Василий Валерьевич Жиров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы Үлгі:Медальдар

Жиров Василий Валерьевич (4 сәуір 1974 жыл, Балқаш қаласы, Қарағанды облысы) — боксшы, еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының чемпионы (1996), Баркер кубогының иегері (1996), Парасат орденінің кавалері.

Бокспен 12 жасынан бастап жаттыға бастады (жаттықтырушысы — В.И. Апачинский). 1989 — 91 ж. жасөспірімдер арасындағы республиканың, 1990 ж. КСРО-ның чемпионы атанды. Дүние жүзі чемпионатының күміс (1993, Берлин, Германия), қола (1995, Будапешт, Венгрия), 12-Азия ойындарының (1994, Хиросима, Жапония) қола жүлдегері. Орталық Азия елдері 1-ойындарының (1995, Ташкент, Өзбекстан), Азия құрлығының (1995), 26-Олимпия ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) чемпионы. 26-Олимпия ойындарында ең үздік боксшыға берілетін В.Баркер кубогін жеңіп алды. 1997 жылдан бастап толығымен кәсіпқой боксқа ауысты. Жиров ІBF версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2000). “Парасат” орденімен марапатталған (1996).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>