Игорь Сергеевич Сон
Игорь Сон (16 қараша 1998 жыл, Үштөбе, Алматы облысы) — қазақстандық ауыр атлет, зілтемірші. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері<ref>"Қол жүлдені күткен жоқ едім". Игорь Сон Спортс.кз сайтында</ref>.
Карьерасы
Қазақстан ауыр атлетика мектебінің түлегі. Халықаралық жарыстарда 2013 жылдан бері бақ сынап келеді. Ересектер арасында 2017 жылдан бастап қатыса бастады.
Олимпиада ойындарына дейінгі ең үздік көрсеткіші – 2019 жылғы әлем чемпионатының күмісі. Ол кезде 55 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткен.
2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада 61 келі салмақта сынға түсіп, жұлқа көтеруде 131 килоны еркін бағындырса, серпе көтеруде 163 килоны еңсерді. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 294 келіні көтерді.
Спортшының жеке жаттықтырушысы – Сергей Седов.
Марапаттары
- «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз)<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы</ref>