Геннадий Казбекович Лалиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Спортшы Үлгі:Медальдар Лалиев Геннадий Казбекович (30 қазан 1979, Оңтүстік Осетия, Цхинвали қаласы) – қазақстандық палуан, еркін күрес шебері. 1999 жылға дейін Ресейдің атынан сынға түсіп, сол жылы Қазақстан азаматтығын алды.
Бапкері Т.С. Сайханов.
Жетістіктері
- Азия чемпионатының қола жүлдегері (1998, Ташкент, Өзбекстан).
- Олимпиялық іріктеу турнирінде алтын (1999, Минск, Белорусь Республикасы), күміс жүлдегер (1999, Лейпциг, Германия).
- Жазғы Олимпиада ойындарында 4-орын (2000, Сидней, Австралия),
- Әлем чемпионатының қола (2003, Нью-Йорк, АҚШ),
- Жазғы Олимпиада ойындарының күміс (2004, Афины, Грекия) жүлдегері.
Марапаттары
«Құрмет» орденімен марапатталған (2004).<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Еркін күрестен халықар. дәрежедегі спорт шебері (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (2004).