Ұлан (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ұлан» - балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газет.

Тарихы

Газет 1930 жылы 14 наурызда «Жас Алаш» газетінің 5-6 беттерінде газет ішіндегі газет болып алғаш жарық көрді. Алғашқы атауы «Пионер» болды.

1930 жылы 5 қарашада «Пионер» газеті Алматы қаласының Гоголь көшесіндегі №9 үйге өз алдына дербес басылым болып бөлініп шықты.

1937 жылдың наурыз айынан газет «Октябрь балалары» деген атаумен шыға бастады.

1941 жылғы 28 маусымдағы санынан кейін соғыс жағдайына байланысты уақытша жабылды.

1946 жылы 9 мамырда «Қазақстан пионері» деген атаумен қайта жарыққа шықты.

1980 жылы 14 наурызда шыға бастағанына 50 жыл толуына орай және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі ескеріліп, «Қазақстан пионері» газеті «Құрмет» орденімен марапатталды.

1990 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің атауы «Ұлан» болып өзгерді.

«Ұлан» газеті 2002 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын «Балалар басылымы» номинациясы бойынша иеленді.

Редакция

Газетті әр жылдары Ә.Исмайылов, Ә.Ыдырысов, С.Бердіқұлов, Ф.Оңғарсынова, У.Қалижан, Б.Қойшыбаев, Ғ.Доскен, Б.Сүлейменов, С.Қалиұлы сияқты қазақтың қабырғалы қаламгерлері басқарды.

«Ұлан» газетін тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан 2008 жылдың қараша айына дейін белгілі балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлы басқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2012 жылдың шілдесіне дейін Есей Жеңісұлы, 2012-2014 жылдар аралығында Бағдат Мәжитов бас редактор қызметін атқарды. Қазіргі бас редакторы – Жұлдыз Әбділда.

«Ұлан» газетінде тәжірибелі журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Алма Үмбеттегі 1975 жылдан бері еңбек етіп келеді. Редакция алқасы құрамында Гүлфарида Зейнуллина, Қарлығаш Досанова, Қарлыға Ибрагимова сияқты тәжірибелі журналистер бар. Әр жылдары Смағұл Елубаев, Жақау Дәуренбеков, Жаңабек Шағатай сияқты белгілі қаламгерлер, Мадина Омарова, т.б. сияқты кейінгі буын өкілдері «Ұланның» жас тілшісі болды.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Сыртқы сілтемелер