Атырау теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атырау теледидары — "Қазақстан" РТРК" АҚ Атырау облыстық филиалы.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Қайта жарақталған үш қабатты ғимаратта екі студия бар: негізгі студияның ауданы 185,9 шаршы метрді құраса, ақпараттық бағдарламаларға арналған шағын студияның ауданы 17,5 шаршы метр. Бірінші және екінші қабаттарда студиялар, ақпараттық және тақырыптық хабарлар редакциялары, қор материалдарын сақтауға (S-VHS и DVCAM форматында) арналған бейнеқор және әкімшілік бөлме орналасқан. Ал ғимараттың үшінші қабатында өңдеу, эфир және аппараттық бөлме бар.

Филиал қызметкерлері толықтай компьютермен қамтамасыз етілген, Интернет желісінде жұмыс жасау мүмкіндігіне ие. Атырау облыстық филиалы: хабар тарату ("Қазақстан-Атырау" телеарнасы) 5 арна арқылы Атырау қаласы бойынша 14 сағат (дүйсенбі жұма 7.25-тен 00.20-ға дейін, сенбі жексенбі 8.55-тен 00.00-те дейін) және Атырау облысы бойынша 16.50-ден 17.50-ге дейін тәулігіне бір рет бір сағат шеңберінде (демалыс және мереке күндерін есептемегенде) хабар таратылады. Облыс тұрғындарының қамтылу деңгейі 97,15%.

Бағдарламалар Атырау қаласындағы ТПВ 1 ООО РТС таратқышы арқылы беріледі. Филиалға қарасты "Қазақстан Атырау" облысы радиосы 102,0 FM жиілігінде тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Атырау филиалының базасында стандартқа сай қосылған құрылғылардың толыққанды жұмысын қамтамасыз ететін алты желілік емес өңдеу жүйелері (Adobe Premiere 6.0, EDIUS, Velocity бағдарламаларында) жұмыс жасайды. Композит, SVHS және DVге арналған шығыс, кірістер бар. Бейнеөңдеу кешендерінің әрқайсысы SONY DSR-1500АР бейнемагнитофондары мен бейне және дыбыс қадағалауға арналған құрылғылармен жарақталған.

Техникалық базаны жетілдіру, жаңа технология енгізу, тұрақты және үздіксіз жұмыс түзімін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы арнаның дыбыс режиссерлері, таспагерлері мен тілшілері Біліктілік көтеру орталыгынан (Алматы қаласы, "Қазақстан" РТРК) білім-дағдыларын шыңдауға жіберілді. Айта кетерлік жәйт, БКО-қа алыс және жақын шетелдерден (Ресей, Германия, Швеция) телевизиялық шеберлікке баулу саласының үздік мамандары мен әдіскерлері шақырылады. Жыл сайын кәсіби біліктілікті жетілдіру, техникалық базаны игеру, теледидар және радиохабар тарату құралдарын дамыту мақсатында БКО-қа бас инженерлер, телеарна және радио мамандары жіберіліп, жалпылай және жекелей алғандағы филиалдарға тән ортақ техникалық мәселелер талқыланып отырады.

Болашақта жыл сайын бірқатар мамандарды (дизайнерлер, бейнеөндеушілер, жарық берушілер мен инженерлік топ) оқыту межеленіп отыр. Шығармашылық 2008 жылы Атырау облысы филиалы жаңа маусым шымылдығын 19 тақырыптық бағдарламамен ашты. Байқау РФ Астрахандық тәуелсіз баспасөз клубының ұйымдастыруымен өтті. Мекенжайы: 060005. Атырау қаласы, Ж. Молдағалиев к-сі 29. Байланыс тел: 8 (7122) -458-300; 458-442. e-mail: rtrkatyrau@ mail, ru

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}