Илья Александрович Ильин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы <ref>Лондон-2012: Илья Ильин стал двукратным чемпионом Олимпиады</ref>. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Мазмұны
Биографиясы
Отбасы
Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.
Спорт
Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Әлем чемпионаты (2005)
2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Rank | Аты-жөні | Туған күні | Мемлекет | Өз салмағы | Топ | Жұлқа көтеру | Серпе көтеру | Қорытынды |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Илья Ильин | 24.05.1988 | Үлгі:KAZ | 84.65 | A | 170 | 216 | 386.0 |
2 | Ионг Лю | 01.01.1986 | Үлгі:CHN | 84.35 | A | 175 | 210 | 385.0 |
3 | Асламбек Едиев | 04.01.1970 | Үлгі:RUS | 84.73 | A | 170 | 211 | 381.0 |
4 | Олег Перепеченов | 06.09.1975 | Үлгі:RUS | 82.57 | A | 175 | 205 | 380.0 |
5 | Андрей Рыбаков | 04.03.1982 | Үлгі:BLR | 84.70 | B | 185 | 195 | 380.0 |
6 | Айджун Иан | 07.04.1977 | Үлгі:CHN | 84.28 | A | 173 | 205 | 378.0 |
7 | Вячеслав Ерошов | 07.12.1980 | Үлгі:KAZ | 82.67 | A | 175 | 200 | 375.0 |
8 | Тигран Мартиросян | 03.03.1983 | Үлгі:ARM | 84.07 | A | 172 | 202 | 374.0 |
9 | Валерию Галанчеа | 18.11.1980 | Үлгі:ROU | 84.50 | A | 165 | 207 | 372.0 |
10 | Карол Горчешевский | 06.11.1983 | Үлгі:POL | 84.99 | B | 165 | 200 | 365.0 |
11 | Хосе Оливер Руиз | 18.09.1974 | Үлгі:COL | 83.88 | B | 155 | 200 | 355.0 |
12 | Хектор Баллестерос | 18.10.1981 | Үлгі:COL | 83.55 | B | 157 | 195 | 352.0 |
13 | Ондрей Кутлик | 09.09.1976 | Үлгі:SVK | 84.98 | B | 155 | 195 | 350.0 |
14 | Чад Томас Ваун | 11.05.1980 | Үлгі:USA | 84.98 | B | 150 | 185 | 335.0 |
15 | Октавио Антонио Межиас Хернандес | 21.07.1982 | Үлгі:VEN | 82.82 | B | 145 | 186 | 331.0 |
16 | Али эль Моужоуд | 24.07.1982 | Үлгі:FRA | 80.50 | C | 148 | 177 | 325.0 |
17 | Норберт Цсер | 18.01.1985 | Үлгі:HUN | 83.30 | C | 148 | 171 | 319.0 |
18 | Хуан Карлос Гуитерио | 06.02.1983 | Үлгі:DOM | 82.68 | C | 141 | 177 | 318.0 |
19 | Павел Колосовский | 23.08.1981 | Үлгі:ISR | 84.16 | C | 140 | 174 | 314.0 |
20 | Руслан Рамазанов | 10.02.1987 | Үлгі:TKM | 84.18 | C | 140 | 170 | 310.0 |
21 | Уати Мапосуа | 26.07.1976 | Үлгі:SAM | 83.74 | C | 137 | 165 | 302.0 |
22 | Мансур Режепов | 03.01.1982 | Үлгі:TKM | 79.96 | C | 135 | 165 | 300.0 |
Әлем Чемпионаты (2006)
Санта Доминго, 94кг
Реті | Аты-жөні | Мемлекет | Жұлқа көтеру | Серпе көтеру | Қорытынды |
---|---|---|---|---|---|
1 | Илья Ильин | Үлгі:KAZ | 175 | 217 | 392.0 |
2 | Симон Колецки | Үлгі:POL | 173 | 219 | 392.0 |
3 | Роман Константинов | Үлгі:RUS | 177 | 215 | 392.0 |
4 | Мухама Созаев | Үлгі:RUS | 176 | 215 | 391.0 |
5 | Иоандарис Хернандес | Үлгі:CUB | 170 | 216 | 386.0 |
6 | Константин Пилеев | Үлгі:UKR | 171 | 214 | 385.0 |
7 | Николас Куртидис | Үлгі:GRE | 173 | 210 | 383.0 |
8 | Хосе Хуан Наваро Батиста | Үлгі:ESP | 170 | 208 | 378.0 |
9 | Евгений Братан | Үлгі:MDA | 170 | 208 | 378.0 |
10 | Альберт Кузилов | Үлгі:GEO | 172 | 205 | 377.0 |
11 | Бартоломей Восчиек Бонк | Үлгі:POL | 170 | 205 | 375.0 |
12 | Сантьяго Матринес | Үлгі:ESP | 170 | 200 | 370.0 |
13 | Миранда Хоел Сотолонго | Үлгі:CUB | 165 | 201 | 366.0 |
14 | Юрген Спиес | Үлгі:GER | 165 | 200 | 365.0 |
15 | Мохамад ел Нагар | Үлгі:EGY | 155 | 206 | 361.0 |
16 | Ли Унгджо | Үлгі:KOR | 160 | 200 | 360.0 |
17 | Теймурази Гогиа | Үлгі:GEO | 160 | 197 | 357.0 |
18 | Ангел Давид Даза Тапиа | Үлгі:VEN | 150 | 205 | 355.0 |
19 | Константинос Пападопулос | Үлгі:GRE | 155 | 200 | 355.0 |
20 | Андрей Мельник | Үлгі:UKR | 156 | 193 | 349.0 |
21 | Рене Хорн | Үлгі:GER | 146 | 200 | 346.0 |
22 | Ондрей Кутлик | Үлгі:SVK | 150 | 195 | 345.0 |
23 | Сутифон Ватанакасим | Үлгі:THA | 157 | 187 | 344.0 |
24 | Юки Хираока | Үлгі:JPN | 150 | 191 | 341.0 |
25 | Кунчай Начпум | Үлгі:THA | 150 | 190 | 340.0 |
26 | Джефрей Уиттмер | Үлгі:USA | 148 | 190 | 338.0 |
27 | Юрий Галкин | Үлгі:KAZ | 145 | 187 | 332.0 |
28 | Осаму Мизута | Үлгі:JPN | 140 | 189 | 329.0 |
29 | Мантас Звирблис | Үлгі:LTU | 145 | 182 | 327.0 |
30 | Атилла Кисс | Үлгі:HUN | 148 | 178 | 326.0 |
31 | Энтони Мартин | Үлгі:USA | 147 | 179 | 326.0 |
32 | Хуан Хименез | Үлгі:DOM | 142 | 172 | 314.0 |
33 | Нургелді Горганов | Үлгі:TKM | 140 | 162 | 302.0 |
34 | Луиджи Грандо | Үлгі:ITA | 130 | 166 | 296.0 |
35 | Давид Ниевес | Үлгі:PUR | 130 | 150 | 280.0 |
36 | Нельсон Гатика | Үлгі:CHI | 120 | 145 | 265.0 |
Пекин Олимпиадасы (2008)
Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.
Нәтижесі
Ауыр атлетикадан 94кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг бағындырып аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.
# | Аты-жөні | Мемлекет | Жұлқа көтеру | Серпе көтеру | Қорытынды |
---|---|---|---|---|---|
1. | Илья Ильин | Үлгі:KAZ | 180 | 226 | 406 |
2. | Симон Колецки | Үлгі:POL | 179 | 224 | 403 |
3. | Хаджимурат Аккаев | Үлгі:RUS | 185 | 217 | 402 |
4. | Арсен Касабиев | Үлгі:GEO | 176 | 223 | 399 |
5. | Низами Пашаев | Үлгі:AZE | 181 | 215 | 396 |
6. | Иоандрис Эрнандес | Үлгі:CUB | 178 | 215 | 393 |
7. | Асгар Эбрахими | Үлгі:IRI | 180 | 212 | 392 |
8. | Роман Константинов | Үлгі:RUS | 387 |
Әлем чемпионаты (2011)
# | Аты-жөні | Мемлекет | Жұлқа көтеру | Серпе көтеру | Қорытынды |
---|---|---|---|---|---|
1 | Илья Ильин | Үлгі:KAZ | 181 | 226 | 407 |
2 | Артем Иванов | Үлгі:UKR | 186 | 221 | 407 |
3 | Саид Мохамадпоуркаркарах | Үлгі:IRI | 181 | 221 | 402 |
4 | Александр Иванов | Үлгі:RUS | 186 | 215 | 401 |
5 | Руслан Нурудинов | Үлгі:UZB | 177 | 221 | 398 |
6 | Андрей Деманов | Үлгі:RUS | 178 | 220 | 398 |
7 | Ким Мин-Жае | Үлгі:KOR | 182 | 214 | 396 |
8 | Анатолий Чирицу | Үлгі:MDA | 175 | 220 | 395 |
9 | Интигам Заиров | Үлгі:AZE | 177 | 215 | 392 |
10 | Ауримас Диджбалис | Үлгі:LTU | 173 | 216 | 389 |
11 | Константин Пилеев | Үлгі:UKR | 170 | 211 | 381 |
12 | Арсен Касабиев | Үлгі:POL | 170 | 210 | 380 |
13 | Александр Макаранка | Үлгі:BLR | 170 | 208 | 378 |
14 | Камачали Ашгар Ибрахими Фарбод | Үлгі:IRI | 175 | 201 | 376 |
15 | Давид Хуркуле Матам Матам | Үлгі:FRA | 170 | 202 | 372 |
16 | Ибрахим Арат | Үлгі:TUR | 165 | 206 | 371 |
17 | Силвестор Колецки | Үлгі:POL | 169 | 202 | 371 |
18 | Давид Кавелашвили | Үлгі:GRE | 165 | 200 | 365 |
19 | Хосе Хуан Наваро Батиста | Үлгі:ESP | 162 | 200 | 362 |
20 | Эндри Карина | Үлгі:ALB | 160 | 195 | 355 |
21 | Хербис Маркиз | Үлгі:VEN | 157 | 196 | 353 |
22 | Жасурбек Жумаев | Үлгі:TKM | 163 | 188 | 351 |
23 | Гиасиддин Ахмедов | Үлгі:UZB | 154 | 197 | 351 |
24 | Христос Салстидис | Үлгі:GRE | 160 | 186 | 346 |
25 | Бенедикт Улоко | Үлгі:NGR | 147 | 196 | 343 |
26 | Симлис Рибоем | Үлгі:AUS | 150 | 190 | 340 |
27 | Юки Хираока | Үлгі:JPN | 150 | 190 | 340 |
28 | Давид Катоатау | Үлгі:KIR | 143 | 195 | 338 |
29 | Джарел Давид Флеминг | Үлгі:USA | 152 | 183 | 335 |
30 | Даду Мали Чандракант | Үлгі:IND | 148 | 176 | 324 |
31 | Николас Робертс | Үлгі:CAN | 143 | 180 | 323 |
32 | Роберто Карлос Росадо Круз | Үлгі:PUR | 135 | 185 | 320 |
33 | Хернан Виера | Үлгі:PER | 120 | 160 | 280 |
Лондон Олимпиадасы (2012)
Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртігші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.
Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.
Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді <ref>Невероятное достижение Ильи Ильина</ref>.
Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты <ref>Руки штангиста. Александр Иванов стал серебряным призером игр в Лондоне, уступив только терминатору по имени Илья Ильин, 6 тамыз 2012 жыл</ref>.
Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды:<ref>Лондон Олимпиадасының ресми сайты, Ауыр атлетика қорытындысы, Ерлер, 94 кг</ref>. Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді <ref>Казахстанец Илья Ильин: Если б не русские ребята, не видать мне мирового рекорда!</ref>
# | Аты-жөні | Елі | Жұлқа көтеру | Серпе көтеру | Жалпы қорытынды |
---|---|---|---|---|---|
1. | Илья Ильин | Үлгі:KAZ | 185 | 233 | 418 |
2. | Александр Иванов | Үлгі:RUS | 185 | 224 | 409 |
3. | Анатолий Чирицу | Үлгі:ROM | 181 | 226 | 407 |
4. | Андрей Деманов | Үлгі:RUS | 182 | 225 | 407 |
5. | Мохамадпоуркаркарах Саид | Үлгі:IRI | 183 | 219 | 402 |
6. | Интиқам Заиров | Үлгі:AZE | 182 | 215 | 397 |
7. | Алмас Өтешов | Үлгі:KAZ | 175 | 220 | 395 |
8. | Ким Мин Жае | Үлгі:KOR | 185 | 210 | 395 |
9. | Томаш Бернард Зеленский | Үлгі:POL | 175 | 210 | 385 |
10. | Александр Макаранка | Үлгі:BLR | 175 | 209 | 384 |
11. | Норайар Варданян | Үлгі:ARM | 170 | 210 | 380 |
12. | Константин Пилиев | Үлгі:UKR | 166 | 206 | 372 |
13. | Давид Кавиашвили | Үлгі:GRE | 170 | 200 | 370 |
14. | Ендри Карина | Үлгі:ALB | 155 | 195 | 350 |
15. | Аббас Алқайсум | Үлгі:KSA | 155 | 180 | 335 |
Prior to this competition, the existing world and Olympic records were as follows.
Рекордтар | Жұлқа көтеру | Үлгі:Flagathlete | 188 кг | Афина, Грекия | 27 Қараша 1999 |
Жұлқа & Серпе | Үлгі:Flagathlete | 232 кг | София, Болгария | 29 Сәуір 2000 | |
Жалпы | Үлгі:Flagathlete | 412 кг | Афина, Грекия | 27 қараша 1999 | |
Олимпиада рекорды | Жұлқа көтеру | Үлгі:FlagIOCathlete | 187 кг | Сидней, Австралия | 24 қыркүйек 2000 |
Жұлқа және Серпе көтеру | Үлгі:FlagIOCathlete | 226 кг | Пекин, Қытай | 17 тамыз 2008 | |
Жалпы | Үлгі:FlagIOCathlete | 406 кг | Пекин, Қытай | 17 тамыз 2008 |
Қызылорда облысының әкімі Илья Ильин мен оның бапкерлеріне 75 млн теңгеге арналған сертификат тапсырды <ref>Аким Кызылординской области вручил Илье Ильину и его тренерам сертификат на 75 млн теңге</ref>.
Мемлекеттік марапаттар
- 2012 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Олимиада жеңімпаздарымен кездесу кезінде Илья Ильинге "Отан" орденін табыстады <ref>Олимпиада жеңімпаздарына "Отан" "Құрмет" "Барыс" ордендері табыс етілді 17 Тамыз 2012, 17:47</ref>.
- Құрмет ордені.
- Барыс ордені.
- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері