Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Боксшы

Үлгі:Медальдар

Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков (19.03.1976 жылы туған, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Абай ауылы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері (2000).

1994 ж. Шымкент гуманитарлық университетіне түскеннен кейін бокспен айналыса бастады. Алғашқы жаттықтырушысы – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин. 1996 ж. Ташкент қаласында өткен С.Джексон атындағы халықаралық турнирде ауыр салмақта (91 кг-нан жоғары) жеңіс тұғырына көтеріліп, спорт шебері атанды. Үш рет Қазақстанның (1997, 1998, 1999), Бангкокте өткен XIII Азия ойындарының (1998) чемпионы, Қазақстан – Куба боксшыларының жолдастық кездесуінің (1998) және Варшавада (Польша) өткен Ф.Штамм атындағы халықаралық турнирдің (1999) жеңімпазы, дүниежүзілік чемпионаттың (1999, Хьюстон, АҚШ), XXVII Олимпия ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері. XVIII Олимпия ойындарына (2004, Афины, Грекия) қатысқан.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> 1999 жылдың ең үздік спортшысы <ref>Оңтүстік Қазақстандықтар Афина олимпиадасында. "Кітап" ЖШС баспаханасы</ref>

1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

Аса ауыр салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 21.08.1999 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков WO Үлгі:Flagicon Levan Mekvabishvili
1/4 24.08.1999 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков 8:4 Үлгі:Flagicon Cengiz Koc
1/2 25.08.1999 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков 3:1 Үлгі:Flagicon Paolo Vidoz
Финал 27.08.1999 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков 4:4+ Үлгі:Flagicon Sinan Samil Sam

Сидней Олимпиадасы

Аса ауыр салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 23.09.2000 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков 16:5 Үлгі:Flagicon Grzegorz Kiełsa
1/4 27.09.2000 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков 25:12 Үлгі:Flagicon Алексис Рубалкаба
1/2 29.09.2000 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков 28:22 Үлгі:Flagicon Рустам Саидов
Финал 01.10.2000 Үлгі:Flagicon Мұхтархан Ділдабеков 16:30 Үлгі:Flagicon Эдлей Харрисон

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub