Георгий Александрович Цурцумия

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Георгий Александрович Цурцумия (Үлгі:Lang-ka; 29 қыркүйек 1980 жыл, Цаленджиха, Грузин КСР, СССР) — грузиялық және қазақстандық балуан, грек-реи күресі шебері.

Өмірбаяны

Қазақ спорт және туризм академиясы жаттықтырушылық факультетін (2010) бітірген, жаттықтырушы-оқытушы. Орыс және грузин тілдерін біледі.

1992 жылдан күреспен айналыса бастаған. Жастар арасында Грузия чемпионы атанды.

2001 жылы Қазақстанға келіп, азаматтығын алды. 2004 жылы Қазақстан атынан Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, күміс жүлдегер атанды.

Жетістіктері

  • Әлем кубогінің күміс жүлдегері (Алматы, 2003);
  • Азия кубогінің иегері (2004);
  • Олимпиада ойындарының грек-рим күресінен күміс жүлдегері (Афина, 2004);
  • Әлем чемпионатының грек-рим күресінен қола жүлдегері (2003);
  • Халықаралық турнирлердің (Грекия, Германия), Жастар арасындағы Әлем біріншілігінің (2002) жеңімпазы.

Марапаттары

  • "Құрмет" орденімен марапатталған (2004).
  • Грек-рим күресінен Еңбек сіңірген спорт шебері (2004).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:БастамаҮлгі:Сыртқы сілтемелер