Қанат Әуесбайұлы Әуесбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Қанат Әуесбайұлы Әуесбай (Үлгі:Lang-en, журналистикадағы имидждiк есiмi Әуесбайдың Қанаты<ref name="BAQ.kz"/><ref>Үлгі:Cite web</ref>; 14 қаңтар 1982 жылы, Тараз қаласы, Жамбыл облысы) — халықаралық журналист, тележүргізушісі<ref name="BAQ.kz"/>, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті, телерадиожурналистика және бұқарамен байланыс кафедрасының доценті<ref name="ENU">Үлгі:Cite web</ref>, Еуразия телевизия және радио Академиясының мүшесі (Мәскеу қаласы)<ref name="ENU"/>, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты. Қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн еркін бiледi.

Өмірбаяны

1982 жылы 14 қаңтарда Жамбыл облысы, Тараз қаласында ұстаздар отбасында дүниеге келді. 1988 жылы Тараз қаласындағы №46 орта мектепке бірінші сыныпқа барды, онда 1991 жылға дейін оқыды. 1991-1997 жылдары Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 орта мектебі және 1992-1997 жылдар аралығында Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінде баян сыныбы бойынша білім алды. 1997-1998 жылдары Абай атындағы гуманитарлық колледжінің халық аспаптары бөліміндегі баян сыныбында оқыды. 1998-1999 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп-гимназиясын бітірді<ref>"Әділет" газеті - «ӨМІР БАҚИ ТЕК АСТАНАЛАРДА ӨМІР СҮРІП КЕЛЕМ...»</ref>.

Журналист болуына өзінің айтуы бойынша 3 адам, 1 газет ықпал еткен. Алғашқы болып атасы Сақыпкерей болған. Атасының көз жанары көруден қалған. Өз ауылына келген сайын газеттер оқыттырып, хат жаздырған. Атасының көңілін аулау үшін басылымдарда жарық көрген әңгімелерді, тартымды мақалалардың қызықты жерлерін оқып беретін. Сөйтіп атасының газеттерінің арқасында қолына қалам алған. 1996 жылы республикалық «Ұлан» балалар газетінде Жамбылдың 150 жылдығына орай мектебінде өткен кеш туралы «Ғасырдың қарт бұлбұлы» атты тұңғыш мақаласы басылды. "Ұлан" балалар газетінің тұрақты авторы болып, кейінірек "жас тілшісі" атанды<ref name="BAQ.kz"/>.

Қанат кәсіби музыкант, баянда ойнайды, домбыра шертеді, пианинода ойнау өнері бар. 9 сыныптан кейін Тараздағы гуманитарлық колледждің халық аспаптары бөліміне "баян" сыныбында бір жыл оқыған. Колледжде жүргенде құрамында баян мен екі домбырасы бар "Серілер" триосын құрған. Университетте "Бейбарыс" тобы құрамында ән айтқан. Әндері бір CD-табаққа енді. Университет қабырғасында "Жігіт сұлтаны" байқауының 1-орын иегері атанды.<ref name="BAQ.kz"/>

Білімі

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне қабылданды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2004 жылы оқу орнын үздік дипломмен бітіріп, 2004-2008 жылдары білімін осы университетте аспирантурада (күндізгі бөлім) жалғастырды.

2004 жылы Алматы қаласында өткен «Телерепортажға жаңаша көзқарас» семинарына қатысып «Internews network» халықаралық ұйымының сертификатын алды.

2007 жылы Иран Ислам Республикасында өткен «Телевизиялық бағдарламаларды жасаудағы заманауи технологиялар» семинарында «ISESCO» халықаралық ұйымының сертификатын иеленді.

2008 жылы Алматы қаласында өткен «Internews network» халықаралық ұйымының «Жаңалықтар қызметінің жұмысын ұйымдастыру» атты дистанционды семинарына қатысты.

2010 жылы «Қазақ телеарналарындағы қазіргі ақпараттық бағдарламалар табиғаты» тақырыбында диссертация қорғады.

2012 жылы 28-31 мамыр аралығындағы Беларусь мемлекетінде болған «Болашақ үшін серіктестік: жаңа дәуір моделі» (Партнерство во имя будущего: модели новой эпохи) халықаралық медиа-форумның қатысушысы болды.<ref name=docs.google>docs.google.com - Қанат Әуесбайдың түйіндемесі</ref>

2012 жылдың 2-3 желтоқсан аралығында Астанада өткен «Ақпараттық тарату және жаңалықтар командасын жасақтау» тренингіне қатысып, «Автограф» продюсерлік орталығының (Екатеринбург, Ресей) сертификатын иеленді.

Қызмет жолы

Сурет:Kanat Awesbay Eurasian Academy.JPG
Еуразия телевизия және радио Академиясының мүшелік сертификатын Академия президенті Валерий Рузиннің тапсыру сәті<ref name="ENU"/>
  • 2002-2003 жылдары — «Түркістан» халықаралық газетінің тілшісі;
  • 2003-2009 жылдары — «Европа плюс Қазақстан» радиосында сазды жүргізуші;
  • 2003-2004 жылдары — «Информбюро» ақпараттық бағдарламасында тілші, «31-телеарна»<ref name=BAQ.kz2>Үлгі:Cite web</ref>;
  • 2004-2006 жылдары — Ақпараттық бағдарлама тілшісі, «Қазақстан» телеарнасы;
  • 2006-2009 жылдары — Ақпараттық бағдарлама редактор-сарапшысы, «Қазақстан» телеарнасы;
  • 2009-2010 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті оқытушысы;
  • 2011 жылдың наурыз-сәуір аралығында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Қазақстан. Менің елім» бағдарламасының авторы, жүргізушісі, «Қазақстан» телеарнасы;
  • 2010-2011 жылдары — «Апта.kz» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі, шеф-редакторы, «Қазақстан» телеарнасы;
  • 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті, телерадиожурналистика және бұқарамен байланыс кафедрасының доценті<ref name="ENU"/>;
  • 2011 жылдың желтоқсанынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін — «Өзекжарды» телесұхбатының ауторы әрі жүргізушісі, «Қазақстан» телеарнасы<ref name="BAQ.kz"/>.
  • 2012 жылдың 2 қарашадан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін — "Қазақстан" Ұлттық арнасындағы қоғамдық-саяси "Алаң" ток-шоуын жүргізді.

Қоғамдық қызметі

Франция, АҚШ, Швейцария, Грекия, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы, Қытай, Түркия, Марокко, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Малайзия сияқты елдерге барып, қоғамдық-саяси маңызы бар репортаждар дайындады. 2011 жылы 14 наурыздан бастап, 14 күн бойы Қазақстанның 14 облысының тәуелсіздік тұсындағы жетістіктерін қамтыған "Қазақстан. Менің елім" телекөрсетілімін жүргізді<ref name="aykin"/>. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы төрағасының бірінші орынбасары болған Ляззат Мұратқызының сенім білдіруінің арқасында Астанаға ауысып, "Апта.KZ" бағдарламасын қолға алды. Халықаралық "Диалог-Еуразия" платформасы сынды беделді ұйымның жастар комитетінің мүшесі. Актерлікке талпыныс жасап, бір рет тұңғыш қазақстандық "SitCom" форматындағы "Айналайын" сериалына тележурналисттің рөлін ойнаған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің доценті. 2012 жыл қорытындысы бойынша "Айқын" газетінің ұйғарымымен "үздік тележүргізуші" атанды. 2011 жылдың желтоқсанында Сүлеймен Демирель университетінің Алматы қаласы жоғарғы оқу орнының студенттері арасында өткізген "тәуелсздік ұрпағы - тәуелсіздік көзімен" шығармашылық байқауында үздік шыққан білімгер Гүлбақыт Асылбек "Қанат Әуесбай" атындағы Дипломмен марапатталды.<ref name="BAQ.kz2"/> 2013-2014 жылдар аралығында Ұлыбританиядағы Норвич қаласында Шығыс Англия университетiнің қазақстандық студенттер қауымдастығының вице-президентi болды.

Белгілі тележурналист, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының телевизиядағы 40 жылға жуық шығармашылық қызметіне арналған «Бай-қуатты болайық!» бенефисінің жүргізушісі Әуесбайдың Қанаты мен әнші, актриса Айгүл Иманбаева болды. Мұндай бенефис-кеш қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет өтті.<ref>ӘУЕСБАЙДЫҢ Қанаты, «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Өзекжарды» бағдарламасының жүргізушісі: Телеөнерде жаңадан бір нәрсе ойлап табу қиын</ref>

Арнайы репортаждары

Сурет:Kanat Awesbay Apta.kz.jpg
Қанат Әуесбайдың «Апта.KZ» бағдарламасын жүргізген кезі

Лақап аты

Қанат Әуесбай өз лақап аты ретінде «Әуесбайдың Қанаты» дегенді қолданады, бұл туралы республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетіне сұхбатында айтады: Үлгі:Quotation

Отбасы

  • Әкесі — Әуесбай Бақбергенұлы Тоқпанбет, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің (бұрынғы педагогикалық училище) оқытушысы, кафедра меңгерушісі, Красногор (қазіргі Қордай) аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, білім саласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль иегері;
  • Анасы — Рабиға Сақыпкерейқызы Қайрошева, "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған;
  • Жұбайы — Баян Жалғасбекқызы Тұрсынбаева;
  • Балалары — Ералы Қанатұлы Әуесбай<ref name=BAQ.kz>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Мақалалары

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы