Болат Нұретдинұлы Жұмаділов
Болат Нұретдинұлы Жұмаділов (1973 жылы 22 сәуірде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жетібай ауылында туған) – әуесқой боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000), әуесқой бокстан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы (1999)<ref>Үлгі:Cite web</ref>, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (1996, 2000).
Өмірбаяны
Спорттағы мансабы
Бокспен 12 жасынан бастап айналысқан. 1990 – 97 жылдары аралығында Қазақстан чемпионы, 1992 жылы ТМД елдерінің чемпионы. Алғашқы жаттықтырушысы Феликс Цой болды (Тараз). «Динамо» сапында өнер көрсеткенде жетістіктеріне қарай шен беріп тұрды, капитан деңгейіне дейін өсті.
Орталық Азия ойындарының (1995, 1997), 2-ші Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Корея) чемпионы.
Бокстан Әлем чемпионаттарының (1995 жылы, Берлин, Германия, 1997 жылы, Будапешт, Венгрия) қола, 26-Олимпиада ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) күміс және Әлем чемпионатының (1999, Хьюстон, АҚШ) алтын, 27-Олимпиада ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері.
1992 жылы Барселона Олимпиадасына жолдаманы иеленді. Болат Теміров екеуін 1992 жылғы Барселона Олимпиадасына апарып, жарысқа қатыстырмағанын спорттық саясатпен байланыстырады.
1993 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
| Бірінші ең жеңіл салмақ | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | ??.05.1993 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | RSC 1 | Үлгі:Flagicon Rajendra Prasad | ||||||||||
1995 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
| Ең жеңіл салмақ | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | 06.05.1995 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 12:4 | Үлгі:Flagicon Paul Shepherd | ||||||||||
| 1/8 | 08.05.1995 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 10:5 | Үлгі:Flagicon Sergey Kovganko | ||||||||||
| 1/4 | 10.05.1995 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | +6:6 | Үлгі:Flagicon Rachid Bouaita | ||||||||||
| 1/2 | 12.05.1995 | Үлгі:FlagiconБолат Жұмаділов | 19:4 | Үлгі:Flagicon Joni Turunen | ||||||||||
| Финал | 14.05.1995 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 6:11 | Үлгі:Flagicon Zoltan Lunca | ||||||||||
Атлантадағы Олимпиада ойындары
| Ең жеңіл салмақ | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/32 | 23.07.1996 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 18:7 | Үлгі:Flagicon Vladislav Nayman | ||||||||||
| 1/16 | 28.07.1996 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 21:4 | Үлгі:Flagicon Sergey Kovganko | ||||||||||
| 1/8 | 31.07.1996 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 13:6 | Үлгі:Flagicon Damaen Kelly | ||||||||||
| 1/4 | 02.08.1996 | Үлгі:FlagiconБолат Жұмаділов | 23:18 | Үлгі:Flagicon Zoltan Lunka | ||||||||||
| 1/2 | 04.08.1996 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 11:12 | Үлгі:Flagicon Maikro Romero | ||||||||||
1997 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
| Ең жеңіл салмақ | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | 20.10.1997 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | KO 3 | Үлгі:Flagicon Martin Castillo | ||||||||||
| 1/8 | 21.10.1997 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 20:3 | Үлгі:Flagicon Peter Balaz | ||||||||||
| 1/4 | 22.10.1997 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | WO | Үлгі:Flagicon Alisher Rakhimov | ||||||||||
| 1/2 | 24.10.1997 | Үлгі:FlagiconБолат Жұмаділов | 10:16 | Үлгі:Flagicon Ilfat Riazapov | ||||||||||
1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
| Ең жеңіл салмақ | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | 21.08.1999 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 8:5 | Үлгі:Flagicon Suleyman Pekdogan | ||||||||||
| 1/8 | 22.08.1999 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 9:5 | Үлгі:Flagicon Vakhtang Darchinyan | ||||||||||
| 1/4 | 24.08.1999 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 10:2 | Үлгі:Flagicon John Medina | ||||||||||
| 1/2 | 25.08.1999 | Үлгі:FlagiconБолат Жұмаділов | WO | Үлгі:Flagicon JAndrzej Rżany | ||||||||||
| Финал | 27.08.1999 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 6:4 | Үлгі:Flagicon Omar Narvaez | ||||||||||
Сиднейдегі Олимпиада ойындары
| Ең жеңіл салмақ | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/8 | 24.09.2000 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 12:9 | Үлгі:Flagicon Kennedy Kenyanta | ||||||||||
| 1/4 | 27.09.2000 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 15:8 | Үлгі:Flagicon Vakhtang Darchinyan | ||||||||||
| 1/2 | 29.09.2000 | Үлгі:FlagiconБолат Жұмаділов | 22:16 | Үлгі:Flagicon Jerome Thomas | ||||||||||
| Финал | 01.10.2000 | Үлгі:Flagicon Болат Жұмаділов | 12:19 | Үлгі:Flagicon Wijan Ponlid | ||||||||||
2001 жылы үйленіп, шаңырақ көтерген соң Жұмаділов кәсіби спорттағы мансабын аяқтады. Қысқа уақыт кеден саласында жұмыс істеді. Кейін жаттықтырушылықпен айналысты. 2010-жылдары Арқалықта үш жыл бапкерлік етті. «Астана арландарында» жаттықтырушы қызметін атқарды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Атлтанта күміс жүлде иеленгенде Таразда бокс федерациясын басқаратын Қайрат Шотпақов Тараздан пәтер берді. Облыс әкімі болған Амалбек Тшанов "Toyota Corolla" автокөлігін мінгізді. Кейін Сиднейден кейін облысты басқарған Серік Үмбетов Toyota Camry сыйлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдан үш бөлмеді үй берген<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Болат Жұмаділов ұзақ уақыт бойы жеке табысының негізгі көзі ретінде тек жаттықтырушылықпен шектелді. Өз үйіндегі жаттығу залына келген балаларға айына 10–20 мың теңге көлемінде ақы белгіленді.
2010-жылдардың соңынан бастап жеке жаттықтырушы ретінде жұмыс істей бастады. Өзінің үйінің төменгі қабатында шағын спортзал ашып, балаларды боксқа баулыды. Залды өзінің жеке бапкері Феликс Цойдың есімімен атады. Оның шәкірттері арасында кейін Марокко құрамасының бас бапкері болған Ерік Алғабеков бар.
2022 жылы Болат Жұмаділов банктік қарызын өтей алмай, екі бөлмелі пәтерінен айырылып қала жаздады. «Қазақстан спортшылар одағының» қолдауымен қайта қаржыландыру жасалып, арест алып тасталды. Нәтижесінде Жұмаділов отбасымен Астанадағы пәтерінде қалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары
- “Құрмет” орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Қоғамдық назарға түсуі
2025 жылғы қыркүейкте журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Болат Жұмаділовтен сұхбат алған болатын. Сұхбаттан кейін Болат Жұмаділовтің тұрмыстық жағдайы қоғамда талқылауға түсті. Белгілі спортшы ұзақ уақыт бойы шәкірттерін өз үйінің жертөлесінде жаттықтырған. Ол техникалық бөлмені шағын бокс залына айналдырды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Алайда жаттығу орнына тиесілі ғимараттың кез келген уақытта босатылуы мүмкін екендігі және құрал-жабдықтардың ескіргендігі айтылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың сұхбатынан кейін жағдай өзгерді. Бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп Болат Жұмаділовке Huinday Elantra автокөлігін сыйлады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Кәсіпкер Махат Төрәлі Астана қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніне бапкер ретінде тұрақты жұмыс ұсынды.
Жеке өмірі
Болат Жұмаділов үйленген, үш қызы бар. Отбасындағы балалар кәсіби спортпен айналыспайды.
Сілтемелер
- «Олимп». Болат Жұмаділов
- Сұxбат. Болат Жұмаділов (QazSport TV / QAZSPORT Арнасының YouTube арнасы) 2022 жыл
- «БІР КҮН». Болат Жұмаділов (Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасының YouTube арнасы) 2020 жыл
- Қазақ тіліміз көркейе берсін Үлгі:Webarchive
- "БОЛАТТАЙ БЕРІК БОКСШЫ". БОЛАТ ЖҰМАДІЛОВ (QAZSPORT TV, 2017 жылғы 24 желтоқсан)
- «Айбын». Болат Жұмаділов армияны сағыныпты (Хабар телеарнасының YouTube арнасы) 2018 жыл