Мәдениет саласының үздігі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Жүлде

"Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет саласына қарасты қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін тағайындалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1539 қаулысымен бекітілген ведомстволық наградасы.

Толығырақ

Төсбелгі мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан мәдениет саласының қызметкерлеріне беріледі:

көп жылғы еңбегі мен ел мәдениетінің дамуына қосқан жеке үлесі үшін;

мәдениет саласын жақсартуға белсенді қатысқаны үшін;

мәдениет саласындағы инновациялық қызметі үшін.

Төсбелгі мәдениет жүйесінде кемінде 15 жыл еңбек еткен мәдениет саласының қызметкерлеріне беріледі.

«Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

Төсбелгі кеуденің оң жағында мемлекеттік марапаттардың астына тағылады.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттау екі мәрте жүргізілмейді.

Құрметті белгінің сипаттамасы

"Мәдениет саласының үздiгi" төсбелгiсi диаметрi 34 мм шеңбер нысанында алтын түстес металдан дайындалады. Шеңбердiң iшiнде күннiң, шаңырақтың және ұлттық ою-өрнектiң бейнесi, төменде алтын түстес "МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДIГI" деген жазу орналасқан.

Төсбелгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 34 мм және биiктiгi 18 мм көгiлдiр түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады. Төсбелгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.