Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Теңізбаев Молдахмет, зейнеткер. Анасы - Теңізбаева Рысжан, зейнеткер. Орыс және қазақ тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1995 жылдан грек-рим күресімен айналыса бастады. Спортшы, нұсқаушы.
  • Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы (Стамбұл, 2003);
  • Әлем кубогының күміс жүлдегері (Иран, 2005);
  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (Ухань, 2005);
  • Олимпиада ойындарының 60 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Пекин, 2008).
  • Грек-рим күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері. «Құрмет» орденімөн (2008) марапатталған.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлеуметтік-экономикалық өсу». Хоббиі - ат спортының ұлттық түрлері. Үйленген. Екі баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub