскеу қарым қатынастары

19 – 20 ғасырларда Мәскеу мен қазақ елі арасында кең көлемді мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынастар орнады. Әр жылдары Ғани Мұратбаев, Тұрар Рысқұлов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақ халқының айтулы азаматтары Мәскеуде тұрып, жұмыс істеді. Қазақ өнері мен ғылымының көрнекті өкілдері Мәскеуде оқып, білім алды. 1936 жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанда Мәскеуден көшіріліп әкелінген көптеген кәсіпорындар жұмыс істеді. Мәскеу ғалымдары мен өнер қайраткерлері (“Мосфильм” киностудиясының қызметкерлері) соғыс жылдары Алматыда тұрып, еңбектенді. 1942 жылы эвакуациямен келген “Мосфильм” мен “Ленфильм” киностудиялары Алматы көркемфильмдер киностудиясымен қосылып, 1944 жылға дейін біріккен Орталық киностудия (ЦОКС) деген атпен жұмыс істеді. С.Эйзенштейн, Ю.Я. Райзман, Г.Л. Рошаль, В.И. Пудовкин, Д.Вертов сынды кеңес кино өнерінің майталмандары қазақ шеберлерімен шығармашылық бірлікте болды. Мәскеуден көшіріліп келген ғылыми мекемелер мен академиялфп И.П. Вернадский, А.Обручев, А.И. Понкратова, А.Скочинский, т.б. ғалымдар соғыс жылдарында Қазақстанда жұмыс істеді. Қазіргі таңда қалада 8,5 мыңнан аса (1989) қазақтар тұрады. Мәскеуде Қазақстан елшілігі, Мәскеу қазақтарының ұлттық орталығы жұмыс істейді. Мәскеу Астана және Алматы қалаларымен экономикалық, мәдени тығыз байланыстар орнатқан. Қаладағы жоғарғы оқу орындарында көптеген қазақ жастары білім алуда.

Дереккөздер

<references/>
  • Ильин М.А., Москва, М., 1970;
  • Қазақстан тарихы, Все столицы мира, М., 2001. А., 1994.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Еуропа елордалары Үлгі:Жазғы ОО астаналары