Әуесбай Бақбергенұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Әуесбай Бақбергенұлы Тоқпанбетов (Үлгі:Lang-en, 25 сәуір 1951 жылы, Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Бірлес ауылы, (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Сәлімбай Пірманов ауылы) — педагог-новатор, өнер қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Тараз қаласының Құрметті азаматы.<ref name="Jambyl-Taraz">Үлгі:Cite web</ref><ref name="ulagattyustaz">Үлгі:Cite web</ref><ref name="ma">Үлгі:Cite web</ref>

Өмірбаяны

Әуесбай Бақбергенұлы 1951 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданы Бірлес ауылында (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Сәлімбай Пірманов ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген.<ref name="Qazaqstan-temirzholshysy">Үлгі:Cite web</ref> Әкесі Бақберген мен анасы Орынкүлден барлығы Ажаркүл, Базаркүл, Әбу-Иса, Әуесхан, Әуесбай, Әуесалы есімді алты перзент тараған.<ref name="qulan_tany">Үлгі:Cite web</ref> Ә.Бақбергенұлы 1973 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Ән-күй пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік бітірген.<ref name="vku.edu.kz">Үлгі:Cite web</ref> Еңбек жолын сол жылы Жамбыл атындағы №5 мектепте «Ән-күй» пәнінің мұғалімі ретінде бастады.<ref name=" Jambyl">Үлгі:Cite web</ref> 40 жылға жуық Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде (бұрынғы педагогикалық училище) оқытушы, кафедра меңгерушісі,<ref name="Jambyl-taraz.kz">Үлгі:Cite web</ref> өнер ұжымдарының жетекшісі болып қызмет етті.<ref name="alataugazeti.kz">Үлгі:Cite web</ref> 1978 жылы Жамбыл облыстық «Алатау» ән-би ансамблінің бишілер тобына сүйемелдеуші-баянист болып жұмысқа шақырылды.<ref name="z-taraz.kz">Үлгі:Cite web</ref><ref name="egemen_qazaqstan">Үлгі:Cite web</ref> Өнер саласының білікті маманы – қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жүздеген мәдени іс-шараның белсенді қатысушысы әрі ұйымдастырушысы.<ref name="auesbajdyn-adebi">Үлгі:Cite web</ref>

Жамбыл облысы, Красногор аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Луговой аудандық мәдениет үйінің директоры болды. 1984 жылы Красногор ауданында халық ақыны, әнші, сазгер Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығын республика ауқымында ұйымдастырушылардың бірі.<ref name="Aq_jol">Үлгі:Cite web</ref> 100 жылдық мерейтой қарсаңында 1982 жылы Кенен ауылы өнерпаздарының басын қосып, «Ойжайлау» фольклорлық ансамблін құрып, жетекшілік етті.<ref name=" aqjolgazet">Үлгі:Cite web</ref> 1984 жылы ансамбль ұжымы Алматыда қазақ телевизиясында 45 минуттық жеке концерт беріп, 1985 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында лауреат атанды.<ref name="Qordai_shamshiragi">Үлгі:Cite web</ref> 1984 ж. Кенен Әзірбайұлының 100 жылдығына орай қазақ телевизиясы «Асыл мұра» хабарын түсірді. Хабардың жүргізушілері әдебиет және өнер зерттеушісі Ақселеу Сейдімбек, әнші Жәнібек Кәрменов. «Жәнібек ән салады, Ақселеу тамсанады» деген сөз тіркесі осы хабардың түйіні ретінде халық арасына тарап кеткен. Хабар Жамбыл облысы, Красногор ауданы (қазіргі Қордай ауд.), Кенен ауылында орналасқан Кенен Әзірбайұлының әдеби-мемориалдық музейінде түсірілген. Хабардың түсіріліміне ақынның ұлы, музей директоры Көркемжан Кененұлы, Красногор аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Әуесбай Бақбергенұлы қатысты.<ref name="altynqor">Үлгі:Cite web</ref>

Ғылыми-педагогикалық қызметі

Жастарға оқытудың жаңа технологиясының әдіс-тәсілімен білім берген ұстаз сапалы еңбегімен, дәріс берудегі ізденімпаздығымен, ерекше еңбекқорлығымен мәдениет және педагогика саласына зор үлес қосты.<ref name="Qazaqstan_dauiri">Үлгі:Cite web</ref> Білімгерлердің озық шығармашылық бастамасын жан-жақты қолдаумен қатар, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мол бағыт-бағдар берді.<ref name="Bilimdi_el">Үлгі:Cite web</ref> Әдістемелік жұмыстың бір қыры – ұстаздың өз шәкірттерімен бірге әр жылы шығармашылық концерт беруді дәстүрге айналдыруы.<ref name="bilim_ainasy">Үлгі:Cite web</ref> Ол Жамбыл облысында «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестивалінің, «Жүрекке жылы әуендер» ретроәуендер байқауын тұрақты ұйымдастырып, шәкірттерімен бірлесе өнер көрсетті.<ref name="77_TV">Үлгі:Cite web</ref> «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйіндегі «Ризашылық», «Қамқоршы түн» аталған түрлі іс-шарада жыл сайын білім алушы жастармен бірге концерттік бағдарлама ұсынды.<ref name="abai_college">Үлгі:Cite web</ref> Облыс ауқымында «Наурыз» мейрамдары, «Сағындырған әндер-ай», «Сағындым Кенен атамды», «Қазақ музыкасының шежіресі» байқауларын ұйымдастырып, белсене өнер көрсетті.<ref name="astana-akshamy.kz">Үлгі:Cite web</ref> Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Балауса» қыздар вокалды ансамблі,<ref name="sakhara.kz">Үлгі:Cite web</ref> «Серілер» жігіттер квартетінің негізін қалап, жетекшілік етті.<ref name="aikyn.kz">Үлгі:Cite web</ref>

Сурет:Серілер квартеті.jpeg
«Серілер» квартеті: (солдан оңға қарай) Асылбек Жанғарин, Мұхит Мулкаразов, Әуесбай Бақбергенұлы, Серік Қалмағамбетов.

Әуесбай Бақбергенұлы оқытушылардың ғылыми-практикалық конференцияларында «Қабылдауды дамытудың негізі – музыка мәдениетіне тәрбиелеу», «Жас сырнайшыны алғашқы сүйемелдеу дағдысына оқытудың әдістемесі», «Алғашқы сүйемелдеуге үйрету», «Дина Нұрпейісованың шығармашылығы мен өнерін музыка сабақтарына пайдалану», «Затаевич: «Қазақ халқының 1000 әні» аталған ғылыми конференцияларын ұйымдастырып, талай рет ғылыми баяндама жасады.<ref name="ztgzt">Үлгі:Cite web</ref> Тәжірибелі педагогтың жетекшілігімен «Қазақ халқының аспаптық музыкасының жастарға беретін ұлттық тәрбиелік мәні» әдістемелік нұсқауы, «Мектеп балаларын шығармашылық өнерге баулу» әдістемелік құралы жазылды.<ref name="ztgzt.kz">Үлгі:Cite web</ref>

Ұлағатты ұстаз музыкалық білім беру саласында педагогикалық мектеп қалыптастырып, есімі республика аясына танымал шәкірт шоғырын тәрбиеледі.<ref name="Salyq_tartibi">Үлгі:Cite web</ref> Олардың арасында бүгінгі мектеп директоры, білікті педагог Бақыт Сапаралиева,<ref name="Jas_qazaq">Үлгі:Cite web</ref> Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауының дипломанттары – Светлана Байқұлақова,<ref name="Ana_tili">Үлгі:Cite web</ref> Назкен Қошқарбаева, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы мен Мальта мемлекетіндегі халықаралық ән фестивалі лауреаты, эстрада әншісі Тахмина Әшімбекова, Кенен Әзірбаев атындағы филармония директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров және тағы басқа шәкірттерінің шоқтығы биік.<ref name="turaninform">Үлгі:Cite web</ref>

Әуесбай Бақбергенұлының есімі 2020 жылы шыққан «Білімнің жаққан шырағын» атты Жамбыл облысы педагогтарының антологиясына және облыстың жетістікке жеткен танымал түлектері туралы jambyl-tylek.kz порталының дерекқорына енген.<ref name="jambyl-tylek">Үлгі:Cite web</ref> 2026 ж. Әуесбай Бақбергенұлы туралы «Бақ берген әулет» кітабы шықты. Кітапта Ә.Бақбергенұлының ғибратты ғұмыры, өнегелі замана тынысы әріптес достар, ағайын-туыстың естелігі түрінде топтастырылды.<ref name="">Үлгі:Cite web</ref><ref name="">Үлгі:Cite web</ref>

Марапаты

Қоғамдық қызметі

  • 2018 жылдан Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясы мүшесі;<ref name="bilim_oner_maitalmany">Үлгі:Cite web</ref>
  • 2023 жылдан Тараз қалалық ардагерлер Кеңесі мүшесі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер