Михаил Станиславович Шайдоров
Үлгі:Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Станиславович Шайдоров (25 маусым 2004 жыл, Алматы) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы, бес мәрте мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы (2019–2023).
Шайдоров 2026 жылы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиадада чемпион атағын алған екінші спортшы атанды.<ref name="olympicskz26">Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Шайдоров 2004 жылғы 25 маусымда Алматыда дүниеге келген. Әкесі Станислав Шайдоров — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.<ref name="azattiq">Үлгі:Cite web</ref> 2026 жылы Шайдоров гимнастикадан Азия чемпионы Айсұлу Мырзағалиевамен көрісіп жүрген еді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мансабы
Ерте мансабы
Михаилды мәнерлеп сырғанауға әкесі Станислав баулыған болатын. Михаил бұл спортпен алты жасынан бері айналысып келген. Тұңғыш тәжірибесін Денис Тен сырғанаған алматылық мұз айдындарында алған болатын.<ref name="kursiv">Үлгі:Cite web</ref>
2010 жылы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы ашылды да, Шайдоров сол жерде жаттығуды бастады. Дәл осы жерде ол Денис Тенмен кездескен де болатын.<ref name="kursiv" />
Кәсіби мансабы
Мәнерлеп сырғанаудан кәсіби мансабын Шайдоров 2018 жылы Сочиге көшкесін бастаған еді. Осы кездері ол Олимпиада чемпионы Алексей Урмановпен жаттығуын бастады. Сол жылғы сәуірде ол Egna Spring Trophy халықаралық турнирінде төртінші орын алса, қарашада Ыстанбұлдық Bosphorus Cup жарысында күміс медаль жеңіп алды.<ref name="kursiv" />
2022 жылғы Жастар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Шайдоров күміс жүлдегері атанып, Илья Малининге жеңіледі. 2025 жылғы Бостондағы Әлем чемпионатында қарсыласымен тағы шайқасып, осы мәрте де күміс жеңеді.<ref name="kursiv" />
2025 жылғы Азия ойындарында ол қола медаль жеңген болатын. Сол жылғы Төрт құрлық чемпионатында ол алтын жүлдегері де атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Шайдоров арқасында Қазақстан осылайша қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы екінші алтын медаліне қол жеткізді. Бұған дейін Олимпиада ойындарында ел атынан алғаш рет жеңген спортшы — 1994 жылғы алтын жүлдегер шаңғышы Владимир Смирнов еді.<ref name="olympicskz26" /> Шайдоров алтын медаль аламын деп ойламағанын да айтқан: фаворит қарсыласы Илья Малинин қателік жасап, сегізінші орынға жайғасқан болатын.<ref name="kursiv" />
Марапаттары
2026 жылғы 14 ақпанда Қазақстан президенті Тоқаев Шайдоровты 2-дәрежелі Барыс орденімен марапаттады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>