Олимпиада ойындарындағы Қазақстан
Үлгі:Олимпиада ойындарындағы Қазақстан Қазақстан дербес команда ретінде Олимпиада ойындарына алғаш рет 1994 жылы қатысты. Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылып, 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды.
1988 жылға дейін қазақстандық спортшылар КСРО құрамасының сапында өнер көрсетті. КСРО ыдырағаннан кейін, 1992 жылғы Барселонадағы жазғы және Альбервильдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан өкілдері Олимпиада туы астындағы Біріккен команда құрамында сынға түсті. 1994 жылғы Лиллехаммердегі қысқы Олимпиададан бастап мемлекет өз туымен жеке команда ретінде қатыса бастады. Екі жылдан кейін, 1996 жылы Атлантада Қазақстан спортшылары дербес құрама ретінде жазғы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты.
Барлығы 8 жазғы және 9 қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, тиісінше 78 және 9 медаль жеңіп алынды.
Қазақстан 2018 жылғы XXIII қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін ұсыныс берген болатын, алайда жеңіс Кореяның Пхёнчхан қаласына бұйырды.
Мазмұны
Тарихы
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрамында
Олимпиада ойындарында қазақ жастары арасынан тұңғыш медаль алған Ғұсман Қосанов болды. Ол 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында 4100 метрлік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.
Ал тұңғыш чемпион атанған баскетболшы Әлжан Жармұхамедов болды. Ол 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиада ойындарында КСРО баскетбол құрамасында өнер көрсетіп чемпион атанды.
1980 жылы өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен КСРО чемпионы — Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков алтыннан алқа тағынды.
ҚазКСР арасынан қысқы ойындардан тұңғыш Олимпиада медалін иемденген қостанайлық шаңғышы Иван Гаранин болды. Ол 1976 жылы Инсбрук қаласында өткен XII қысқы Олимпиада ойындарында екі бірдей қола жүлдемен оралды.
Мұнан соң 1988 жылы Калгариде өткен ХV Олимпиада ойындарында шаңғышылар Владимир Сахнов күміс, Владимир Смирнов екі күміс және қола медаль алды.
Тәуелсіздік алғаннан бері
1988 жылға дейін қазақ спротшылары КСРО құрамында өнер көрсетіп жүрді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы КСРО-ның 15 елі бірігіп 1992 жылғы XXV жазғы Олимпиада ойындарында «Біріккен команда» (Unified Team) ретінде өнер көрсетті. Ал 1994 жылы XVII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет ретінде қатысып, қанжығасына 1 алтын, 2 күміс медаль салған болатын.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Бұл үш медальдардың үшеуін де шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын.
1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарында Василий Жиров (бокс), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) алтын, Анатолий Храпатый (ауыр атлетика), Сергей Беляев (нысана көздеу), Болат Жұмаділов (бокс) күміс, Мәулен Мамыров (еркін күрес), Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбрайымов (бокс), Владимир Вохмянин (нысана көздеу) қола медаль алып, командалық есепте 196 елдің арасынан 24-ші орынға тұрақтады.
1998 жылы Наганода өткен ХVІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 2 қола алды, олар шаңғышы Владимир Смирнов және конькиші Людмила Прокашева болды.
2000 жылы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарында Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (бокс), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика) алтын, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Дәлдібеков (бокс), Александр Винокуров (велоспорт), Ислам Байрамуков (еркін күрес) күміс медаль алып, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-ші орын алды.
2004 жылы Грекияда өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев (бокс) алтын, Генадий Лалиев (еркін күрес), Георгий Цурцумиа (грек-рим күресі), Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыр атлетика) күміс, Серік Елеуов (бокс), Мкхитар Манукян (грек-рим күресі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-шы орынға табан тіреді.
2008 жылы Бейжіңде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика) алтын, Ирина Некрасова (ауыр атлетика), Асқат Жіткеев (дзюдо), Алла Важенина (ауыр атлетика), Таймураз Тигиев (еркін күрес) күміс, Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Елена Шалыгина (еркін күрес), Марид Муталимов (еркін күрес), Еркебұлан Шыналиев (бокс), Арман Шылманов (таэквондо) қола жүлдені иемденді. Алайда, кейіннен Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) допинг сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде бірқатар спортшылардың көрсеткіштерін жойды. Атап айтқанда, Илья Ильин, Ирина Некрасова, Таймураз Тигиев, Әсет Мәмбетов және Мария Грабовецкая тыйым салынған препараттар қолданғаны үшін медальдарынан айырылды. Сонымен қатар, қарсыластарының шеттетілуіне байланысты Алла Важенинаның күміс медалі алтынға, ал Нұрбақыт Теңізбаевтың қола медалі күміске ауыстырылды. Сондай-ақ, нәтижелер қайта қаралған соң Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) күміс жүлдегерлер қатарына қосылды. Осы өзгерістерден кейін Қазақстанның жалпы есептегі орны 37-ге төмендеді.
2010 жылы Ванкуверде өткен XXI қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір күміс медаль иеленді. Елена Хрусталёва биатлоннан 15 шақырымдық жекелей сында екінші орын алып, ел қоржынына жалғыз жүлдені салды. Бұл көрсеткіш Қазақстан үшін 1998 жылдан бергі қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы медаль болды.
2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін алдыңғы ойындарға қарағанда ең сәтті болды. Лондонда Қазақстан 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға тұрақтады. Мұнда Серік Сәпиев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика), Александр Винокуров (велоспорт), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика), Майя Манеза (ауыр атлетика), Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) алтын, Әділбек Ниязымбетов (бокс) күміс, Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес), Гузель Манюрова (еркін күрес), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), Иван Дычко (бокс) қола жүлдені иемденді.
Алайда, допинг сынамаларын қайта тексеруден кейін Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстан құрамасының нәтижелерін түбегейлі өзгертті. Ауыр атлетикадан алтын алған Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін чемпиондық атақтарынан айырылып, медальдарын қайтарды. Сонымен қатар, қарсыластарының шеттетілуіне байланысты нәтижелер қайта қаралып, жаңа жүлдегерлер анықталды. Атап айтқанда, Анна Нұрмұхамбетова (ауыр атлетика) 4-орыннан күміс жүлдеге, ал Дәулет Шабанбай (еркін күрес) 5-орыннан қола жүлдеге ие болды.Осы даулы мәселелерден кейін Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 12-ші орыннан 24-ші орынға дейін төмендеді.
2014 жылы Сочиде өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан бір қола медаль иеленді. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында Денис Тен үшінші орынға ие болды. Бұл Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алынған алғашқы Олимпиада жүлдесі болды.
2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін алынған медальдардың жалпы саны бойынша рекордтық көрсеткішке ие болды. Құрама қоржынына барлығы 18 медаль (бастапқыда 3 алтын, 5 күміс, 10 қола) түсті. Мұнда Данияр Елеусінов (бокс), Дмитрий Баландин (жүзу) және Ниджат Рахимов (ауыр атлетика) алтын жүлде иеленді. Күміс медальдарды Әділбек Ниязымбетов (бокс), Василий Левит (бокс), Елдос Сметов (дзюдо), Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика) және Гюзель Манюрова (еркін күрес) алды. Қола жүлделерді Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Иван Дычко (бокс), Дариға Шәкімова (бокс), Галбадрахын Отгонцэцэг (дзюдо), Фархад Харки (ауыр атлетика), Александр Зайчиков (ауыр атлетика), Карина Горичева (ауыр атлетика), Екатерина Ларионова (еркін күрес), Эльмира Сыздықова (еркін күрес) иемденді.
Кейіннен Халықаралық спорттық арбитраж соты (CAS) мен Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) допинг сынамаларын алмастырғаны үшін Ниджат Рахимовтың нәтижесін жойып, алтын медалін кері қайтарып алды. Сонымен қатар, ауыр атлет Денис Уланов бастапқыда 4-орын алғанымен, румыниялық Габриэль Синкраянның допинг қолданғаны анықталуына байланысты қола медаль иегері деп танылды. Осы өзгерістерден кейін Қазақстанның алтын медальдар саны 2-ге азайып, жалпы медаль саны 17 болып нақтыланды.
2018 жылы Пхенчханда өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір қола медаль алды. Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы жарыста Юлия Галышева үшінші орынды иеленді.
2021 жылы Токиода өткен XXXII жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 8 қола медаль иеленді. Бұл дода Қазақстанның Тәуелсіздік тарихындағы ең нашар нәтиже көрсеткен жазғы Олимпиадасы болды. Құрама алғаш рет бірде-бір алтын және күміс медаль ала алмай, жалпы есепте 83-ші орынға түсіп қалды. Жарыс қорытындысы бойынша Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон (ауыр атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Сәкен Бибосынов (бокс), Нурислам Санаев (еркін күрес), Дархан Асаділов және Софья Берүлцева (каратэ) қола жүлдегер атанды.
2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бірнеше тарихи нәтижелерге қол жеткізді. Мұнда Елдос Сметов (дзюдо) алтын, Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика) және Нұрбек Оралбай (бокс) күміс, ал Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (нысана көздеу, аралас жұп) қола жүлдені иемденді.
2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы саны 7 медаль (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) иеленді. Бұл сында Елдос Сметов (дзюдо) алтын жүлдегер атанса, Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика), Нұрбек Оралбай (бокс) және Демеу Жадыраев (грек-рим күресі) күміс медальді иемденді. Сондай-ақ, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (нысана көздеу), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо) және Назым Қызайбай (бокс) қола жүлдеге ие болды.
2026 жылы Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір алтын медаль иеленді. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров бірінші орын алып, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алынған тұңғыш алтын және 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы жоғары деңгейлі жүлде болды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 19-шы орынға тұрақтады.
Медаль кестесі
Жазғы Олимпиада ойындары
| Ойындар | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы | Орны |
|---|---|---|---|---|---|
| Үлгі:Flagicon Атланта 1996 | 3 | 4 | 4 | 11 | 24 |
| Үлгі:Flagicon Сидней 2000 | 3 | 4 | 0 | 7 | 22 |
| Үлгі:Flagicon Афины 2004 | 1 | 4 | 3 | 8 | 40 |
| Үлгі:Flagicon Бейжің 2008 | 2 | 3 | 4 | 9 | 37 |
| Үлгі:Flagicon Лондон 2012 | 3 | 2 | 6 | 11 | 23 |
| Үлгі:Flagicon Рио 2016 | 2 | 5 | 10 | 17 | 30 |
| Үлгі:Flagicon Токио 2020 | 0 | 0 | 8 | 8 | 83 |
| Үлгі:Flagicon Париж 2024 | 1 | 3 | 3 | 7 | 43 |
| Барлығы | 15 | 24 | 39 | 79 | 45px |
Қысқы Олимпиада ойындары
| Ойындар | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы | Орны |
|---|---|---|---|---|---|
| Үлгі:Flagicon Лиллехаммер 1994 | 1 | 2 | 0 | 3 | 12 |
| Үлгі:Flagicon Нагано 1998 | 0 | 0 | 2 | 2 | 20 |
| Үлгі:Flagicon Солт-Лейк-Сити 2002 | 0 | 0 | 0 | 0 | – |
| Үлгі:Flagicon Турин 2006 | 0 | 0 | 0 | 0 | – |
| Үлгі:Flagicon Ванкувер 2010 | 0 | 1 | 0 | 1 | 25 |
| Үлгі:Flagicon Сочи 2014 | 0 | 0 | 1 | 1 | 26 |
| Үлгі:Ту Пхенчхан 2018 | 0 | 0 | 1 | 1 | 28 |
| Үлгі:Flagicon Бейжің 2022 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| Үлгі:Flagicon Милан 2026 | 1 | 0 | 0 | 1 | 19 |
| Барлығы | 2 | 3 | 4 | 9 | 45px |
Жазғы спорт түрлерінен медальдар
| Спорт бойынша медальдар | |||||
| Ойындар | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы | |
|---|---|---|---|---|---|
| Бокс | 7 | 8 | 11 | 26 | |
| Жеңіл атлетика | 2 | 1 | 2 | 5 | |
| Күрес | 1 | 6 | 11 | 18 | |
| Ауыр атлетика | 1 | 3 | 7 | 11 | |
| Велоспорт | 1 | 1 | 0 | 2 | |
| Қазіргі бассайыс | 1 | 0 | 0 | 1 | |
| Жүзу | 1 | 0 | 0 | 1 | |
| Гимнастика | 0 | 1 | 0 | 1 | |
| Нысана көздеу | 0 | 2 | 2 | 4 | |
| Дзюдо | 1 | 2 | 3 | 6 | |
| Каратэ | 0 | 0 | 2 | 2 | |
| Тхэквондо | 0 | 0 | 1 | 1 | |
| Барлығы | 15 | 25 | 38 | 78 | |
Қысқы спорт түрлерінен медальдар
| Спорт бойынша медальдар | |||||
| Ойындар | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы | |
|---|---|---|---|---|---|
| Шаңғы жарысы | 1 | 2 | 1 | 4 | |
| Мәнерлеп сырғанау | 1 | 0 | 1 | 2 | |
| Биатлон | 0 | 1 | 0 | 1 | |
| Конькимен жүгіру | 0 | 0 | 1 | 1 | |
| Фристайл | 0 | 0 | 1 | 1 | |
| Барлығы | 2 | 3 | 4 | 9 | |
Қазақстанның Олимпиада жүлдегерлері
Қысқы Олимпиада ойындары
| Медаль | Спортшы | Ойындар | Спорт түрі | Дисциплина |
|---|---|---|---|---|
| Үлгі:Алтын медаль | Владимир Смирнов | 1994 Лиллехаммер | 25px Шаңғы жарысы | Ерлер, 50 км, классикалық |
| Үлгі:Күміс медаль | 25px Шаңғы жарысы | Ерлер, 10 км, классикалық | ||
| Үлгі:Күміс медаль | 25px Шаңғы жарысы | Ерлер, 15 км, еркін стиль | ||
| Үлгі:Қола медаль | 1998 Нагано | 25px Шаңғы жарысы | Ерлер, 15 км, еркін стиль | |
| Үлгі:Қола медаль | Людмила Прокашева | 25px Конькимен жүгіру | Әйелдер, 5000 м | |
| Үлгі:Күміс медаль | Елена Хрусталёва | 2010 Ванкувер | 25px Биатлон | Әйелдер, жекелей жарыс |
| Үлгі:Қола медаль | Денис Тен | 2014 Сочи | 25px Мәнерлеп сырғанау | Ерлер, жекелей сырғанау |
| Үлгі:Қола медаль | Юлия Галышева | 2018 Пхенчхан | 25px Фристайл | Әйелдер, могул |
| Үлгі:Алтын медаль | Михаил Шайдоров | 2026 Милан-Кортина | 25px Мәнерлеп сырғанау | Ерлер, жекелей сырғанау |
Мәртебесі көтерілген жүлдегерлер
- Нұрбақыт Теңізбаев — қоладан күміске (Күрес)
- Алла Важенина — күмістен алтынға (Ауыр атлетика)
- Ольга Рыпакова — 4-орыннан күміске (Жеңіл атлетика)
- Анна Нұрмұхамбетова — 4-орыннан күміске (Ауыр атлетика)
- Дәулет Шабанбай — 5-орыннан қолаға (Күрес)
- Денис Уланов — 4-орыннан қолаға (Ауыр атлетика)
Айырылған Олимпиада медальдары
Төменде көрсетілген Қазақстан спортшылары допинг-сынамалары оң нәтиже көрсеткеннен кейін медальдарынан айырылды.
| # | Медаль | Спортшы | Спорт түрі | Дисциплина | Уақыты |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Үлгі:Алтын медаль | Илья Ильин | Ауыр атлетика | Ерлер, 94 кг | 17 тамыз 2008 |
| 2 | Үлгі:Күміс медаль | Ирина Некрасова | Ауыр атлетика | Әйелдер, 63 кг | 12 тамыз 2008 |
| 3 | Үлгі:Күміс медаль | Таймураз Тигиев | Күрес | Еркін күрес, 96 кг | 21 тамыз 2008 |
| 4 | Үлгі:Қола медаль | Әсет Мәмбетов | Күрес | Грек-рим күресі, 96 кг | 14 тамыз 2008 |
| 5 | Үлгі:Қола медаль | Мария Грабовецкая | Ауыр атлетика | Әйелдер, +75 кг | 16 тамыз 2008 |
| 6 | Үлгі:Алтын медаль | Зүлфия Чиншанло | Ауыр атлетика | Әйелдер, 53 кг | 29 шілде 2012 |
| 7 | Үлгі:Алтын медаль | Майя Манеза | Ауыр атлетика | Әйелдер, 63 кг | 31 шілде 2012 |
| 8 | Үлгі:Алтын медаль | Светлана Подобедова | Ауыр атлетика | Әйелдер, 75 кг | 3 тамыз 2012 |
| 9 | Үлгі:Алтын медаль | Илья Ильин | Ауыр атлетика | Ерлер, 94 кг | 4 тамыз 2012 |
| 10 | Үлгі:Алтын медаль | Ниджат Рахимов | Ауыр атлетика | Ерлер, 77 кг | 10 тамыз 2016 |
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Үлгі:Cite web
- Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті Үлгі:WebarchiveҮлгі:Ref-ru,Үлгі:Ref-en,Үлгі:Ref-kk
Үлгі:Қазақстан ұлттық спорт құрамалары Үлгі:Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстаушылар