Аманат (партия)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Партия «Amanat» партиясы (2022 жылға дейін «Nur Otan») — Қазақстанда бұрын билік еткен ең ірі президентшіл саяси партия. Партияның соңғы төрағасы — Мәжілістің соңғы спикері Ерлан Қошанов.

Партия 1999 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы деген атпен құрылған.

Парламент сайлауына 1999 жылдан бері қатысып келді. Соңғы рет қатысқан 2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде жалпы дауыс санының 53,9%-ын жинап, жалпы 98 ішінен 62 мандатқа ие болды. Президент сайлауына 2005 жылдан бері қатысып, қызметтегі президентті қолдап отырды.

2026 жылғы 14 маусымда өткен съезде «Аманат» партиясы «Әділет» партиясына қосылды.<ref>AMANAT «Әділетке» қосылды – партия съезі «қолдап» дауыс берді</ref>

Аталуы

Партияның ресми атауы:

  • «Отан» Республикалық саяси партиясы (1999–2006)
  • «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы (2006–2013)
  • «Нұр Отан» партиясы (2013–2019)
  • «Nur Otan» партиясы (2019–2022)
  • «AMANAT» партиясы (2022–2026)

2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды. Атаудағы "Нұр" - сол уақыттағы Қазақстан президентіне - Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме.

2022 жылы 1 наурызда "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның атын "Аманат" деп атау туралы ұсыныс жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.<ref>"Нұр Отан" партиясы "Аманат" болып өзгерді. Саяси кеңес құрамына төрт адам қосылды</ref>

Тарихы

Үлгі:Қазақстан саясаты

1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді.

1999 жылғы 19 қаңтарда жиналыс өтіп, Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.

Партия мұрағатында Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанымен белгіленген есеп кітапшасы мұқият сақтаулы.

1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай сьезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге сьезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстанның халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады.

2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-на Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды.

2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.

Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды.

2008 жылғы 14 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.

2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.

2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды.

2022 жылғы 1 наурыздағы кезектен тыс XXII Съезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынады. Сол жылдың 26 сәуірінде партияның кезектен тыс XXIII съезінде Президент партиядан шығып, төрағалық Ерлан Қошановқа берілді және «Адал» партиясы «Аманат» партиясына қосылды.

2026 жылғы 6 маусымда «Аманат» партиясы саяси кеңесінің отырысы өтіп, кеңес мүшелері «президенттің күн тәртібі төңірегінде топтасуға» үндеу жасады. 12 маусымда өткізілген съезде партия жаңадан құрылған «Әділетпен» бірігу туралы шешім қабылдады.<ref>Amanat пен «Әділет» партиясы бірікті</ref> 14 маусымда өткен «Әділет» партиясының съезінде бұл шешім мақұлданды.<ref>AMANAT «Әділетке» қосылды – партия съезі «қолдап» дауыс берді</ref>

Съездер

Съезі Күні Өткізу орны
«Отан» партиясының I құрылтай съезі: 1 наурыз 1999 жыл. Өкілдер бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевты партияның бірінші төрағасы етіп сайлады. Партияға Қазақстанның халық бірлігі партиясы («Отанның» алдындағы билеуші партия), Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан–2030» қозғалысы қосылды. Алматы
«Отан» партиясының II кезектен тыс съезі: 18 тамыз 1999 жыл. Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша кандидаттар бекітілді. Алматы
«Отан» партиясының III съезі: 20 сәуір 2001 жыл. Алматы
«Отан» партиясының IV съезі: 9 қараша 2002 жыл. «Отан» партиясына Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясы қосылды. Алматы
«Отан» партиясының V съезі: 12 шілде 2003 жыл. Алматы
«Отан» партиясының VI съезі: 12 наурыз 2004 жыл. Төрағаның үш орынбасары тағайындалды. Алматы
«Отан» партиясының VII съезі: 18 шілде 2004 жыл. Мәжіліс сайлауына партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша қатысатын кандидаттар бекітілді. Партияның «Қазақстандық жол-2009» сайлауалды тұғырнамасы қабылданды. Алматы
«Отан» партиясының VIII съезі: 9 қыркүйек 2005 жыл. Партия ҚР Президенттігіне Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды. Алматы
«Отан» партиясының IX съезі: 4 шілде 2006 жыл. «Отан» және Республикалық «Асар» партиясының (200 мың мүше) бірігуі. Астана
«Отан» партиясының Х съезі: 22 желтоқсан 2006 жыл. Қазақстан Аграрлық партиясы және Қазақстан Азаматтық партиясы (130-150 мың мүше) «Отан» партиясына қосылды. «Отан» партиясының атауы «Нұр Отан» болып өзгерді. Астана
«Нұр Отан» партиясының XI съезі 4 шілде 2007 жыл. Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша кандидаттар бекітілді. Астана
«Нұр Отан» партиясының XII съезі: 15 маусым 2009 жыл. Партияның 2009-2012 жылдарға арналған даму стратегиясы қабылданды. Астана
«Нұр Отан» партиясының XIII съезі: 11 ақпан 2011 жыл. Партия ҚР Президенттігіне Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды. Астана
«Нұр Отан» партиясының XIV съезі: 25 қараша 2011 жыл. Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша кандидаттар бекітілді. Астана
«Нұр Отан» партиясының XV съезі: 18 қазан 2013 жыл. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» доктринасы қабылданды. Астана
«Нұр Отан» партиясының XVI съезі: 11 наурыз 2015 жыл. Партия атынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ҚР Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылданды. Астана
«Нұр Отан» партиясының XVII съезі: 29 наурыз 2016 жыл. Партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданды, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітіліп, партияның Саяси кеңесі құрамына өзгеріс енгізілді. Астана
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі: 27 ақпан 2019 жыл. Партияның 2030 жылға бағытталған бағдарламасы қабылданды, партия атауы кириллицадан латын қарпіне өзгертілді, партия саяси кеңесінің құрамы жаңартылды. Астана
«Nur Otan» партиясының XIX съезі: 23 сәуір 2019 жыл. Партия президенттікке үміткерлікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Астана
«Nur Otan» партиясының XX съезі: 25 қараша 2020 жыл. Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша кандидаттар бекітілді. Астана
«Nur Otan» партиясының XXI съезі: 28 қаңтар 2022 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды, жарғыға өзгерістер енгізіліп, жаңа саяси кеңес бекітілді. Астана
«Nur Otan» партиясының XXII съезі: 1 наурыз 2022 жыл. Партияның аты «Amanat» болып өзгерді, жаңа саяси кеңес құрамы бекітілді. Астана
«Amanat» партиясының XXIII съезі: 26 сәуір 2022 жыл. «Adal» партиясы (300 мың мүше) «Аmanat» партиясымен бірікті, Қасым-Жомарт Тоқаев партиядан шығып, партияның жаңа төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Астана
«Amanat» партиясының XXIV съезі: 6 қазан 2022 жыл. Партия Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде ұсынды, партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді. Астана
«Amanat» партиясының XXV съезі: 7 ақпан 2023 жыл. Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша кандидаттар ұсынылды. Астана
«Amanat» партиясының XXVI съезі: 12 маусым 2026 жыл. «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылданды. Астана

Партияны басқару жүйесі

Жоғары басшы органдар:

  • Партия съезі
  • Партия филиалының конференциясы
  • Бастауыш партия ұйымының жиналысы

Жоғары өкілді органдар:

  • Партия Саяси кеңесі
  • Партия филиалының Саяси кеңесі

Басшы органдар:

  • Партия Саяси кеңесінің Бюросы
  • Партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросы

Бақылау-тексеру және бақылау органдары:

  • Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы
  • Партия филиалының Бақылау-тексеру комиссиясы
  • Партиялық бақылау комитеті
  • Партиялық бақылау комитетінің аймақтық және аумақтық комиссиялары

Атқарушы органдар:

Партия жанындағы ұйымдар:

  • «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі
  • «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі
  • «АMANAT» партиясының саяси менеджмент Академиясы» жеке меншік мекемесі
  • «AMANAT» партиясының Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • «AMANAT MEDIA GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Басшылығы

Сурет:Amanat party HQ Astana.jpg
Астанадағы «Аманат» партиясы штабтарының бірі

Партия төрағалары

Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты
1 99px Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз 1999 28 қаңтар 2022
2 99px Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтар 2022 26 сәуір 2022
3 99px Ерлан Қошанов 26 сәуір 2022 14 маусым 2026

Партияның атқарушы хатшылары

Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты
Партия төрағасының міндетін атқарушы (1999—2007)
1 99px Сергей Терещенко 1 наурыз 1999 21 қазан 2002
2 99px Амангелді Ермегияев 21 қазан 2002 18 сәуір 2005
3 99px Бақытжан Жұмағұлов 18 сәуір 2005 4 шілде 2007
Партия төрағасының бірінші орынбасары (2007—2022)
1 99px Бақытжан Жұмағұлов 4 шілде 2007 23 қаңтар 2008
2 99px Әділбек Жақсыбеков 23 қаңтар 2008 13 қазан 2008
3 99px Дархан Кәлетаев 13 қазан 2008 19 қараша 2009
4 99px Нұрлан Нығматулин 19 қараша 2009 24 қыркүйек 2012
5 99px Бақытжан Сағынтаев 24 қыркүйек 2012 16 қаңтар 2013
6 99px Бауыржан Байбек 17 қаңтар 2013 8 тамыз 2015
7 99px Асқар Мырзахметов 8 тамыз 2015 6 мамыр 2016
8 99px Мұхтар Құл-Мұхаммед 6 мамыр 2016 1 ақпан 2018
9 99px Мәулен Әшімбаев 1 ақпан 2018 29 маусым 2019
10 99px Бауыржан Байбек 29 маусым 2019 2 ақпан 2022
Партияның атқарушы хатшысы (2022 жылдан бастап)
1 99px Асхат Оралов 2 ақпан 2022 4 қаңтар 2023
2 99px Елнұр Бейсенбаев 4 қаңтар 2023 17 шілде 2023
3 99px Дәулет Кәрібек 17 шілде 2023 14 маусым 2026

Партия Саяси кеңесі Бюросының соңғы құрамы

Суреті Аты-жөні Лауазымы
1 99px Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы
2 99px Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының Төрағасы
3 99px Мұрат Нұртілеу Президент көмекшісі
4 99px Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары
5 99px Дархан Қыдырәлі Парламент Сенатының депутаты
6 99px Ләззат Қалтаева Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі
7 99px Ерлан Саиров Парламент Мәжілісінің депутаты
8 99px Аббат Өрісбаев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
9 99px Геннадий Зенченко «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің директоры
10 99px Максим Рожин Парламент Мәжілісінің депутаты
11 99px Элина Масагутова Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі

Сайлау

Президент

Парламент

Сын

Қазақстан оппозициясы «Nur Otan» партиясын Назарбаевтың тұлғасын тым әсірелеп насихаттаушы псевдодемократиялық және тоталитарлық немесе авторитарлық партия деп санайды. ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар әкімшілік ресурстарды пайдалануын және сайлауларды бұрмалауларын айыптайды.<ref>https://www.zakon.kz/4467634-vybory-v-kazakhstane-ne-sootvetstvujut.html Үлгі:Webarchive</ref> Партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің суды үнемдеу туралы бастамасы теріс пікірге ие болды және соған қатысты әлеуметтік желілерде көптеген демотиватор суреттер жарияланды.<ref>http://expertonline.kz/a10411/ Үлгі:Webarchive</ref> «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратының құрылысына мұғалімдерден ақша жинау бастамасы көптеген дау-дамай туғызды.<ref>https://rus.azattyq.org/a/shymkent-uchitelya-pobory/25258358.html</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер