Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова (12 қаңтар 1961 жыл, Алматы облысы) — қазақстандық журналист, медиа менеджер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).<ref name="kaztrk.kz">http://kaztrk.kz/kz#comand Үлгі:Webarchive</ref>
Білімі
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факултетін бітірген.
- Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін үздік тәмамдаған.<ref name="kaztrk.kz"/>
Қызметтік өтілі
- Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында редактор, бөлім бастығы, Бас редактор қызметтерін атқарған.
- 1991 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық редакциясының Бас редакторы, Қазақ радиосы бағдарламалар Бас редакторы,
- 1992 - 1994 жылдары Қазақ радиосы Бас директорының бірінші орынбасары, Қазақ радиосының саяси шолушысы қызметін атқарды.
- 1997 жылы ҚР Президенті Баспасөз қызметінде,
- 1997 - 2006 жылдары «Интерньюс» Халықаралық Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігі директорының орынбасары, Атқарушы директоры.
- 2006 жылы «31 канал» ТРК Атқарушы директорының бірінші орынбасары, Атқарушы директоры,
- 2008 - 2011 жылдары «31 канал» компаниялар тобы ТРК Бас директоры болды.
- 2008 - 2011 жылдары Қазақстан Телерадиотаратушылар Ұлттық Ассоциациясының Президенті.
- 2011 - 2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы.
- 2016 - 2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
- 2019 жылғы шілде айы - «Қазақ Радиолары» ЖШС Бас директоры<ref>Нұржан Жалауқызы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды</ref>.
- 2019 - 2022 жылдары «Алматы» телеарнасының бас директоры<ref>Нұржан Жалауқызы «Алматы» телеарнасының бас директоры қызметіне тағайындалды</ref>.
Марапаттары
- 2009 жылы ҚР Президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
- 2014 жылы "Алтын тұғыр" ұлттық сыйлығының иегері.
- 2015 жылғы 3 желтоқсандағы ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды.
- 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.
- 2016 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен марапатталды.