Ислам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам

Сурет:Kaaba at night.jpg
Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаһқа бірігіп құлшылық етуде
Сурет:Mescidi nebevi.JPG
Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті

Ислам (Үлгі:Lang-ar) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)<ref name="EoI-Islam">Үлгі:Cite encyclopedia</ref> «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (Үлгі:Lang-ar) — классикалық әдеби араб тілінде (Үлгі:Lang-ar) Аллаһ тарапынан түсірілген.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.<ref>Үлгі:Cite encyclopedia</ref>. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед Үлгі:Салауат.

Мазмұны

Исламның негіздері

Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды<ref>«Сахих Муслим», 1-ші хадис</ref>

Иман

Үлгі:Иман негіздері Иман (Үлгі:Lang-ar) — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:

  1. Аллаһқа иман келтіру
  2. Періштелерге иман келтіру
  3. Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру
  4. Пайғамбарларға иман келтіру
  5. Ақырет күніне иман келтіру
  6. Тағдыр мен қазаға иман келтіру

Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә (Үлгі:Lang-ar)» етістігінен шығып, ифғал (Үлгі:Lang-ar) бабында қолданылған масдар (Үлгі:Lang-ar — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин (Үлгі:Lang-ar)», иман етілген нәрселерге де «муминун би… (Үлгі:Lang-ar)» дейді.

Аллаһқа сену

Үлгі:Main Алла́һ (Үлгі:Lang-ar‎‎) — «ләфз әл-джәләлә» (ұлықтық сөзі), бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. «Аллаһ» сөзі кейбір ғалымдардың пайымдауынша арабтың «иләһ (құдай)» сөзіне «ال» артиклін жалғау арқылы пайда болған. Бұл есім Аллаһтың ең әуелгісі және ең ұлысы саналады. «Аллаһ» есімін тек қана Аллаһқа қолдануға болады. Әдеттегіде «Аллаһ» сөзімен қоса «Тағала» немесе «Субханаһу уә Тағала» деген оның ұлықтығын білдіретін сөздер қолданылады<ref>معنى الله في قاموس المعاني — AlMaany.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Сурет:Allah 1.jpg
"Аллаһ" сөзінің араб көркем жазуымен жазылуы

Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Аллаһ — бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Аллаһтан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Аллаһтың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаһқа тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Аллаһ сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Аллаһ мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақта Оны Құранда жазылған, Сүннеттен жеткен сипаттармен сипаттауға болады. Аллаһтың Жаратушы, барлығын бақылаушы екеніне Құран Кәрімдегі мына аяттар дәлел болады: Үлгі:Quotation

Аллаһтың таухиді (бірқұдайшылық) мынадай бөліктерден құралған:

  1. Аллаһтың бүкіл әлемнің Жаратушысы, Ризықтандырушысы және Басқарушысы екеніне, өлтіретін де, тірілтетін де тек қана Аллаһ екеніне, қиындықта көмектесіп, дұға-тілекті орындайтын тек қана Аллаһ екеніне, Одан басқаның бұл істерге күші мен құдіреті жетпейтініне сену;
  2. Барлық құлшылықты тек қана Аллаһқа арнау; өз-өзіңді төмен санау, бағыныштылық, махаббат, иілу және сәжде ету, құрбан шалу мен ант ішуді ешбір серігі жоқ Аллаһқа арнау;
  3. Аллаһ Тағаланың Кітабында және Пайғамбарының Сүннетінде келген есім-сипаттарын мойындап, Оны барлық кемшілік атаулыдан, жаратылыстарға ұқсаудан пәктеу;<ref>«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 6-шы бет. ISBN 5-94824-071-1</ref>
"Аллаһ" сөзінің ислам шариғатындағы түсіндірмеcі
Сурет:Allah in Stone in Rohtas.jpg
Пәкістандағы тасқа қашалған Аллаһ сөзі

«Аллаһ» сөзі Аллаһ Тағаланың барлық көркем есімдерін жинақтаушы есім. Арабтар бұл сөзбен құлшылық етілетінді, яғни сол құлшылыққа лайықтыны атайды. Құранда айтылған: Үлгі:Quotation Яғни жерде де, аспанда да оған құлшылық қылынады. «Аллаһ» сөзінің мағынасы: Жаратылыстар махаббатпен, ұлықтаумен және бағыныштылқпен құлшылық қылатын Құдай. Барлық көркем сипаттар жиналған Құдай, Кәміл, Ұлық және Көркем. Барлық жаратылыстарды білімімен қамтыған Білуші, күшінен ештеңе айра алмайтын Құдіретті<ref>بيان معنى اسم (الله) جل جلاله — AlAgidah.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Аллаһқа серік қосу (ширк)
Сурет:Flag of Jihad.svg
«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігі жазылған байрақ

Үлгі:Main Араб тілінде «ширк» (Үлгі:Lang-ar) сөзі «екі затты тең қылу» деген мағына береді. Ал шариғатта бұл терминнің жалпы және жалқы мағынасы бар:

  • Ширктің жалпы мағынасы: Аллаһтың жеке өзіне тән болған сипатын немесе айырмашылығын басқаға телу. Бұндай ширктің үш түрі болады:
    1. Біреуді Аллаһтың жаратушылық-раббылық сипатына теңеу, немесе осы сипаттармен Аллаһтан басқаны сипаттау;
    2. Тек Аллаһқа ғана тиесілі болған есім-сипаттарды басқа біреу де иеленеді деп есептеу;
    3. Аллаһ Тағалаға құлшылықта серік қосу, яғни құлшылықтың кез келген түрін Аллаһтан басқаға арнау<ref name="kuliev">«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 20-шы бет. ISBN 5-94824-071-1</ref>;
  • Ширктің жалқы мағынасы деп Аллаһтан басқадан Оған дұға еткендей дұға қылу, Одан қалай шапағат тілесең солай шапағат тілеу, Оған қалай үміт етсең солай үміт ету, Оны қалай жақсы көрсең басқаны солай жақсы көру. Құран мен Сүннетте ширк туралы айтылса негізінен осы түсініледі<ref name="kuliev"/>.

Басқа жағынан алсақ ширк екі түрге бөлінеді: үлкен және кіші ширк.

  • Үлкен ширк (Үлгі:Lang-ar) деп Аллаһтан басқаға құлшылық ету, басқаны Аллаһқа теңеуді атайды. Үлкен ширк адамды Исламнан шығарып, оның тозақта запталуына себеп болады;
  • Кіші ширк (Үлгі:Lang-ar) деп үлкен ширкке апаратын істерді немесе Құран мен Сүннетте «ширк» деп аталған, бірақ дәрежесі үлкен ширкке жетпейтін нәрселерді атайды<ref>«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 21-ші бет. ISBN 5-94824-071-1</ref>.

Ислами сенім (ақида) бойынша Аллаһқа серік қосудың зардабы өте ауыр, тіпті сол ширкте қайтыс болған адам мәңгі-бақи тозақта қалады деп есептелінеді. Аллаһ айтады: Үлгі:Quotation

Аллаһтың көркем-есімдері

Үлгі:Main Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауатайтқан: Үлгі:Quotation

Аллаһтың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады<ref name="kuliev">«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 25-ші бет. ISBN 5-94824-071-1</ref>. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Аллаһтан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді<ref name="kuliev"/>.

Қасиетті кітаптарға сену

Арабтың «китаб» (Үлгі:Lang-ar) сөзі «жазу» мағынасын беретін «китаба» (Үлгі:Lang-ar) сөзінен шыққан. «Жазба», «жазуы бар бет» мағынасын береді. Ал «қасиетті кітаптар» деп Аллаһтың елшілеріне түсірілген Аллаһтың сөздері жазылған кітаптар мен парақтарды атайды. Бұл кітаптар жазылған күйде (Тәурат сияқты) немесе түскеннен кейін жазылған аян түрінде түсіріледі.

Ислам дінінде Аллаһтан келген кітаптарға сену иманның шарты болып есептеледі. Кітаптарға сенбеген адамның иманы жоқ деп саналады. Аллаһ айтады: Үлгі:Quotation

Исламда қасиетті кітаптар деп мыналар аталады:

  • Аллаһ тарапынан Ибраһим мен Мұсаға түскен парақтар (Үлгі:Lang-ar)
  • Тәурат кітабы (Үлгі:Lang-ar) — Мұса пайғамбарға түсірілген, Исраил ұрпағының ең ұлы кітабы
  • Забур кітабы (Үлгі:Lang-ar) — Дәуд пайғамбарға түсірілген кітап
  • Інжіл кітабы (Үлгі:Lang-ar) — Мәриям ұлы Иса пайғамбарға түсірілген кітап. Кейбір ғалымдар Інжіл Тәураттан тек Исраил ұрпақтары таласқа түскен кейбір жерлерінде ғана өзгеше деп санайды.
  • Құран Кәрім кітабы — Мұхаммед пайғамбарға Үлгі:Салауат түсірілген Аллаһтың ақырғы кітабы<ref>«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 38-41-ші беттер. ISBN 5-94824-071-1</ref>

Ислами сенім бойынша Тәурат, Інжіл секілді кітаптар Аллаһ тарапынан түскенімен, адамдар оларға әртүрлі өзгертулер енгізіп, олардың мағынасын өзгерткен. Ал Құран болса өзгертулерден сақталған боп саналады. Аллаһ айтады: Үлгі:Quotation

Періштелерге сену

Арабтың «періште» (жекеше: мәләк Үлгі:Lang-ar, көпше түрде: мәләикә Үлгі:Lang-ar) сөзі «жолдау» (улук Үлгі:Lang-ar) сөзінен шыққан.

Періштелер Ислам дінінде Аллаһқа толығымен бағынышты, Оның кез келген әмірін орындайтын, елшілерге аян жеткізетін жаратылыстар. Құран Кәрімде періштелер жайлы былай делінген: Үлгі:Quotation

Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат періштелер туралы: Үлгі:Quotation

Имам әл-Байһақи періштелерге сену деген:

  1. олардың бар екеніне сену,
  2. олардың мәртебесін мойындап, олардың адамдар мен жындар секілді Аллаһтың құлдары екеніне сену
  3. олардың ішінде Аллаһ елші қылып жіберетін, Аллаһтың тағын (арш) көтеретін, жәннәт пен тозақы бақылайтын және т.б. періштелер бар екеніне сену. Осының барлығы Құранда келген<ref>«Мухтасар шуғаб әл-иман» — әл-Байһақи</ref>.

Періштелерге сиыну, олардан көмек сұрау мүлдем тиым салынған нәрсе. Аллаһ айтады: Үлгі:Quotation

Ислам дінінде төмендегідей періштелердің аттары аталады:

  • Жәбірейіл (Үлгі:Lang-ar): Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің бірі<ref name="malak">Бақара сүресі, 97-98 аяттар</ref>.
  • Микәил (Үлгі:Lang-ar)<ref name="malak"/>
  • Исрафил (Үлгі:Lang-ar) — Исрафилдың (а.с.) қызметі Сұрды (сырнай) үрлеу<ref>«Сахих Муслим», 770-ші хадис</ref>.
  • Малик — жәннәттің қамқоршысы<ref>Зухруф сүресі, 77-ші аят</ref>
  • Мәләк ул-мәут (Үлгі:Lang-ar) — тіршілік атаулының жанын алатын періште.
  • Киромән катибин — әрбір адамның бұл дүниеде істеген ісін айна қатесіз жазып отыратын екі періштеге берілген есім.
  • Мункәр мен Накир (Үлгі:Lang-ar) — бұл екі періште дүниеде дәм тұзы бітіп, қабірге барған адамнан сұрақ алу қызметін атқарады<ref>«Сахих әл-Бұхари» 1374; «Сахих Муслим» 2870</ref>.
  • Хәмәлә ул-арш — Аллаһтың жаратқан нәрселерінің ең үлкені Аршты тасушы 8 періштеге берілген есім.
  • Ридуан (Үлгі:Lang-ar) — жұмақ қамқоршысы<ref>«Әл-бидая уән-ниһая», 1/53; Ибн Кәсир</ref>

Пайғамбарлар мен елшілерге сену

Үлгі:Main Үлгі:Ислам пайғамбарлары Арабтың «нәбий» (пайғамбар Үлгі:Lang-ar) сөзі «нәбә» (хабар Үлгі:Lang-ar) сөзінен шыққан. Ислам дінінде иман негіздерінің төртіншісі — Аллаһ тарапынан жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман келтіру. Аллаһ Құранда оларды «расул» (елші) және «нәбий» (пайғамбар) деп атаған. Ислам дініндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед Үлгі:Салауат болып есептеледі. Ислами сенім бойынша одан кейін пайғамбарлар жіберілмейді<ref>«Сахих Муслим» (523)</ref>.

Пайғамбарлар мен елшілердің саны

Аллаһ жіберген елшілердің саны туралы Әбу Умамадан келген хадисте айтылған: Үлгі:Quotation Ал пайғамбарлардың саны туралы кейбір хадистерде олардың саны 124 мың болғаны айтылған. Бірақ кей хадис ғалымдары оларды әлсіз санаған<ref>«Силсилә әд-даифа» (6090)</ref>

«Расул» мен «нәбийдің» айрмашылығы

Исламда «нәбий» мен «расул» ұғымдарының арасында айырмашылық бар. Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады: Үлгі:Quotation Мұсылман ғалымдарының пікірінше пайғамбар мен елшінің айырмашылығы — елшілер қауымға жаңа шариғат әкеліп, оларға кітаптар берілген, ал пайғамбарлар болса өздерінің алдындағы Кітапқа шақырып, алдыңғы елшінің шариғатын бекіткен<ref>«Тафсир әл-Әлуси» (5/449); «Тафсир әл-Байдауи» (4/57)</ref>.

Құранда аты аталған пайғамбарлар

Көптеген пайғамбарлардың есімдері Құранда аталған. Мысалға: Үлгі:Quotation

Үлгі:Quotation

Қасиетті Құранда есімідері келтірілген пайғамбарлар
Есімі Пайғамбар Елші Басшы Кітап Жіберілген адамдары
Адам (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="Google Books">Үлгі:Cite book</ref>
20px
Басшы әрі патриарх
Адам ғ.с. балалары
Идрис (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref name="Cite quran|19|56|s=ns">Үлгі:Cite quran</ref>
Нұх (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref name="6:89">Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Елші<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Патриарх
Нұх адамдары<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Һұд (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Елші<ref name="Cite quran|26|162|s=ns">Үлгі:Cite quran</ref>
Ад адамдары <ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Салих (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Елші<ref name="Cite quran|26|162|s=ns"/>
Талмуд адамдары<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Ибраһим (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref>Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Елші
20px
Басшы<ref name="Cite quran|2|124|s=ns">Үлгі:Cite quran</ref>
Жазулар <ref>Үлгі:Cite quran</ref> Ибраһим адамдары<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Лұт (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Елші<ref name="Cite quran|26|162|s=ns"/>
20px
Патриарх
Содом және Гоморра адамдары<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Исмаил (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref name="19:54">Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Елші<ref name="19:54"/>
20px
Басшы әрі патриарх
Арабтар
Исхақ (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="Isaac">Үлгі:Cite book</ref><ref name="19:49">Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Басшы әрі патриарх<ref name="21:73">Үлгі:Cite quran</ref>
Каннан адамдары
Яқуб (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="Isaac"/>
20px
Басшы әрі патриарх<ref name="21:73"/>
Израильдің 12 баласы
Юсуф (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Басшы
Коптілер
Әйюб (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Патриарх
Аюб адамдары
Шұғайб (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Елші<ref name="Cite quran|26|162|s=ns"/>
Мәдян елі <ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Мұса (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref name="19:51">Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Елші
20px
Басшы
Тәурат (Тора)<ref name="Q5336">Үлгі:Cite quran</ref> 43|46|s=ns">Үлгі:Cite quran</ref>
Һарұн (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref>Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Патриарх
43|46|s=ns"/>
Дәуіт (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Басшы (Израиль патшалығы)
Забур (Псалмдер)<ref>Үлгі:Cite quran</ref> Израиль
Сүлеймен (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Басшы (Израиль патшалығы)
Израиль
Ілияс (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
20px
Елші<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Ілияс пайғамбар адамдары<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Әл-Йаса (Елисей) (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
Израиль ұрпақтары
Юнус (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="Google Books"/><ref name="6:89" />
20px
Елші<ref name="Cite quran|37|139|s=ns">Үлгі:Cite quran</ref>
Йона адамдары<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Зул-Кифл (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref>Үлгі:Cite book</ref>
Зәкәрия (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="6:89" /><ref name="Zechariah">Үлгі:Cite book</ref>
Израиль ұрпақтары
Йахйа (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref name="Zechariah"/><ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Израиль ұрпақтары
Иса (عليه السلام) 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref>Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Елші
20px
Басшы
Інжіл Израиль ұрпақтары<ref>Үлгі:Cite quran</ref>
Мұхаммад Үлгі:Салауат 20px
Пайғамбар<ref>Үлгі:Cite book</ref><ref name="33:40">Үлгі:Cite quran</ref>
20px
Елші
20px
Басшы<ref name="Cite quran|2|124|s=ns"/>
Құран Күллі Адамзат
Мықты рухы бар пайғамбарлар

Құранда айтылған: Үлгі:Quotation Бұл пайғамбарларға Нұх, Ибраһим, Мұса. Иса және ақырғы және ең жақсы пайғамбар Мұхаммед кіреді Үлгі:Салауат<ref>«Кашф әл-Астар» (3/114), «Маджма әз-Зәуәид» (8/255), «Мустадрак әл-Хаким» (2/546)</ref>.

Қиямет күніне сену

Үлгі:Main Ақырет күніне иман ету иман негіздерінің бірі. Бұған адамдардың қабірде сыналуына, олардың қайта тірілетеніне, адамдардың Аллаһ алдында есеп беретініне және т.б. қияметтің оқиғаларына сену кіреді. Исламда оған сену — парыз деп есептеледі. Құранда Аллаһқа иман етумен байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (Үлгі:Lang-ar) иман ету де бірге айтылады.

«Ақырет» сөзі - соңғы деген ұғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин.

Ақыреттің белгілері

Ақыреттің белгілеріне болып өткен немесе болашақта болуы тиіс Құран мен Сүннетте айтылған оқиғалар жатады:

  • Мұхаммедтің Үлгі:Салауат пайғамбарлығы Ақыреттің белгісі болып есептеледі<ref>«Сахих әл-Бұхари» (6504), «Сахих Муслим» (2951)</ref>;
  • «Қамар» сүресінде баяндалған айдың қақ айырылуы;
  • Хиджаздан шыққан жалын (бұл жалын шынымен һижри 654-ші жылы шығып, алауы Шам өлкесіне шейін көрінген<ref>«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 62-ші бет. ISBN 5-94824-071-1</ref>);
  • Күң әйелдің өз қожайынын тууы;
  • Аяқ киімі жоқ, жалаңаш, кедей қой бағатын адамдардың үй салып жарысуы;
  • 30 шақты өтірік пайғамбарлардың пайда болуы<ref>«Сахих әл-Бұхари» (3609)</ref>;
  • Евфраттағы су деңгейі түсіп, оның орнында алтын таудың пайда болуы;

Ең ұлы белгілер:

  • Түтіннің шығуы;
  • Дәжжәлдің келуі;
  • Жерден жануардың шығуы;
  • Күннің батыстан шығу;
  • Иса пайғамбардың түсуі;
  • Йәджудж бен Маджудждің шығуы;
  • Шығыста, батыста және Араб түбегіндегі жердің опырылуы;
  • Қағбаның қирауы;
  • Құранның аспанға көтерілуі;
  • Мәһдидің келуі;
  • Йеменнен шығатын от<ref>«Сахих Муслим» (2901)</ref>;
Ақырет күнінің сипаты

Пайғамбардан Үлгі:Салауат келген хадиске сәйкес Исрафил періште Сұрға үрлегеннен кейін Аллаһ қалағандардан басқа аспан мен жердегі барлық жаратылыс жан тапсырады. 40 күн, ай немесе жылдан соң Сұрға қайта үріліп, аспаннан жаңбыр жауады. Адамдар көкөніс сияқты өлгеннен кейін сақталып қалатын құйыршықтағы сүйектен өсіп шығады. Ал ең бірінші боп жерден шығатын адам — Мұхаммед пайғамбар болады<ref>«Сахих әл-Бұхари» (4935), «Сахих Муслим» (2955), «Сахих әл-Бұхари» (3414), «Сахих Муслим» (2373) және т.б.</ref>.

Тағдырдың жақсылығы мен жамандығына сену

Үлгі:Main Иман шарттарының алтыншысы — тағдырға иман. Тағдыр — араб тіліндегі «қадар» сөзінен шығып «өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» ұғымдарын білдіреді. Ал діни терминологиядағы мағынасы ‑ әлем жаратылғаннан бастап, болмыста болатын бүтін құбылыстар мен жаратылыстардың қашан болатындығын, мезгілін, орнын, мекенін, ерекшеліктері мен сипатын Аллаһ Тағаланың ежелден яғни әу бастағы ілімімен белгіленіп, өлшеніп қоюымен байланысты. Әһлі Сүннет уәл-жамағат ғалымдары адам кез келген істі өз қалауымен жасайды, оны ешкім мәжбүрлемейді, бірақ оның қалауы Аллаһтың қалауына тәуелді және тек Аллаһтың рұқсатымен іске асады дейді<ref>«Предопределение Аллаха», Мұхаммед әл-Усәймин; Эльмир Кулиевтің аудармасыҮлгі:Ref-ru</ref>

Тағдыр 4 дәрежеден құралған<ref>«Үш негіз және оның дәлелдері» кітабының түсіндірмесі (аудио), Әбу Йахйа Арсен Джалилов әл-Қрыми</ref>:

  1. Аллаһтың барлық зат туралы білімі;
  2. Аллаһтың барлық жаратылыстың тағдырын «Ләух әл-махфузда» жазып қоюы;
  3. Аллаһтың осы болатын нәрселердің орын алуына рұқсат беруі;
  4. Аллаһтың осы ісерді жаратуы, себебі Аллаһ кез келген нәрсенің Жаратушысы;

Ислам

Сурет:Mosque.jpg
Дамасктегі Умәуи мешітінде намаз оқып жатқан мұсылмандар

Үлгі:Main Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді:

  1. Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту
  2. Бес уақыт парыз намазды орындау
  3. Рамазан айында ораза тұту
  4. Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру
  5. Өмірінде бір рет қажылыққа бару

«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігінің шарттары

Үлгі:Main «Лә иләһә илл-Аллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты нәрсе жоқ)» куәлігінің талап ететін бірнеше шарттары бар<ref>«Фатх әл-мәджид», Әбдуррахман ибн Хасан, 190-шы бет</ref>:

  1. Білімсіздікті жоятын білім;
  2. Күманды жоятын нық сенім;
  3. Жоққа шығарудың терісі болған қабылдау;
  4. Бағынбаудың терісі бағыныштылық;
  5. Ширктің терісі ықылас;
  6. Екіжүзділіктің терісі шыншылдық;
  7. Жек көрудің терісі махаббат;
  8. Аллаһтан басқа құлшылық объектілерін жоққа шығарып, олардан аластау;

Яғни мұсылман осы куәліктің мағынасын біліп, одан күмәнданбай, жоққа шығармай, оған бағынып, ықыласты шын көңілмен, шыншыл болып, осыны жүрегімен жақсы көріп, сонымен қоса Аллаһтан басқа пұттар мен құдайшықтарды жоққа шығарса ғана Исламының шарты дұрыс болып, Аллаһтың мейіріміне жетуге мүмкіндік алады.

«Мухаммад расулу-Ллаһ» куәлігінің шарттары

Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат елшілігін мойындаудың да бірнеше шарттары бар:

  1. Пайғамбардан айтқан заттарға күмансыз сену;
  2. Пайғамбар әмір еткен нәрселерге бағыну;
  3. Пайғамбар тиым салған нәрселерден сақтану;
  4. Ешбір адамның сөзін оныкінен артық қоймау;
  5. Дінге ол бұйырмаған нәрселерді кіргізбеу, мейлі ол сөз, іс немесе сенім тұрғысынан болсын;
  6. Пайғамбарға қатысты тек қана ол рұқсат берген нәрселерді орындау (мыс.: оның есімі аталғанда салауат айту)
  7. Пайғамбарды Аллаһқа ғана тиесілі болған нәрселерге ие деп санамау, одан тілек тілемеу, көмек сұрамау және т.б.
  8. Пайғамбардың сөздерін құрметтеп, оның хадистеріне құрметпен қарау;<ref>«Шарх әл-арбаин ән-Нәуәуия» — Мұхаммед ибн Салих әл-Усәймин</ref>

Намаз

Үлгі:Main Соләт (Үлгі:Lang-ar) — араб тілінде «дұға» мағынасын береді. Шариғатта: Тәкбирден («Аллаһу әкбар» сөзі) басталып, тәслиммен («әс-сәләму ғалейкум» сөзі) аяқталатын белгілі амалдар мен сөздер жиынтығы. Намаз екі куәліктен кейінгі Исламның ең маңызды тірегі. Аллаһ Тағала намазды Мұхаммед пайғамбарға Үлгі:Салауат Миғраж түнінде жеті аспанның үстінен парыз еткен<ref name="fiqh">«Әл-фиқһ әл-муяссар фи дау әл-Китаб уәс-Сунна»; «Патша Фаһдтың Медине қаласындағы Құран Шәрифті басып шығаруға арналған комбинаты», 2004</ref>.

Ораза

Үлгі:Main Саум (Үлгі:Lang-ar) — тілдік мағынасы: «бір нәрседен ұстану». Шариғатта: оразаға ниет етіп таң намазының уақытынан бастап күн батқанға шейін ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу. Оразаның екі негізі бар<ref name="fiqh"/>:

  • Таң намазының уақытынан күн батқанға шейін ораза бұзатын нәрселерден сақтану;
  • Бұл оразамен Аллаһқа құлшылықты ниет ету;

Зекет

Үлгі:Main Зәкәт (Үлгі:Lang-ar) — тілдік мағынасы: «артық зат», «өсу (егіннің)». Шариғатта: белгілі адамдардың тобының белгілі мөлшерге жеткен дүние-мүлкінен алынатын ақысы. Бұл Аллаһтың құлының жаны үшін тазарыну саналды. Және зекет беру мұсылман жамағатының арасын жақындастырудың, махаббат пен бірліктің себебі<ref name="fiqh"/>.

Қажылық

Үлгі:Main Хажж (Үлгі:Lang-ar) — тілдік мағынасы: «ниеттену, мақсат, қалау, жөнелу». Шариғатта: Сүннетке сәйкес белгіленген жерде белгілі уақытта діни рәсімдерді орындау. Қажылық Ислам дінінің тірегі саналады, және мұсылман ғалымдары қажылықты өмірінде бір рет орындау парыз екеніне бір ауыздан келіскен<ref name="fiqh"/>.

Ихсан

Үлгі:Main Ислам дінінің үшінші мәртебесі — ихсан (Үлгі:Lang-ar). Ихсанда бір негіз бар:

  • Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу, ал егер олай істей алмасаң, Аллаһ сені көріп тұрғандай құлшылық қылу.

Бұл парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.

Ислам шариғаты және фиқһы

Сурет:Muslim Constitution Religion ar.png
Ислами, исламды ресми дін деп мойындаған және зайырлы мұсылман мемлекеттері

Үлгі:Main Ислам шариғаты — ол адамның Аллаһпен, басқа адамдармен, қауыммен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, рұқсат етілген және тиым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сәләфтардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадымен міндетті болған заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызы<ref>Encyclopaedia Britannica — Sharïah</ref>.

Шариғаттағы амал түрлері

Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-3 Шариғат амалдары сегізге бөлінеді<ref>«Ислам ғылымхалы»; Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы</ref>:

  1. Парыз
  2. Уәжіп
  3. Сүннет
  4. Мұстахаб
  5. Мубах
  6. Харам
  7. Мәкрүһ
  8. Муфсид

Осы сегіздің алғашқы бесеуін орындауы, соңғы үшеуінен бойын аулақ ұстауы, яғни жасамауы – мұсылманның міндеті.

Парыз

Үлгі:Main Парыз – анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру.

Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді:

  • «Айн парыз». Әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды жеке өзі орындауға тиіс. Біреудің парызын басқа біреу өтей алмайды. Намаз бен ораза секілді.
  • «Кифая парыз»: жалпы мұсылманға парыз бола тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыруы арқылы барша мұсылманның мойнынан түсетін парыздар. Алайда, ешкім орындамаса, барлық қоғам жауапты.

Уәжіп

Үлгі:Main Уәжіп – орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен амалдар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б.

Үлгі:Col-3

Сүннет

Үлгі:Main Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.

Сүннет үшке бөлінеді:

  1. Муәккәд сүннет (бекітілген сүннет)
  2. Ғайру муәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет)
  3. Зәуәид сүннет (артық сүннет)

Мұстахаб

Үлгі:Main Мұстахаб – таңдаулы, ең көркем амал. Діни терминде Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері. Сәске намазы секілді кейбір нәпіл намаз бен оразалар осыған жатады. Сонымен қатар таң намазын айналаға жарық түскенде оқу, жаздың шілдесінде бесін намазын салқын түскенге дейін кешіктіріп оқу, ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Мұның үкімін жасағанға – сауап, жасамағанға күнә жоқ. Ибн Абидин мәндуб, мұстахаб, нәпіл терминдерінің бір мағына беретінін айтқан<ref>Ибн Абидин, «Радд әл-Мухтар». Египет. т. 1, 115.</ref>.

Үлгі:Col-3

Мубах

Мубах — жасалуы мен жасалмауында діни жағынан ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т.б.

Харам

Үлгі:Main Харам — жасалуы мен пайдалануы Исламдық тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу, құмар ойындар ойнау, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау, жала жабу, т.б. іс-әрекеттер осыған жатады.

Мәкрүһ

Үлгі:Main Мәкрүһ — сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ, дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы мәкрүһке жатады.

Мәкрүһ екіге бөлінеді:

  1. Харамға жақын мәкрүһ (Тахримән мәкрүһ). Мысалға: дәрет алғанда суды ысырап ету, т.б.
  2. Халалға жақын мәкрүһ (Тәнзиһән мәкрүһ). Мысалға: мұрынды оң қолмен шаю, т.б.

Муфсид

Муфсид — басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. Муфсидтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады. Үлгі:Col-3 Үлгі:Col-end

Ислам шариғаттының негіздері

Құран

Үлгі:Main Үлгі:Құран Кәрім

Сурет:Uthman Koran-RZ.jpg
Осман нұсқасының тағы бір суреті

Құран«Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресінен бітетін ақырғы пайғамбар Аллаһтың елшісі Мұхаммедке Үлгі:Салауат түсірілген Аллаһтың сөзі. Құранда 114 сүре, 6236 аят бар. Құран әдеби араб тілінде түсіріліп, Ислам шариғатының негізі боп табылады. Аллаһ Тағала Құранды өзгертулер мен қосымшалардан сақтауға уәде берген. Оның ішінде наным-сенім, ғибадат, адамдардың ара-қатынасы және т.б. мәселелердің үкімдері жалпы және жекеше түрде баяндалған.

Ең алғашқы түсірілген уахи болып Құранның Аләқ сүресі саналады, ал елшіліктің ең алғашқы аяты деп Муддәссир сүресінің бастапқы аяттары саналады. Сондықтан кейбір ғалымдар Мұхаммед Үлгі:Салауат «Алақ» сүресінің түсуімен пайғамбар, «Муддассир» сүресінің түсуімен елші болды деп санайды.

Үлгі:Тағы қараңыз

Түсу себебіне байланысты Құран аяттары екіге бөлінеді:

  1. Аллаһ тарапынан ешбір себепсіз түсірілген аяттар;
  2. Белгілі бір оқиғаға байланысты немесе басқа да себебтемен түсірілген аяттар;

Үлгі:Тағы қараңыз

Құран үзік-үзік болып 23 жыл бойы түсірілген. Бұл уақыттың көп бөлігін Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат Меккеде өткізген. Сондықтан ғалымдар аяттарды «меккелік» және «мединелік» деп екіге бөледі:

  1. Меккелік аяттар — меккелік Исламға қарсы мұшриктерге арналғандықтан қатал стилді және қысқа да нұсқа болып келеді. Сонымен қатар меккелік аяттар көбінесе таухид, иман, Ақырет күніне сену мәселелерін қозғайды;
  2. Мединелік аяттар — бұл кезде мұсылмандар көбейгесін көбінесе жұмсақ түрде, мұсылмандарға қатысты шариғат үкімдерін баяндайды. Сонымен қатар джиһад заңдастырылғандықтан және мұнафықтардың екіжүзділігі көрінгендіктен джиһад пен екіжүзділер туралы аяттар түсе баятады<ref>«Усуль фит-тафсир»Мұхаммед әл-Усәймин</ref>

Сүннет

Үлгі:Main Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға Үлгі:Салауат еруге, оған бағынуға бұйырады, сондықтан Сүннет Ислам шариғатының екінші негізі болып саналады. Сүннет деп пайғамбардың кез келген сөзін, ісін немесе бір нәрсені іштей қолдауын атайды. Бастапқыда Мұхаммед пайғамбар өзінен хадистер жазуды құптамаған. Мысалға мына сөздері: Үлгі:Quotation

Алайда артынан Абдуллаһ ибн Амр деген сахаба осы туралы сұрағанда ол аузына меңзеп: Үлгі:Quotation Және Хафиз әс-Сахауи «Фатх әл-муғис» кітабында айтқандай Ислам ғалымдары Сүннетті жазуға бір ауыздан рұқсат берген.

Үлгі:Тағы қараңыз

Соңғы кездері Сүннетті өзгеріске ұшыраған деп, тек Құранға еріп, шариғатты тек содан алу керек деген «құраншылар» қозғалысы пайда болды. Оларға жауап ретінде Сүннетті мойындайтын мұсылмандар Құранның өзінде келген пайғамбарға еруге үгіттейтін аяттарды алып келеді. Мысалға: Үлгі:Quotation Үлгі:Quotation

Сонымен қатар пайғамбардан мынадай хадис жеткен: Үлгі:Quotation

Сүннет кітаптары

Үлгі:Main Танымал хадис жинақтары:

Ижмағ

Үлгі:Main Ижмағ (Үлгі:Lang-ar) — Пайғамбардан Үлгі:Салауат кейінгі заманда мұсылман ғалымдарының бір үкімге бір ауыздан келісуі. Ижмағқа сахабалардың пайғамбарлық заманда істеген істері жатпайды, себебі сахабалардың ол кезде істеген амалдары өздігінен шариғи дәлел болып саналады. Егер ғалымдар бір үкімге ижмағ қылса, ешкімге оны бұзуға немесе жоққа шығаруға рұқсат етілмеген<ref>«Ижмағ», Ибн әл-Усәймин</ref><ref>«Маджмуғ әл-фатауа» — «Ғұламалардың ижмағы туралы сұралғанда»</ref>, себебі Пайғамбар Үлгі:Салауат айтқан: Үлгі:Quotation

Ижмағтың екі түрі болады:

  1. «Ижмағ қатғий» — үмметтің анық келісімімен болған ижмағ. Мысалға: намаздың парыз екеніне ижмағ, зинаның харам екеніне ижмағ, т.б.
  2. «Ижмағ занний» — бір нәрсеге ерумен, немесе еш нәрсе айтпай, бақылаумен болған ижмағ. Яғни бір ғалымның айтқан нәрсесіне басқа ғалымдардың ештеңе айтпай еруі, немесе оған қарсы шықпауы. Бұл ижмағ түрін бекітуде, яғни дәлел ретінде қабылдауда мұсылман ғалымдарында келіспеушілік болған.

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады: Үлгі:Quotation

Қияс

Үлгі:Main Қияс — Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі. Мұсылман ғалымдарының арасында қияс Құран, Сүннет және ижмағтан кейінгі орын алады. Алайда қиястың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері бар. Тыйым салынған түрлеріне біреудің Құран мен Сүннеттен дәлелі болып тұрып қияс арқылы үкім шығаруы жатады. Ибн Масғұд айтқан: Үлгі:Quotation Үлгі:Quotation Әл-Хасан әл-Басри мен Мұхаммед ибн Сирин осы аятқа сүйеніп ең бірінші боп тыйым салынған қиясты Ібіліс қолданған деп санаған<ref>«Тәфсир әт-Табари», 5/438</ref>.

Ижтиһад

Үлгі:Main Ижтиһад: шариғи үкім шығарудағы ғалымның ізденіс қылып, еңбек етуі. Ижтиһад жасаудағы муджтаһидтің шарттары<ref>«әл-Усуль мин илм әл-усуль», Мұхаммед әл-Усәймин</ref>:

  • Ижтиһадқа қажетті Құран, Сүннет және т.б. шариғат негіздерінен дәлелдерді білуі;
  • Иснад, хадис тізбегінегі адамдар секілді хадистердің сахих немесе әлсіздігіне байланысты үкімдерді білуі;
  • Үкімі жойылған немесе ижмағқа қайшы нәрселермен үкім шығармау үшін насих пен мансухты (яғни үкімін жоюшы және үкімі жойылған аят пен хадистер) білуі, ижмағты білуі қажет;
  • Дәлелдерден анықтаушы және жеке дәлелдерді айыра білуі;
  • Тілден және фиқһ негіздерінен «жалпы және жеке» деген сияқты сөздік ишараттардың мағынасын білуі;
  • Дәлелдерден үкімдер шығаруға қабілеті болуы керек;

Фиқһ

Үлгі:Main Үлгі:Фиқһ негіздері Фиқһ (Үлгі:Lang-ar) — тілдік мағынасы «түсіну». Бұл мағынада «фиқһ» сөзі Құранда бірнеше жерде қолданылады. Мысалға: Үлгі:Quotation Шариғат терминологиясында «фиқһ»: шариғаттың амалға қатысты үкімдерін дәлелдер арқылы білу. Кейде сол үкімдердің өзін «фиқһ» деп те атайды. Фиқһтың негіздері:

  1. Құран Кәрім
  2. Сүннет
  3. Ижмағ
  4. Қияс

Фиқһта мукәллаф (балиғат жасына жеткен) мұсылмандардың амалдары жалпы және толықтай қарастырылып, адамның Жаратушысымен, өзімен және басқа адамдармен болған қатынасын реттейді. Фиқһ мукәллаф адамның сөздерін, амалдарын, келісімдерін, мүлкін жұмсауын қамтиды. Фиқһ екіге бөлінеді:

  1. Ғибадаттың үкімдері: намаз, ораза, қажылық сияқты ғибадаттардың үкімдері.
  2. Қарым-қатынас үкімдері: келісімдер, мал-мүлікті жұмсау, қылмыс пен жаза, кепіл беру, және тағы да басқа адамдар арасындағы қарым-қатынастың үкімдері.

Фиқһты білудің әсері Аллаһтың құлының салихалылығында, оның амалдарының дұрысталуында, әдебінің түзелуінде білінеді. Ал егер мұсылман дұрысталса — жамағат та дұрысталып, оның нәтижесі осы дүниедегі бақытты өмір мен Аллаһтың Ақыреттегі ризалығы болмақ<ref>«Әл-фиқһ әл-муяссар фи дау әл-Китаб уәс-Сунна» — Кіріспе; «Патша Фаһдтың Медине қаласындағы Құран Шәрифті басып шығаруға арналған комбинаты», 2004</ref>. Мұхаммед пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтқан: Үлгі:Quotation

Фиқһ мазһабтары

Үлгі:Infobox Muslim scholars Үлгі:Main Фиқһ мазһабтарының ішінде бір ғалымның ойлары мен шариғи мәселелерге көзқарастары болып, бірақ оны тарататын, нақтылайтын шәкірттер болмағасын толықтай дамымаған, бізге көп үкімдері жетпеген жеке мазһабтар бар. Сонымен қатар негізін салған муджтаһид-ғалымдардың көзқарастары шәкірттері арқылы дамуын тауып, кең таралған көпшілік-жамағи мазһабтар бар. Бұл мазһабтар негізін қалаған имамдардың атымен аталып осы күнге шейін жеткен. Бұл мазһабтардың қатарына пайда болу реті бойынша: ханафи мазһабы, малики мазһабы, шафиғи мазһабы және ханбали мазһабы жатады. Оған қоса кейде заһири мазһабы да қосылады. Міне осы мазһабтар «Әһлі-Сүннет» мазһабтары деп аталады. Әһлі-Сүннет мазһабтарынан бөлек шиғалардың «джафари» және «зәйди» мазһабтары, харижиттердің «ибади» мазһабы бар.

Ханафи мазһабы

Сурет:Muslims schools.png
Мазһабтар таралған аймақтардың картасы

Үлгі:Main Ханафи мазһабыИмам Ағзам Әбу Ханифаға телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Қалаушысының есіміне сәйкес «ханафи мазһабы» деп аталады. Шын аты Нуғман ибн Сәбит болған Әбу Ханифа һижраның 80 жылы (699 ж.) Куфа қаласында дүниеге келіп, һижраның 150 ж. (767 ж.) сол жерде қайтыс болады. Ханафи мазһабына кіретін ғалымдар Әбу Ханифаны «Имам Ағзам» (ұлы имам) деп атайды.<ref name="tarih2"/> Кейбір тарих ғалымдары Әбу Ханифаны сахабаларды көрген табиғиндерден деп есептейді, себебі ол сахаба Малик ибн Әнәстан хадистер риуаят еткен. Бірақ басқа тарихшылар оны табиғиндердің ізбасарларынан деп санайды.

Имам Әбу Ханифа Исламның көптеген мәселелерін білген ғалым болғанымен, оның негізгі еңбегі фиқһ саласында болған. Абдуллаһ ибн әл-Мубарак ол туралы айтқан: Үлгі:Quotation Әш-Шафиғи ол туралы: Үлгі:Quotation

Малики мазһабы

Үлгі:Main Малики мазһабы — Имам Малик ибн Әнәсқа телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Оның негізін қалаған Мәлик ибн Әнәс һижри 96-шы жылы (711 ж.) Медине қаласында дүниеге келіп, 179-шы жылы (795 ж.) қайтыс болған. Имам Мәлик Йеменнен көшіп келген Хумайр патшалық аулетінен шыққан. Оның отбасы шариғи біліммен танымал болып, оның өзі де «Имам дар әл-Һижра („дар әл-һижра“ — Медине қаласы)» деген атақты алған. Имам Малик хадистерге үлкен көңіл бөліп, өзінен кейін «Муатта» хадистер жинағын қалдырған<ref>Малик ибн Анас — Islamhouse.com</ref>.

Шафиғи мазһабы

Үлгі:Main Шафиғи мазһабының негізін салушы — Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи. Һижра жыл санауы бойынша 150 жылы Палестинадағы Газа қаласында дүниеге келген. Жеті жасында Құранды жаттап бітірген Мұхаммед ибн Идрис, 15 жасында пәтуа беруге рұқсат алады. Имам әш-Шафиғи атақтығалымдар: Имам Маликтен, Суфйан ибн Уяйнадан, Имам Мұхаммед әш-Шайбаниден білім алған. Өзінің қысқа ғұмырында әш-Шафиғи Меккеде, Йеменде, Иракта, Мысырда білім алып, сол жерлерде сабақ берумен айналысты. Имам әш-Шафиғи ең бірінші болып «усуль әл-фиқһ» ғылымын енгізіп, сол жайлы «Рисалә» кітабын жазады. Имам Ахмад ибн Ханбал оны өз ұстазы санап, оны Аллаһтын дінді жаңартуға жіберген «муджәддиді» санаған. Һижра жыл санауы бойынша 204 жылы дүниеден озды.

Ханбали мазһабы

Үлгі:Main Мазһабтың негізін салушы — Имам Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ханбал әш-Шәйбани. Һижра жыл санауы бойынша 164-ші жылы (778 ж.) Мерв қаласында дүние келіп, һижри жыл санауы бойынша 241-ші жылы (855 ж.) қайтыс болды. Жастайынан әкесінен жетім қалған Имам Ахмад шариғат пәндеріне, оның ішінде хадис іліміне көп көңіл беріп, ұлы мухадди атанады. Ол Әбу Ханифаның атақты шәкірті Имам Әбу Юсуфтан, Имам әш-Шафиғиден, Уәкиғ ибн әл-Джаррахтан білім алған. Тіпті оның ұстаздары болған Әбу Дәуд, Имам Муслим, Имам әл-Бұхарилер одан хадис риуаят ететін болған<ref name="ahmad">Имам Ахмад — Islamhouse.com</ref>.

Имам Ахмад билікке келген мутазилиттік сенімді ұстанатын халифтерден көп қысым көреді. Ұзақ уақыт түрмеде қамалып, азапталса да Ислами сенімнен бас тартпаған ол әлі күнге шейін ең атақты діни авторитеттердің бірі саналады.

Имам Ахмад шариғаттағы дәлелдерді Құран мен Сүннеттен алуға шақырып, имамдардың сөздеріне соқыр еруге тыйым салған. Ол айтқан: Үлгі:Quotation

Ибн әл-Джәузи Имам Ахмадтың мынадай сөзін жеткізген: Үлгі:Quotation

Басқа мазһабтар

Аталған төрт мазһабтан бөлек ерушілер саны аз және аз елдерде таралған мазһабтар бар.

Джафари мазһабы (шиғалар мазһабы)

Үлгі:Main Бұл мазһабтың бастаушысы деп шиғалар Джафар әс-Садиқты санайды. Ол һижри 80-148 (702-765) жылдары Мединеде өмір сүрген. Әһлі-Сүннет ғалымдары арасында ол білімді саналып, Имам Әбу Ханифа мен Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи оның мәжілістеріне қатысқан. Он екі имамды мойындайтын шиитттерде ол алтыншы имам саналады. Джафари мазһабын ұстанушылар сахабалардың ешбір ижмағын мойындамайды, тек сол сахабалардың қатарында Әли ибн Әбу Талиб болмаса. Сонымен қатар олар Әли ұрпағынан шыққан имамдарды күналар мен қателерден сақталған шариғат көзі санайды. Олар ижтиһад құқығына тек қана «имамдар» ие, басқаларына ижтиһад жасағанда олардың пікірлеріне қайшы келуге болмайды деп есептейді<ref name="shia"/><ref name="shia1"/>.

Заһири мазһабы

Үлгі:Main Имам Дәуд ибн Әли әл-Асфаһани әз-Заһири (815-883) қалаған мазһаб. Бұл мазһабтағы шариғат негіздері Әһлі-Сүннет мазһабтарына ұқсас. Мазһабтың «заһири» аталу себебі олар үкім шығаруда аят-хадистердің сыртқы мағынасын ғана алуды қолданады. Заһири мазһабының атақты ғалымдарының бірі — Имам Ибн Хазм әл-Андалуси. Заһири мазһабы Испанияда кең таралғанмен, ол жақтағы халифаттың құлауымен толығымен жойылып кетіп, тек жазба еңбектері жеткен<ref>«Эволюция фикха», Билал Филипс</ref>.

Зәйди мазһабы (шиғалар мазһабы)

Үлгі:Main Зәйди мазһабының үкімдері Әһлі-Сүннет мазһабтарының, оның ішінде ханафи мазһабының үкімдеріне ұқсас болып келеді, себебі бұл мазһабтың негізін салушы саналатын Зәйд ибн Әли «Зәйн әл-абидин» ибн әл-Хусәйн ибн Әли ибн Әбу Талиб (һижри 80-122 жж.) Ирактың Әбу Ханифа білім алған ғалымдарынан білім алуы. Бұл мазһабта Құранмен қоса Сүннет те шариғаттың көзі саналады және хадистер тек қана Әһлі-Бәйтпен шектелмейді, басқа сахабалардан да алынады.

Ибади мазһабы (харижилік мазһаб)

Үлгі:Main Ибади мазһабының негізін қалаушысы Джәбир ибн Зәйд әл-Азди. Бұл мазһаб Әһлі-Сүннет мазһабтарына көптеген мәселелерде ұқсас болғанымен, кейбір үкімдерінде оларға қайшы келеді<ref>ﺍﻟﻤﺪﺧﻞ ﻟﺪﺭﺍﺳﺔ ﺍﻟﻔﻘﻪ ﺍﻹﺳﻼﻣﻲ ﻭﻧﻈﺮﻳﺎﺗﻪ ﺍﻟﻌﺎﻣﺔ. ﺩﻛﺘﻮﺭ ﺭﻣﻀﺎﻥ ﻋﻠﻲ ﺍﻟﺸﺮﻧﺒﺎﺻﻲ، ﺩﻛﺘﻮﺭ ﺟﺎﺑﺮ ﻋﺒﺪ ﺍﻟﻬﺎﺩﻱ ﺳﺎﻟﻢ ﺍﻟﺸﺎﻓﻌﻲ. ﺍﻟﻤﺬﻫﺐ ﺍﻷﺑﺎﺿﻲ ﻭﺍﻟﻤﺬﻫﺐ ﺍﻟﻈﺎﻫﺮﻱ: ﺻﻔﺤﺔ 259-263</ref> Ибади мазһабы Оман сұлтандығында көп тараған.

Әузағи мазһабы

Үлгі:Main Әбу Амр Әбдуррахман ибн Амр әл-Әузағи (707-774) негізін қалаған Әһлі-Сүннет мазһабы. Әл-Әузағи өз кезінің ұлы ғалымы болған адам. Оның мазһабы Шам өлкесінде, содан кейін Андалусияда таралған. Бірақ Шамда шафиғи мазһабы, Андалуста малики мазһабы таралуымен бұл мазһаб әлсіреп, уақыт өте жойылып кеткен.

Ләйс ибн Сағд мазһабы

Үлгі:Main Мысырлық ғұлама Ләйс ибн Сағдтың да Әһлі-Сүннет мазһабы саналған мектебі болған, бірақ уақыт өте жойылып кеткен.

Жиһад

Үлгі:Main «Джиһад» сөзі «күрес, күш жұмсау, соғыс» мағыналарын береді. «Қазіргі заманның араб тілінің сөздігіндегі» «джиһад» сөзінің анықтамасы: «Келісімге отырмаған кәпірлермен соғыс немесе Аллаһтың жолындағы соғыс. Дінді немесе отанды қорғау үшін соғысу»<ref>جهاد — AlMaany.com</ref>. Бірақ бұл сөз тек жаулармен соғысу мағынасында ғана емес, нәпсімен, шайтанмен күресу мағынасында да жұмсалады. Имам Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия айтады:

Үлгі:Quotation

Сондай-ақ Ибн әл-Қаийм қылышпен жасалатын жиһадтан гөрі дәлел мен түсіндірумен жасалатын джиһадты артық санаған, және бұл джиһадты пайғамбарлар мен олардың артынан ілескен имамдар жасайды деген. Бұған мына аят дәлел болады: Үлгі:Quotation

Ислам күнтізбесі

Сурет:Lunar libration with phase Oct 2007 450px.gif
Мұсылмандар күнтізбесі Ай фазаларына негізделген

Үлгі:Main Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің Үлгі:Салауат Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден өткен уақытанан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб (634644) жасаған. Нақты жылдан 11 күн кем болғандықтан, Ислам күнтізбесіндегі жылдың басы жылжи береді. һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Ол тек Айға негізделген.

Ислами әдеп

Ислами әдеп деп шариғаттан бастау алатын жақсы іс саналатын амалдар мен сөздер жиынтығын атайды. Мысалға: «әс-сәләму ғалейкум» деп амандасу, оған «уә ғалейкум әс-сәләм» деп жауа қайту, ас ішуді «бисми-Лләһпен» бастау, тамақты оң қолмен ішу, тамақтан кейін «әл-хамду ли-Лләһ» деу, ер балаларды сүндетке отырғызу, қажетілікті өтегеннен кейін тазалану, адам қайтыс болғандағы рәсімдер, оған жаназасын оқу; бұған әртүрлі дұғалар да жатады: үйден шыққандағы дұға, мешітке кіргендегі дұға, әжетханаға кіргендегі дұға; сонымен қатар басқалардың әуретіне қарамау да әдепке жатады.

Киім әдебі

Үлгі:Main Үлгі:Ислам мәдениеті Мұсылманға тәкәппарлыққа әкелетін киім киюге тыйым салынған. Сол сияқты, қоршаған қауымнан өзгеше киімді киюге тыйым салынған. Адамдардан өзгешелену үшін киім киюге болмайды, мейлі ол киім қымбат болсын, арзан болсын, басқа адамдардыкіне ұқсаса да, ұқсамаса да, себебі бұл тәкәппарлыққа апарады<ref>«Нәйл әл-аутар» (2/94), Имам әш-Шәукани</ref>. Оған қоса мұсылманнаң киімі кәпірлердің киіміне ұқсамауы керек, денеге жабысып тұрмауы керек және мөлдір болмауы керек.

Әйел киім үлгісі

Үлгі:Main

Сурет:Hijab world2.png
Әлемдегі хиджабтың жағдайы:
Қызыл: рұқсат етілмеген (мемлекеттік мекемелер/оқу орындары)
Сары: кейбір әйелдер киеді
Ақшыл жасыл: әйелдердің біразы киеді
Орташа жасыл: әйелдердің көбісі киеді
Қою жасыл: заң бойынша міндеттелген

Хиджаб — әйелдің бүкіл денесі мен әшекейлерін бөтен ер кісілердің көзінен жасыру. Шариғат бойынша иман келтірген қыздар мен әйелдерге бөтен ер кісілерден жүздері мен қолдарын, онымен қоса бүкіл денесін және құлақ, қол, мойын, омырау, аяққа тағатын әшекейлерін толық жабу парыз етілген<ref name="hijab">«Хиджаб немесе адамгершілік құндылықтарын қорғау»</ref>.

Хиджаб шарттары
  • Жамылғыш әйел кісінің ішкі киімдері мен дене мүшелері сыртынан көрініп тұратындай жұқа болмауы тиіс;
  • Жамылғышты әйел кісі басынан бастап жамылғаны жөн, осылай жамылу Құранда Аллаһ Тағала бұйырған «жилбабын жамылсын!» яғни «жамылғышты әйелдер басынан бастап жамылсын!» — деген бұйрыққа сай келеді;
  • Жамылғыштың матасы сыртынан қарағанда көз тартатын, яғни адамдарды өзіне қарататындай, немесе қызықтыратындай түсте болмауы керек;
Хиджаб киюге Құран мен Сүннеттен дәлелдер
Сурет:Woman walking in Afghanistan.jpg
Хиджабтың бетті толықтай жабатын түрін (бурқа) киген Ауғанстандық әйел

Үлгі:Quotation

Үлгі:Quotation

Айша (Аллаһ одан разы болсын) айтқан: Үлгі:Quotation

Ер адамның киім үлгісі

Ер адамдардың әуреті кіндігінен бастап тізелеріне шейін, яғни бұл жерлерді киіммен жауып, бөгде адамдарға көрсетуге болмайды<ref>«Намаздың шарттары, оның рүкіндері мен уәжіптері», Мұхаммед ибн Абдуль-УәһһабҮлгі:Ref-ar</ref>. Күң әйелдердің де әуретінің шегі осы.

Тамақтану әдебі

Сүннеттен келген тамақ жеудің бірнеше әдебі бар<ref>Культура употребления пищи в Исламе — Islamhouse.comҮлгі:Ref-ru</ref>:

  • Ас ішуді «бисми-Лләһ» деп бастау;
  • Асты оң қолмен ішу;
  • Мүмкіндігінше тамақты отырып ішу;
  • Ыстық тамақты суытып ішу;
  • Өз алдыңдағы тамақты ғана ішу;
  • Кедей-кепшіктермен немесе көршімен бөлісу;
  • Ас әкелінген ыдыс пен саусақтарды тазалап, қалдық қалдырмау;
  • Тамақ жеуде шектен шықпау;
  • Осы берілген ризық үшін Аллаһқа шүкіршілік қылу;

Ауыз қуысының гигиенасы

Үлгі:Main

Тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын қалдықтардан тазалау үшін және жағымсыз иіс кетіру үшін мұсылмандар Арак ағашының (Salvadora Persica) тамырын қолданады. Бұл амал Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат Сүннетінен саналады<ref name="fiqh"/>. Ол айтқан: Үлгі:Quotation Үлгі:Quotation Мисуак дәрет алған кезде, ұйқыдан тұрғанда, ауыздың иісі бұзылғанда, Құран оқырда, намаз алдында қолданылады. Айша ананың айтуы бойынша, Пайғамбар Үлгі:Салауат үйге кіре салысымен мисуак қолданатын болған<ref>«Сахих Муслим», 253</ref>.

Мұсылман мейрамдары

Үлгі:Main

Сурет:OldmapofMecca.jpg
Құрбан айт мерекесі қажылық кезінде өтеді

Исламда мейрам ретінде екі айт — Ораза айты мен Құрбан айт, Арафат күні және Ташриқтың үш күні бекітілген. Пайғамбар Мединелік адамдар бір мейрамды тойлағанын көргенде былай деген: Үлгі:Quotation

Ол тағы да: Үлгі:Quotation

Ораза айт

Сурет:Ramadan Dinner 2005-11-07.jpg
Ауызашар (ифтар)

Үлгі:Main Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт (Үлгі:Lang-ar — 'ид әл-фитр) деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн<ref>عيد الفطر — AlMaany.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Құрбан айт

Үлгі:Main Құрбан айт (Үлгі:Lang-ar — 'ид әл-адха) Зул-Хиджа айының оныншы жұлдызы. Қажылықтың аяқталуына байланысты мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбандық шалатын күн. Бұл күні ораза ұстауға болмайды<ref>عيد الأضحى — AlMaany.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Мәулид

Үлгі:Main Мәулид (Үлгі:Lang-ar) — араб тілінде «туған күн, туған жер» мағынасын білдіреді<ref>مولد — AlMaany.comҮлгі:Ref-ar</ref>. Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат мен оның сахабалары тойламағанмен, мәулид кейбір мұсылман елдерінде Пайғамбардың өмірбаянын оқумен, оған арнап өлең жазуменен аталып өтіледі. Мәулидті һижри VII ғасырда Сирияның Ирбиль мекенінің әмірі Мұзаффар әд-Диннің бұйрығымен тарихта алғашқы рет атап өткен<ref>«Хусн әл-мақасид фи ағмал әл-мәулид»; Имам әс-Суйути</ref>. Кейбір мұсылмандар бұл амалды Ислам дініне қатысы жоқ бидғат пен Иса пайғамбардың туған күнін тойлайтын христиандарға еліктеу деп санайды, себебі бұл амал Құран мен Сүннетте әмір етілмеген, соған қоса алғашқы мұсылмандар оны істемегені белгілі<ref>«Мәулид — ең қауіпті бидғат және неге оны ханафилер атамайды»Үлгі:Ref-ru</ref>.

Тағамдағы халал мен харам

Исламдағы тамақатанудағы халал мен харам түсініктері тек қана сыртқы тазалықты емес, сонымен қоса адамның ішкі дүниесінің саулығының кепілі болып саналады. Бұған мына хадис мысал бола алады: Үлгі:Quotation

Хафиз Ибн Кәсир былай деген: Үлгі:Quotation

Исламда жеуге харам болған нәрселер<ref name="hanif">«Тағамдағы халал мен харам» — Al-Hanifiya.kz</ref>:

  • Өлексе (бұған тірі жануардан кесіп алған зат та жатады). Теңіз өлексесі халал саналады;
  • Доңыз-шошқа еті;
  • Қан;
  • кез келген мас қылатын ішімдіктер;
  • Сойдақ тістері бар жыртқыш жануарлар (жолбарыс, қасқыр, аю, арыстан), тек қорқау (гиена) ғана халал;
  • Тырнақты құстар (мыс.: бүркіт, қаршыға, сұңқар)
  • Үй есегі, жабайысы халал;
  • Қашыр (Үлгі:Lang-ru)
  • Шегірткеден басқа барлық құрт-құмырсқа мен жәндіктер;
  • Ғалымдар маймыл етін бір ауыздан харам санаған;
  • Кейбір ғалымдар пілді де харам санаған;
  • Өлтіруге бұйырылған нәрселер харам: шаян, жылан, кішкентай кесіртке (үлкен кесіртке – варан халал), кезқұйрық, тышқан, қабаған ит, және т.б.
  • Өлтіруге тыйым салынған нәрселер харам: бал ара, құмырсқа, бәбісек, сауысқан құрбақа;
  • Нәжіспен қоректенген жануар тазармайынша харам;
  • Сатуға тыйым салынған жануарлар харам: ит, мысық;
  • Денсаулыққа зиян нәрселер харам;
  • Нәжіс нәрселер харам саналады;

Бұл нәрселер анық харам болғанымен, егер адам аштықтан өлетін жағдайға жетсе өмірін сақтау үшін жеуге ғалымдар рұқсат берген, себебі мұсылман өз өмірін сақтауға тырысу керек. Харам деген аят немесе хадис келмеген жанкарлар мен құстардың еті халал саналады.

Еті халал болған жануардың етін тек бірнеше шарттан кейін жеуге болады<ref name="hanif"/>:

  • Оны сойған адам мұсылман, христиан немесе яһуди болуы шарт, басқа діндердің сойған етті жануар әу баста халал болса да жеуге тыйым салынған;
  • Бауыздаушы адамның ақыл-есі дұрыс болуы шарт;
  • Жануар тек Аллаһ үшін бауыздалуы шарт. Егер мұсылман малды бір пұт немесе «әулие» үшін сойса — ол харам саналады;
  • Бауыздар алдында «Бисми-Лләһ» деп айту;

Исламның алкогольді ішімдікке көзқарасы

Алкогольді мас қылатын ішімдіктер кез келген мөлшерде харам боп саналады. Мұхаммед пайғамбар айтқан: Үлгі:Quotation Бірақ егер бір нәрсенің құрамына алкоголь қосылып (мыс.: дәрілер, шоколад өнімдері) оның мөлшері мардымсыз және бұл өнімді көп мөлшерде қолданғанда мас қылмайтын болса — бұл тағамды не дәрілік препараттарды қолдануға рұқсат етілген<ref name="hanif"/>.

Исламның темекі өнімдеріне көзқарасы

Мұхаммед пайғамбардың кезінде темекі болмағасын Құран мен Сүннетте темекіні анық харам дейтін аят-хадистер жоқ. Бірақ мұсылман ғалымдары оны бірнеше себеппен харам санайды<ref>Курение — Islamhouse.comҮлгі:Ref-ru</ref>:

  • Денсаулыққа зияндығы;
  • Ақша ысырабы;
  • Темекінің ішіндегі заттар наркотик секілді әсер еткесін одан тәуелділік пайда болады;

Ислам және қоршаған орта

Ислам шариғаты құлшылық, наным-сенім мәселелерін ғана реттемей соған қоса мұсылмандардың өз жанұясымен, көршілерімен, туысқандарымен, ата-анасымен, билік басындағы адамдармен, қызметшілермен, басқа дін өкілдерімен болатын қарым-қатынасты реттейді. Тіпті жан-жануарларға деген қарым-қатынас, сауда-саттық принциптері шариғат назарынан тыс қалмаған.

Ислам және отбасы

Үлгі:Main Исламда неке қиюдағы мақсат тек қана табиғи қажеттіліктерді өтеумен шектелмей, сонымен қоса жақсы отбасы мен салауатты қауым құруды мақсат етеді<ref>«Брак и развод в Ислам» — Шейх Мұхаммед әл-УсәйминҮлгі:Ref-ru</ref>. Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат мұсылмандарды үйленіп, отбасы құруға шақырып, бұл істің зинадан сақтап, тақуалыққа апаратынын айтқан. Ал үйленуге халі жетпейтін жастарға ораза ұстауды насихат еткен, себебі бұл тыйым салынған заттардан тыяды<ref>«Облегенный фикх» — Мұхаммед ибн Ғаним әс-Садлән, 185-ші бет; «Мұсылман» баспа үйі, Алматы 2008 ISBN 978-601-7051-06-8</ref>.

Шариғат бойынша мұсылман ерге мұсылман немесе кітап иелерінен (яһуди мен христиан) әйелдерге үйленуге рұқсат етілген. Ал мұсылман әйелдерге кез келген кәпірге үйлену, мейлі ол христиан, атеист, индуист болса да қатаң тыйым салынған, себебі Ислам бойынша күйеуі әйеліне қамқоршы саналады, әйелі оған бағынуы тиіс, ал иман келтірген әйелдерге басқа діндік адамның қамқоршы болуы мүмкін емес. Бұндай неке харам саналады<ref>«Облегенный фикх» — Мұхаммед ибн Ғаним әс-Садлән, 202-ші бет; «Мұсылман» баспа үйі, Алматы 2008 ISBN 978-601-7051-06-8</ref>

Неке қию парыз болмағанымен, егер адамның жыныстық қатынасқа деген құлшынысы себебінен харамға түсу қаупі болса, ол міндетті түрде үйленуі қажет. Шариғат бойынша ер адамға төрт әйелге шейін алуға рұқсат етілген, бірақ оларға әділдік ете алмаса бір әйелмен шектелген жөн. Үйленер алдында болашақ жұбайлар бір-бірін оңаша емес (Шайтанның азғыруынан сақтану үшін үйленбеген ер мен әйелге оңаша қалу — харам), әйел адамның қамқоршысың қарамағында көріп, тақуалығын, Исламды ұстану деңгейін білу керек. Оның үстіне болашақ жұбай туралы сенуге лайықты адамдардан сұрауға болады, және бұл өсек саналмайды.

Көпшіліктің арасында таралған нанымға қарамастан, Исламда әйел адамды, не ер адамды мәжбүрлеп неке қидыртуға болмайды. Некенің шарты болып екі жақтың келісімі саналады. Неке заңды болу үшін әйел адамның қамқоршысы (уәли — әкесі, атасы, ағасы, көкесі немесе жақын тумалары) келісім беру керек. Уәлидің келісімінсіз қиылған неке заңсыз саналады<ref>«Облегенный фикх» — Мұхаммед ибн Ғаним әс-Садлән, 188-ші бет; «Мұсылман» баспа үйі, Алматы 2008 ISBN 978-601-7051-06-8</ref>.

Баланың дүниеге келуіне байланысты шаралар (ақиқа)

Үлгі:Main Ақиқа (Үлгі:Lang-ar) — араб тілінде «кесу, қию» мағынасын беретін «иқ» (Үлгі:Lang-ar) сөзінен шыққан және негізінде жаңа туған нәрестенің шашына қолданылады. Шариғатта: нәресте туғаннан кейін оның шашы қиылғанда мал сойып, құрбан шалу. Және бұл баланың ата-анасындағы ақысы саналады<ref name="fiqh"/>. Бірнеше хадистерге сәйкес ақиқа бекітілген сүннет саналады. Мысалы: Үлгі:Quotation Ақиқаны бала туған соң жеті күннен бастап балиғат жасына жеткенге шейін орындауға болады. Сүннет бойынша ер балаға екі қой, қыз балаға бір қой сойылу керек. Және осы күні балаға ат қойылу керек. Есім таңдағанда жақсы мағыналысын таңдап, жаман мағына беретіндерімен атауға болмайды. Ибн Омардан келген хадиске<ref>«Сахих Муслим» 3/1682</ref> сәйкес ең жақсы аттар: Абдуллаһ (Үлгі:Lang-ar) пен Абдуррахман (Үлгі:Lang-ar). Сүннет бойынша баланың ата-анасы ақиқа күні қиылған шашты өлшеп, сол мөлшердегі күміспен садақа ету керек. Пайғамбар Үлгі:Салауат немересі Хасанға ақиқа жасағанда айтқан: Үлгі:Quotation Имам әт-Тирмизи келтірген хасан хадсте<ref>Әт-Тирмизи (1514); Шейх әл-Албани хасан деген («Сахих әт-Тирмизи», 1224)</ref> Пайғамбардың Үлгі:Салауат Хасан ибн Әли туғанда оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтқан<ref name="fiqh"/>.

Ислам және мұсылман еместер

Үлгі:Main Ислами сенім бойынша Исламнан басқа діндер тура жолға жетелеп, адамның жұмаққа кіруіне себеп бола алмайды. Яһудилер мен христиандардың шариғаттары әу баста Аллаһтан тұскен тура жол болғанымен, Мұса пайғамбардан кейінгі яһудилер және Иса пайғамбардан кейінгі христиандар діндеріне көп жаңалық пен адасу кіргізіп, таза шариғаттарынан түк қалмаған деп саналады. Сондықтан Ислам туралы естіген әрбір яһуди мен христианға мұсылман болу парыз, Исламға қарсы болғандары Аллаһтан келген аянды өтірікке шығарғаны үшін мәңгі азапқа ұшырайды. Аллаһ Құранда айтады: Үлгі:Quotation Мұсылмандар басқа діндегілермен қарым-қатынаста екі аятқа негізделеді: Үлгі:Quotation Үлгі:Quotation

Ислам және христиандар

Үлгі:Main Христиандар мұсылмандарға басқа діндерден гөрі жақынырақ саналады, себебі Құранда айтылған: Үлгі:Quotation

Бірақ Құранда олардың ішінде Исламға жау болып келетіндері туралы айтылған: Үлгі:Quotation

Мұсылмандарға олармен қатынас ұстау рұқсат етілген, бірақ оларды бауырлар сияқты жақсы көру, соғыста оларға көмектесу харам. Ислам дініне қарсы христиандармен немесе басқа кәпірлермен бірігіп соғысу, оларға көмектесу діннен шығаратын күпір саналады<ref>«Науақид әл-Ислам», Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб</ref>.

Христиандар Құдайдың ұлы санайтын Иса пайғамбарды мұсылмандар яһудилерге жіберілген Аллаһтың елшісі санайды. Құранда Иса пайғамбардың кейбір кереметтері, оның аспанға көтерілуі баяндалған. Шариғат басқа пайғамбарларға құрмет етуді әмір еткен секілді Иса пайғамбарға да құрмет көрсетуді бұйырады, оны сөгуге, өтірікке шығаруға болмайды. Исламда Иса мен оның анасы Мәриям Аллаһтың керемет белгілері саналады, бірақ оларды құдай немесе жаратушы санатына көтергендер кәпір саналады.

Ислам және яһудилер

Үлгі:Main Ислам яһудилермен жақсы қатынасты ұстауға тыйым салмағанмен, олардың әртүрлі қулықтары мен сатқындықтары үшін Араб түбегіндегі яһудилермен соғысқан. Мұхаммед пайғамбардың ажалының бір себебі болған уды яһуди әйел асына араластырған. Аллаһ Құранда айтады: Үлгі:Quotation

Ислам және басқа діндер

Индуизм, буддизм, конфуцийшілдік және басқа да діндер Исламға «зұлымдық жасамау, тағдырға сену, әке-шешеге құрмет көрсету» мәселелерінде ұқсағанымен, олардың өкілдері шариғат бойынша көпқұдайшы-мушриктер ретінде саналады, себебі индуизм сенімі бойынша олардың пұттары «бір құдайдың әртүрлі көріністері» саналғанмен, шариғат бойынша бұл ширк — Аллаһтан басқаға құлшылық саналады. Сонымен қатар олар Ақырет күнін, Аллаһтың алдындағы есепті жоққа шығарып, кейбіреулері реинкарнацияға сеніп, жанның мәңгі-бақи бір денеден бір денеге көшуіне сенеді. Ал буддизм діні әу баста атеисттік сипаттағы құдайды мойындамайтын дін болғанымен, уақыт өте Будданың өзі құдайға айналды. Конфуций ілімі мен синтоизм де тау-тастарды пұт қылып, ата-баба әруақтарына сиынуды дұрыс санайды.

Шариғат бойынша бұл діндегілердің сойған еті харам және бұларға ұқсап-бағуға, мейрамдарын тойлауға, бұлардың жолын дұрыс санап, оларды сүюге тыйым салынған.

Құлшылық орындары

Сурет:Aqt425.JPG
Ақтөбе қаласындағы Нұр-Ғасыр мешіті

Үлгі:Main Мешіт (Үлгі:Lang-ar — араб тілінен «сәжде қылатын жер», «құлшылық қылатын жер» деген мағына береді. Ең бірінші салынған мешіт ғимараты болып Медине қаласына жақын жерде Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат қалаған Құба (Үлгі:Lang-ar) мешіті саналады. «Мешіт» деп тек қана арнайы салынған ғимараттарды атамайды, сондай-ақ кез келген намаз оқып, Аллаһқа құлшылық қылатын жер «мешіт» аталады<ref>مسجد — AlMaany.com</ref>.

Мұсылман елдері және демографиясы

Сурет:World Muslim Population Pew Forum.png
Ислам дінінің таралу картасы

Әлемде 1.62 миллиард өздерін мұсылман санайтын адамдар бар. Олар әлем халқының 20% құрайды. Мұсылман елдері негізінен Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Оңтүстік-Шығыс Азия және Орта Азия Аумағында орналасқан. Сонымен қатар негізгі халқы мұсылман болмағанмен, халықтың біршама бөлігін мұсылмандар құрайтын Европа мен Азиядағы бірнеше мемлекет бар. Мысалға Қытайдағы мұсылмандардың саны Сирия мұсылмандарынан көп, ал Ұлыбританиядағы мұсылмандар саны Ливандағы мұсылмандардан көп. Осыны дәлелдейтін зерттеуді 2010-шы жылы Pew Research Center өткізіп, 2011ж. қаңтар айында жариялады<ref name="pewmuslim1">"Muslim Population by Country". The Future of the Global Muslim Population. Pew Research Center.Үлгі:Ref-en</ref>.

Мемлекет/аймақ<ref name="pewmuslim1"/> Мұсылмандар саны
2010 Pew Report<ref name="pewmuslim1"/>
Мұсылман халқының пайызы (%)
2010 Pew Report<ref name="pewmuslim1"/>
Әлем мұсылмандарының пайызы (%)
2010 Pew Report<ref name="pewmuslim1"/>
Мұсылман дар саны
Басқа қайнарлар
Мұсылман халқының пайызы (%)
Басқа қайнарлар
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 38.8%-85%<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 866,888<ref name="cenbah">General Tables Census of Bahrain</ref> 70.2%<ref name="cenbah"/>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 67%<ref>The Word Factbook - Brunei</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 91%<ref>Religion Statistics > Islam > Percentage Muslim (most recent) by country</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 50%<ref>2009 Report on International Religious Freedom - Eritrea</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 14.6<ref>By 2030, Muslims will make up 16 pc of India's population</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 50,000,000 - 100,000,000<ref>2010 Report on International Religious Freedom - China (includes Tibet, Hong Kong, Macau)</ref><ref>http://books.google.ca/books?id=zp6wcpZQkO0C&pg=PA22&lpg=PA22&dq=100+million+muslims+in+china&source=bl&ots=k5BD6zJquh&sig=Z_P9FkEdPxxOlZ1k836EpmOzWEE&hl=en&sa=X&ei=UyB4UN7qEeGfyAG_soHQBQ&ved=0CG4QuwUwCQ#v=onepage&q=100%20million%20muslims%20in%20china&f=false</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 70.2%<ref name="2009 Census">Үлгі:Cite web</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 1,584,000<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 99%<ref>The World Factbook - Morocco</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 99.3% (Gaza Strip),<ref>Үлгі:Cite web</ref> 75% (West Bank)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 15%<ref>USCIRF Annual Report 2006 - The Russian Federation</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 99.9%<ref>Mohamed Diriye Abdullahi, Culture and Customs of Somalia, page 55</ref><ref>Harm De Blij, Why Geography Matters: More Than Ever page 202</ref><ref>Yoel Natan, Moon-o-theism, Volume I of II page 299</ref><ref>Christopher Daniels, Somali Piracy and Terrorism in the Horn of Africa, page 111</ref><ref>Shaul Shay, Somalia Between Jihad and Restoration page 107</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort* Үлгі:Sort 97.0%<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort 2,000,000<ref>Ислам в Украине</ref>
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort Үлгі:Sort

* Оңтүстік Судан да кіреді.

Ислам ағымдары

Үлгі:Main Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат айтқан: Үлгі:Quotation Тағы да: Үлгі:Quotation Пайғамбардың өлімінен кейін осы хадистерде айтылғандай мұсылман үмметі көптеген тармақтар мен ағымдарға бөлініп кетті. Олардың пайда болуына билік үшін күрес (шииттер мен харижилер). Кейбір ағымдардың Исламнан алыстағаны соншалықты, олар жеке, Исламнан бөлек дінге айналып кетті (баһаилар).

Сурет:Islam by country.png
Суннитер(жасыл), шииттер(қызыл) мен ибадиттердің(көк) таралу картасы

Әһлі-Сүннет (сүнниттер)

Үлгі:Main Әлем бойынша өздерін мұсылман санайтын адамдардың басым көпшілігі (90%-ға жуық) өздерін Әһлі-Сүннетке (Әһл әс-сунна — сүннетті ұстанушылар) жатқызады. Сүннетті ұстанушылар Мысыр, Сауд Арабиясы, Сирия, БАӘ, Қатар, Түркия, Алжир, Ливия, Марокко, Мавритания, Судан, Сомали, Палестина, Иордания, Пәкістан, Ауғанстан, Малайзия, Индонезия, Бангладеш, Орта Азия елдерінде, Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кавказ елдерінде мұсылмандардың көпшілігін құрайды. Иракта, Әзірбайжанда, Ливанда, Бахрейнде мұсылмандардың айтарлықтай бөлігі сүнниттер.

Сәләфилер

Үлгі:Main Сәләфия (Үлгі:Lang-ar) — Ислам дінінің негізі боп табылатын Құран мен Сүннетті «әс-сәләф әс-салих» (Үлгі:Lang-ar‎), яғни Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат сахабалары, олардың ізбасарлары мен Ислам үмметінің имамдары қалай түсінсе солай түсіну деген. Сәләфия қозғалысының ең атақты өкілдері Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа, Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия, хафиз Ибн Кәсир, хафиз әз-Зәһәби, Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб және т.б. ғалымдар "сәләфия" ағымының өркендеуіне зор үлес қосқан. «Сәләф» (араб.: سَلَفٌ‎) сөзі тілдік жағынан Ибн Манзур айтқандай: "алдыңғы өткен халық" деген мағына береді<ref>Сәләфия — Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет</ref>.

Сопылар

Сурет:Dhikr Rifa-iyya.jpg
Рифаи тариқатының зікірі

Үлгі:Main Тасаууф-сопылық (Үлгі:Lang-ar) — Басралық Абдуль-Уахид ибн Зәйд бастау салған ілім. Бастапқыда нәпсіні тазалау, дүниеден безу мақсатында құрылған, сенімдері Құран мен Сүннетке сай келген бірлестік болғанымен, артынан сопылар көптеген мәселелерде шектен шығып, кей мұсылман ғалымдарының пайымдауынша Әһлі-Сүннеттен бөлек ағымға айналып кетті. Сопылардың көзқарастарының ішінде Үнді философтарының «уахдәт әл-уджуд» сенімі (яғни Аллаһ пен жаратылыстардың арасында шек жоқ, барлығы Аллаһтың ішінде араласқан деген пікір), тақуалар мен әулиелерге табыну, олардан шапағат тілеу, шариғатты екіге бөлу және оның «тылсым» бөлігін тек белгілі бір топ ұстанады деп сену; Аллаһқа деген құлшылықты тозақтан қорқу мен жәннәтты үміт етуге емес, тек қана Оған болған махаббатқа негіздеу және т.б. пікірлер мен көзқарастар<ref>التصوّف — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Ашғария

Үлгі:Main Ашғария (Үлгі:Lang-ar) —Әбул-Хасан әл-Ашғари негізін қалаған философия мектебі. Бастапқыда мутазила жолын ұстанған ол, артынан бұл пікірлерден бас тартады. Ашғари пәлсапасы Құран мен Сүннетте келген Аллаһтың «келу, түсу, разы болу, көтерілу» және т.б. сипаттарын Аллаһты «жаратылыстарға ұқсатпау» мақсатында жоққа шығарады. Олар Аллаһтың жеті сипатын («Өмір, Құдырет, Білім, Қалау Есту, Көру және Сөйлеу») мойындап, қалған есім-сипаттардың мағынасын өзгертіп, «тәуиль» жасайды. Ашғари және матуриди мазһабтары иман мәселесінде мурджияларың көзқарасын ұстанады<ref>أشاعرة — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Матуридия

Үлгі:Main Матуридия (Үлгі:Lang-ar) — Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди негізін қалаған діни мектеп. Қазақстан мұсылмандарының көп бөлігінің ақидада ұстанатын мектебі. Матуридилер өздерінің сенімдерін Имам Әбу Ханифаның сенімдері санап, өздерін Әбу Ханифаға еретіндер санайды. Ханафи мазһабынын ұстанатын мұсылмандардың көп бөлігі әл-Матуридидің ізбасарлары боп табылады. Матуриди сенімі Ашғари сеніміне ұқсас болғандықтан, бұл пәлсапа мектептерін көбінесе бірге атайды<ref>ماتريدة — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Мутазилалар

Үлгі:Main Мутазила (Үлгі:Lang-ar)— Басралық Уасыл ибн Ата және Амр ибн Убайд негізін қалаған ағым. Бұл адам иман мәселесіндегі таластан кейін әл-Хасан әл-Басридің мәжілісінен шығып кеткен. Мутазилиттер адамның ақылын нақылдан (яғни Құран мен Сүннеттен) артық қойып, көзқарастары сол ақылға негізелген. Мутазилиттер хауариждерге күнә жасаған мұсылман мәселесінде ұқсап, ондай адамды мұсылман санамайды, тозақта мәңгі азапталады деп есептейді. Мутазила ағымы батапқыда бір сенімде негізделгенмен, соңынан көптеген мазһабтарға бөлініп кетті. Бір кездері халифаттағы билікті басып алған олар көп ұзамай бұл мансабынан айырылып, біртіндеп жойылып кетті. Бірақ қазіргі күнге дейін Ислам әлемінде кейбір адамдар мутазилалардың пікірлерін ұстанады<ref>معتزلة — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Джәһмилер

Үлгі:Main Джәһмия (Үлгі:Lang-ar)— Джәһм ибн Сафуан құрған ағым. Джәһмилер Аллаһтың барлық дерлік есім-сипаттарын жоққа шығарады. Аллаһтың сөйлейтінін, Оның еститінін, көретінін мойындамайды. Джәһмилер адамдардың Аллаһты Ақыретте көретінін де өтірікке шығарады. Олар Құранды мақұлық (яғни жаратылған) санап Әһлі-Сүннет сеніміне қайшы келеді.<ref>أهل السنة والجماعة من الفرق الأخرى — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Қадарилер

Үлгі:Main Қадария (Үлгі:Lang-ar)— Аллаһтың тағдырын, Аллаһтың бір зат болар алдындағы ол туралы білімін жоққа шығаратын ағым. Ислам ғалымдары бұндай сенімді Исламнан шығаратын күпір санайды, себебі Аллаһ Құранда айтқан: Үлгі:Quotation Сонымен қатар Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан Имам Муслим риуаят еткен хадисте Аллаһтың жаратылыстардың тағдырын жаратудан 50 мың жыл бұрын жазып қойғандығы баяндалған<ref>القدرية — islamweb.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Джәбрилер

Үлгі:Main Джәбрия (Үлгі:Lang-ar)— адамдардың өз қалауы жоқ, барлық Аллаһтың құлдарын мәжбүрленген, таңдауы жоқ деп санайтын ағым<ref>جبرية — AlMaany.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Мурджиялар

Үлгі:Main Ирджа (Үлгі:Lang-ar) — араб тілінде «қалдыру» мағынасын білдіреді. Шариғатта «амалдарды қалдыру, амалдарды иманға кіргізбеу» мағынасын береді. Мурджиялар Әһлі-Сүннет пен харижилерге қарама-қайшы пікір ұстанып, иман деп тек «ішкі сенім және тілмен растауды» айтады. Олардың сеніміне сәйкес иман деңгейі көтерілмейді, барлық адамның иманы бір деңгейде дейді.<ref>مرجئة — www.islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Харижилер

Үлгі:Main ХарижилікСахабалардың заманында пайда болған Исламның ең ерте ағымдарының бірі. Бастапқыда хауариждердің белгілі сенім жүйесі болмай, тек билікке және әмірлерге өзгеше көзқарасы болған саяси топ болды. Харижилердің Әһлі-Сүннеттен ең үлкен айырмашылығы — олардың жолына қайшы келетін билік басындағы әмірге қарсы шығуға рұқсат берді. Және осы топтың атауы да осыған байланысты (Үлгі:Lang-ar «хурудж» — «қарсы шығу»). Олар үлкен күнә жасаған мұсылмандарды діннен шығарып, екі халифты (Осман ибн Аффан мен Әли ибн Әбу Талиб) мойындамайды. Олар зина жасаған адамды таспен соғу жазасын мойындамай, әйел адамның етеккір кезіндегі намаздарының орнын толтыру керек деп санайды<ref>خوارج — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Ибадилер

Үлгі:Main Ибадилер (Үлгі:Lang-ar) — харижилердің орташа көзқарасты фракциясы саналатын сүнниттер мен шииттерге ұқсамайтын ағым. Һижри VII-ші ғасырда пайда болып, негізін қалаған Абдуллаһ ибн Ибадтың есімімен аталған. Халифаттың билігіне қарсы шығып, өздерінің имаматтарын құрған (мыс.: Солтүстік Африкадағы Тахертте). Оман мемлекетінің көп бөлігі ибадилер. Алжир, Тунис, Ливия елдерінде, Занзибар аралында қауымары бар<ref name="shia">«Общее исследование основ, на которых зиждется религия шиитов-имамитов» — Мухибб ад-Дин аль-ХатыбҮлгі:Ref-ru</ref>.

Құраншылар

Үлгі:Main Құраншылар (құраниттер) — Сүннетті мойындамай, тек қана Құранға еретін топ. Олар Сүннетте қателер бар, кей жерде Құранға «қайшы келеді» деп, Сүннетке еруді парыз санамайды, оны ойдан шығарылған санайды. Мұсылман ғалымдары бұл пікірлерді адасу санап, Сүннетсіз намаз, ораза, зекет секілді құлшылықтар мен басқа да үкімдерді реттеу мүмкін еместігін айтады<ref>الرد على بعض الشبهات التي يثيرها القرآنيو — islamweb.comҮлгі:Ref-ar</ref>. Аллаһ Құранда айтқан: Үлгі:Quotation

Шиғалар (шииттер)

Үлгі:Main

Сурет:Meshed ali usnavy (PD).jpg
Нәджәф қаласындағы шииттер қасиетті санайтын Әли ибн Әбу Талибтің кесенесі

Шиизм (Үлгі:Lang-ar — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат өлімінен кейін пайда болған ағым. Шиғалар Әли ибн Әбу Талибті Пайғамбардан кейінгі билікке ең лайықты адам санап, алғашқы халифтер болған Әбу Бәкір мен Омарды зұлымдық жасады деп айыптайды. Олардың көзқарасы бойынша Әли және оның ұрпағы қателерден сақталған, олардың сөздері шариғат саналады. Олар көптеген сахабаларды Мұхаммед пайғамбардан Үлгі:Салауат кейін Ислам дінінен қайтқан кәпір санап, сондықтан Сүннеттен жеткен хадистерді мойындамайды. Осыған қоса олар Құран Кәрім өзгертілген санайды, оның дұрыс нұсқасы Әлиде болды деп ойлайды. Шиғалардың сенімі бойынша «нағыз» Құранды Мәһди алып келеді. Шииттердің кейбіреулері Айша ананы Әлиге қарсы шыққаны үшін балағаттап, зина жасады деп айыптайды, оны тозақтық санап, қайтыс болған күнін тойлайды.

Шиитер билікке тек Әлидің ұрпағы лайықты деп, басқа әмірлер мен халифтардың билігін заңды деп санамайды. Олардың ойынша Әлидің ұрпағынан 12 имам шығып, оның он екіншісі қазір «ғайыпта». Осыған байланысты оларды «әл-Исна Ашария» (он екіліктер) атайды. Бұл соңғы имам Ақырет алдында Мәһди болып қайтып келеді дейді. Олардың сенімі бойынша бұл имамдар ғайыпты біліп, «тылсым» дүниелерден хабары бар. Алтыншы имам саналатын Джафар әс-Садиқтан кейінгі имамды таңдауда таласқан шииттер екіге бөлініп, Исмаилды қолдағандар өзіндік сенімдері бар исмаилия ағымына айналып кетеді. Олардың имамдары жәй діни көсем емес, Аллаһтан аян алатын, жаратылыстар мен Аллаһтың арасын жалғастыратын, дұғалар мен тілектерге жауап беретін Аллаһтың орынбасарлары. Оларды сүю — иман, оларды мойындамау — үлкен күпір<ref name="shia"/><ref name="shia1">Вероубеждения шиитов имамитов — Шейх Мамдух ибн Әли әл-ХарбиҮлгі:Ref-ru</ref>.

Әһлі-Сүннет сеніміне қайшы келетін шииттердің тағы бір амалдары — тақийа. «Тақийа» деп шииттердің өздерінің шын көзқарастары мен сенімін жасырып, өздері жау санайтындарға өтірік айту практикасы. Әһлі-Сүннет ғалымдары тақийаны өтірік пен екіжүзділік болғасын харам санайды.

Он екі имам

Үлгі:Main

Сурет:Imam reza shrine in Mashhad.jpg
Иранның Мешһед қаласындағы шиитердің имамы Әли «Ризаның» кесенесі. Әлемдегі үлкендігі бойынша Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мединедегі Пайғамбар мешітінен кейінгі орынды иеленеді

Әл-Исна Ашария шииттерінің он екі имамы<ref name="shia1"/>:

  1. Әли ибн Әбу Талиб, шииттер оны «Мұртаза» атайды;
  2. Хасан ибн Әли ибн Әбу Талиб; шииттер оны «Муджтаба» атайды;
  3. Хусәйн ибн Әли ибн ӘБу Талиб; шииттер оны «Шәһид» атайды;
  4. Әли ибн әл-Хусәйн ибн Әли; шииттер оны «Зәйн әл-абидин» атайды;
  5. Мұхаммед ибн Әли ибн әл-Хусәйн; шииттер оны «Бақыр» атайды;
  6. Джафар ибн Мұхаммед; шииттер оны «әс-Садиқ» атайды;
  7. Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шииттер оны «Казым» атайды;
  8. Әли ибн Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шиитер оны «Риза» атайды;
  9. Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииитер оны «Тақий» немесе «Джәууад» атайды;
  10. Әли ибн Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииттер оны «Нақий» немесе «Һади» атайды;
  11. Хасан ибн Әли ибн Мұхаммед; шиитер оны «Зәкий» немесе «Аскәри» атайды;
  12. Мұхаммед ибн Хасан әл-Аскәри; шииттер оны «Мәһди» немесе «Худжжатул-қаим әл-Мунтазыр» атайды. Олардың сенімі бойынша ол һижри 256-шы жылы туылып, 260-шы жылы аспанға көтерілген. Содан кейін 329-шы жылы әкесінің үйіндегі жертөлеге кіріп, «ғайып» болып кеткен.

Шииттер туралы мұсылман ғалымдарының сөздері

Зәйдилер

Үлгі:Main Зәйдилік (Үлгі:Lang-ar) — өздерінің негізін қалаушысы деп Зәйд ибн Әли «Зәйн әл-абидин» ибн әл-Хусәйн ибн Әли ибн Әбу Талибты санайтын шиғалардың ағымы. Кезінде Иран, Ирақ және Хиджаз жерлерінде көп таралып, өздерінің бірнеше мемлекетін құрған: Солтүстік Африкадағы Идрисилер мемлекеті (һижри 789-926 жж.), Табаристанда (һижри 863-928 жж.), Йеменде (һижри 901 ж.). Олардың Йеменнің кейбір бөлігіндегі билігі 1962-шы жылдың 26-шы қыркүйегіндегі революцияға шейін жалғасты. Сенімдерінде мутазилиттік жолы ұстанып, шииттердің ағымы болғанымен, олардың жолы басқа шииттерге қарағанда сүнниттерге жақынырақ. Олар «жасырын имамға» сенбейді, Әбу Бәкір мен Омар ибн әл-Хаттабты сөкпейді, күнадан сақталған деп тек Әлиді, Фатиманы және екі баласын атайды. Оларда басқа шииттер рұқсат берген уақытша неке харам саналады. XX-шы ғасырдың соңындағы саны 7 миллионға жуық. Йемен халқының біраз бөлігін құрайды<ref name="shia"/>.

Исмаилиттер

Үлгі:Main Исмаилия (Үлгі:Lang-ar) (батыния, қарматтар, т.б.) ағымы өздерін Джафар әс-Садиқтың үлкен ұлы Исмаилмен байланыстырады. Олар оны жетінші имам санап, басқа шииттерге қайшы пікірді ұстанады. Кейбір мұсылман ғалымдары оларды христиандар мен яһудилерден жаман Исламның жаулары санап, оларды мұсылман санатына кіргізбейді. Атауларына сәйкес («батын» —жасырын) олардың наным-сенімдері жасырын, жарияланбайды. Олардың кейбіреулері Құранды мойындамайды, Мұхаммед пайғамбардан Үлгі:Сас кейін де пайғамбарлар болады деп санайды, Ақырет күнін, жәннәт пен тозақты мойындамайды. Олардың шектен шыққандары соншалықты, Әли ибн Әбу Талибты құдай санап, оған құлшылық қылады<ref>باطنية — islamweb.net</ref>. Исмаилиттердің кейбіреулері өздерін пайғамбар санаған (мысалға исмаилит болған атақты араб ақыны Әбу Таийб әл-Мутанабби). Намаз оқитын исмаилиттер намаз оқығанда өздерінің діни басшысы және имамы Аға Хандарына қарап оқып, өздерінің зекеттерін соған береді.

Таблиғи жамағат

Үлгі:Main Таблиғи жамағатҮндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған<ref>جماعة التبليغ والدعوة — Saaid.net</ref>.

Хизб ут-тахрир

Үлгі:Main Хизб ут-тахрир (Үлгі:Lang-ar) — Тақи әд-дин ән-Нәбһани құрған Ихуан әл-Муслиминнен бөлініп кеткен ағым. Олар шариғаттан тек ақылымызға келетін нәрсені аламыз деп, қабір азабын, Мәсих Дәжжәлдің шығуын, т.б. заттарды мойындамайды<ref>Хизб ут-тахрир — Шейх Муқбиль ибн ҺадиҮлгі:Ref-ar</ref>.

Ихуан әл-муслимин

Үлгі:Main Ихуан әл-муслимин (мұсылман бауырлар) — 1928-ші жылы Мысырда Хасан әл-Банна құрған саяси партия. Ихуан әл-муслимин жамағаты негізінен саясат пен билікке ұмтылып, мұсылмандардың сенімін түзеуге, оларды тура жолға бастауға ұмтылмайды. Бұл партия өздерінің Сүннетті ұстанатынын айтқанымен, олардың қатарында Сүннетке қарсы бидғат иелері де кіре береді<ref>Шейх Салих әл-Фаузанның «Ихуан әл-муслимин» туралы пәтуасы — Sahab.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Ислам тарихы

Үлгі:Main

Сурет:Rashidun654wVassal.png
Әділетті Халифтер кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі
Сурет:Umayyad750ADloc.png
Умауи халифтерінің кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі

Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың Үлгі:Салауат көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахабаӘбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (Үлгі:Lang-ar) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» (Үлгі:Lang-ar) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың Үлгі:Салауат көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі (Үлгі:Lang-ar) сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылым мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы баталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.

Сурет:Abbasids850.png
Аббаси халифтерінің кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі
Сурет:Ottoman 1683.jpg
Осман империясы кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі

Кейбір мұсылман мемлекеттері кресшілерге қарсы соғысқа шығып, олардан басып алынған қалаларды қайтарды. Бұл жағдай Мысырда мәмлүктердің билігі келіп, кресшілерді Шам қалаларынан қуып шыққанға шейін жалғасты. Осы кезде шығыста Шыңғыс ханның немересі Хұлағу халифаттың астанасы болған Бағдадты басып алды. Аббасилер халифат атанасын Әл-Қаһираға (Каир) көшірді және осы уақыттан бастап аббасилердің билігі тек формальды түрде сақталып, нағыз билік мәмлүк сұлтандарының қолында шоғырланды. Осыдан кейін Аббасилер заманындағыдай мұсылмандарды біріктіретін мемлекет Ұлы Османлы Мемлекеті құрылғанға шейін болған жоқ. Османлы сұлтандары мұсылмандардың қол астына бұған дейін жауланбаған көптеген жерлерді қосты. Оның ішінде Еуропадағы Балқан түбегін жаулау мен сол жақта Ислам дінін тарату болды. 7-ші османлы сұлтаны II Мехмет кезінде Константиние қаласы мұсылмандардың қол астына өтті. 1516 жылы сұлтан I Сәлім Шам мен Мысыр жерлерін басып алып, ақырғы аббаси халифінен халиф атағын алды. Осыдан кейін 408 жыл бойы Османлы әулеті халифтер ретінде билік құрды. Және бұл кезең «Османлылар заманы» (Үлгі:Lang-ar) аталып кетті. Бұл кезде Ұлы Османлы Мемлекетінен бөлек Ирандағы Сефевидтер мемлекеті, Әмір Темір мемлекеті сияқты бірнеше мемлекеттер құрылды. Ұлы Османлы Мемлекеті құлағаннан кейін мұсылмандар бір-бірін ортақ дін, тіл мен мәдениет біріктіретін дербес мемлекеттерге бөлініп кетті<ref name="tarih">إسلام — من ويكيبيديا، الموسوعة الحرة</ref>.

Мұхаммед пайғамбар заманы (610-632)

Сурет:Cave Hira.jpg
Алғашқы аян түскен Хира үңгірі

Ислам дінінің негізін салушы Һашим әулетінен шыққан Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абдуль-Мутталиб Үлгі:Салауат. Һашим әулеті өз кезегінде арабтың Құрайш тайпасының бір бөлігі. Ол Ислам уағыздауын бастамай тұрып та пұттарға табынбай, бірқұдайшылық жолын ұстанған. Ол Аллаһқа құлшылық қылып, дұға ету үшін Рамазан айында керек-жарақтарын алып Меккенің қасындағы Нұр тауындағы Хира үңгіріне баратын болған. Міне, бір күні Хира үңгірінде отырған сәтінде оған Аллаһ жіберген Жәбірейіл періште ең бірінші рет аян етеді. Бұл «Аләқ» сүресінің алғашқы аяттары болатын.

Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат Аллаһтың уахиын адамдар арасында жасырын уағыздай бастайды. Оған ең бірінші боп оның әйелі Хадиджа бинт Хууәйлид, көкесінің ұлы Әли ибн Әбу Талиб, ең жақын досы Әбу Бәкір сеніп, иман келтіреді. Ол құрайштардың арасында пұттарға табынбай, тек бір Аллаһқа ғана құлшылық қылуға шақырады. Осыны білген олар Мұхаммедке ерушілерді азаптап, діннен қайтуға мәжбүрлей бастайды. Бұны көрген Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат ізбасарларына һижра жасауға рұқсат береді. Ең бірінші дін үшін көшу Эфиопия еліне болып, 80 адамнан тұратын топтың ішінде Осман ибн Аффан мен Джафар ибн Әбу Талиб болады.

Көмекшілері мен тірегі болған көкесі Әбу Талиб пен әйелі Хадиджа қайтыс болғаннан кейін көпқұдайшылардың мұсылмандарға деген қысымы күшейе түседі. Ясриб (Медине) қаласының бір топ адамы Ислам дінін қабылдап, Мұхаммедке 20px көмектесуге уәде етеді. Дінді аман сақтау үшін мұсылмандар жасырын түрде Медине қаласына көше бастайды. Ең соңғылардың қатарында һижраны Мұхаммед пайғамбар мен Әбу Бәкір жасап, Медине қаласына келеді. Осы кезден бастап Ясриб қаласы Медине (яғни «мәдинә ән-нәбәуийә» — пайғамбардың қаласы) атана бастайды.

Һижраның екінші жылы меккелік көпқұдайшылармен Бадр құдықтарының қасында шайқас болып, мұсылмандар Ислам тарихында алғашқы рет жеңіске жетеді. Бұған жауап ретінде келесі жылы меккеліктер Ухуд тауының қасында мұсылмандарды жеңіп, олар шегінуге мәжбүр болады. Келесі жылы мұсылмандар мен меккеліктер арасында «Худайбия келісімі» аталған он жыл бойы соғыспауға келісім жасалады. Меккеліктер жағынан қауіп сейілгеннен кейін мұсылмандар осыған дейін жауласып келген яһудилерге шабуыл жасап, оларды жеңеді.

Меккеліктермен болған келісімнен кейін сегіз жыл өткеннен кейін, Мұхаммед пайғамбар еш шайқассыз Меккені басып алады. Исламға қарсы өлең жазған 10 адамнан басқасының барлығы кешіріліп, оларға амандық беріледі. Меккені мұсылмандар басып алғаннан кейін Қасиетті Қағбаның ішіндегі барлық пұттар сындырылып, көпқұдайшылық белгілірінен тазартылады.

Меккені алғаннан кейін Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат екі жыл өмір сүріп, өмірінің соңғы жылы жүздеген мың мұсылманмен бірге қажылық жасайды. Арафатта отырған кезінде оған Аллаһ тарапынан ең соңғы аят түседі: Үлгі:Quotation Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат 632-ші жылдың 8-ші маусым күні қайтыс болып, Медине қаласында өзінің сүйікті жары Айшаның бөлмесінде көміледі<ref name="tarih"/>.

Әділетті халифалар заманы (632-661)

Үлгі:Main

Сурет:Petra Jordan BW 21.JPG
Мұсылмандардың Шам өлкесіндегі ең алғашқы жаулап алған қалаларының бірі — Петра қаласы

Пайғамбардың өлімінен кейін мұсылмандардың халифасы болып оның ең жақын досы Әбу Бәкір болады. Әбу Бәкір билік құрған кезеңде бұған дейін мұсылмандықты қабылдаған кейбір тайпалар Исламнан бас тартады. Бұлар мен болған соғыстарды «Ридда (діннен қайту» соғыстары деп атайды. Сонымен қатар араб жазирасында өздерін пайғамбармын деген бірнеше адам пайда болып, бүлік жасай бастайды. Әбу Бәкір заманында мұсылмандар алғашқы рет Арабия түбегінің сыртындағы аймақтарды жаулай бастайды. Халид ибн Уәлид бастаған мұсылман әскері Парсы мен Византияға сәтті жорықтар жасайды.

Әбу Бәкір қайтыс болғаннан кейін оның өсиеті бойынша халифатты Омар ибн әл-Хаттаб басқаратын болды. Омар билік құрған кезде мұсылмандар Византия әскерлерін жеңіп, Шам өлкесін басып алады. Парсы еліне болған жорықта Басра, Куфа және т.б, қалалар қолға түседі. Мұсылман әскерлері Хорасан жерлеріне, Әзірбайжан мен Арменияға шейін жетеді. Амр ибн әл-Ас басқарған әскер Мысыр жерін толығымен жаулап алып, жергілікті копттарға амандықты уәде етеді. 644-ші жылдың 1-ші қарашасында Омарды намаз оқып тұрған сәтінде парсылық Әбу Лу-лу қатты жарақаттайды. Көп ұзамай Омар жан тапсырады.

Омардан кейін халифатты Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат күйеу баласы Осман ибн Аффан басқарады. Оның кезінде мұсылмандар Солтүстік Африкада жеңіске жетеді. Османның заманында Әбу Бакр кезінде жиналған Құран нұсқасы бекітіліп, барлық қалаларға таратылады. Осман ибн Аффанды Һашим әулеті мен өзі шыққан Умәйя әулетінің қақтығысы себебінен көтерілісшілер өлтіреді.

Османнан кейін Медине қаласындағы сахабалар халифа қылып Әли ибн Әбу Талибті таңдайды. Әли ибн Әбу Талибтің әскері бұл шешімге келіспеген Шам өлкесінің әмірі Мағауия ибн Әбу Суфйанмен «Сыффин шайқасы» аталып кеткен шайқаста шайқасады. Ал Айшамен болған шайқас «Түйелер шайқасы» аталып кетеді. Әли мен Мағауия келісімге келу үшін келіссөз жүргізуге Әлидің жағынан Әбу Мұса әл-Ашғари, Мағауия жағынан Амр ибн әл-Ас тағайындалады. Ұзақ келіссөзден кейін, олар Әли мен Мағауияның билікті тастап, халифаны қайта таңдауға келіседі.

661-ші жылдың 24-қаңтар күні Әли ибн Әбу Талибты Куфа қаласында таңғы намазға бара жатқан кезінде Әбдуррахман ибн Мулджим уланған қылышпен басына жарақат салады. Үш күннен кейін Әли қайтыс болады. Оның нақты қай жерде көмілгені белгісіз<ref name="tarih"/>.

Умәуилер заманы (661-750)

Үлгі:Main

Сурет:First Umayyad gold dinar, Caliph Abd al-Malik, 695 CE.jpg
Умәуи заманындағы алтын тенге

Умәйя әулеті — Араб халифатын билеген әулет (661-750). Негізін Меккедегі құрайыш тайпасының умәйя руынан шыққан Мұғауия I (т.ж.б.-680) қалаған. Умәйя әулетінен шыққан халифтар мемлекет құрамына Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігін, Орталық Азияны, Иран, Ауғанстан, Ирак, Кавказдың біраз жерлерін қосып алды. VIII-ші ғасырдың ортасына таман мемлекеттегі бірлік әлсірей бастады. Әбу Муслим бастаған шииттік қозғалыс (747-750) Умәйя әулетін тақтан тайдырған соң, билікке Аббас әулеті келді<ref name="tarih2">Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>.

Аббасилер заманы (750-1258)

Үлгі:Main Аббас әулеті — Араб халифатын билеген әулет (749-1258). Мұхаммед Пайғамбардың Үлгі:Салауат немере ағасы Аббас ибн Әбділмүттәліп ибн Хашимнен тараған. Мұхаммед ибн Әлидің ұлы Ибраһим жіберген өкіл Әбу Мүслім бастаған шииттік қозғалыс Умәйя әулетін тақтай тайдырған соң, Аббас әулеті үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбуль Аббас әс-Саффах (750-754) болды. 762 жылы Аббас әулетінің астанасы Шамнан Бағдадқа ауыстырылды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде кейде «Бағдадия халифаты» деп те аталады. Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы, әдебиеті, философиясы, математикасы, географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан Һарун әр-Рашид (786-809), Мамун (813-833), әл-Мутасим (833-842) қызметтері айрықша аталды. Кейін VIII ғасырдың ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда буидтер, одан селжұқтар Аббас әулетін ығыстырып шығарды да, олар тек діни тістерге ғана араласатын болды. 1258 жылы Хулагу хан бастаған моңғолдар Бағдадты басып алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 жылы әл-Қаһирада халифа атағын берген. 1517 жылы османлы сұлтаны I Сәлім халиф III Мүтәуеккелді Ыстамбұлға көшіріп, кейін халиф атағы османлы сұлтандарына өтті<ref name="tarih2"/>.

Ұлы Османлы Мемлекеті заманы (1517-1923)

Үлгі:Main

Сурет:Zonaro GatesofConst.jpg
II Мехметтің Константинопольді жаулап алған сәті

Ұлы Османлы Мемлекеті1299-1922 жылдары өмір сүрген көпұлтты мемлекет. 1517 жылдан бастап бұл мемлекеттің басшылары халиф аталады. Османлы халифтері бұрын-соңды мұсылман иелігінде болып көрмеген көптеген елдерді басып алды. Оның ішінде Грекия, Албания, Болгария, Сербия, Македония жерлері болды. Өзінің шарықтау шегінде Ұлы Османлы Мемлекеті Венадан Парсы шығанағына шейін, Қырымнан Мароккоға шейін созылып жатты. 1453 жылы 7-ші османлы сұлтаны II Мехмет Шығыс Рим империясының елордасы болған Константинополь қаласына басып кіреді. Бұл қала қазір Ыстамбұл деп аталады.

Осы кезде Шығыста мұсылмандардың бірнеше мемлекеті пайда болды. Оның ішінде Әмір Темір құрған Тұран мемлекеті және Иран, Әзірбайжан мен Ирактың шығысында орналасқан Сефевидтер әулетінің мемлекеті болды. Сефевидтер мемлекетінің негізін қалаушы шаһ I Ысмайыл болды. Ол қоластындағыларға шиизмді ұстануды парыз қылып, Анадолы түбегіндегі шииттерді османлы сұлтандарына қарсы қойып отырған. Шииттердің көтерілісін басқан I Сәлім, ендігі назарын Сефевидтермен келісімге отырған Мәмлүк сұлтандығына аударды. 1517 жылы I Сәлім мәмлүктерге қарсы жорыққа аттанып, мәмлүк иелігінде болған Мысыр мен Шам өлкесін басып алады. I Сәлімнен кейін таққа отырған оның ұлы I Сүлеймен мемлекетті кеңейтуді тоқтатпай, көптеген жерлерді, оның ішінде Белград қаласын жаулап алады. Вена қаласын екі мәрте қоршағанмен, оны ала алмайды.

I Сүлейменнен кейін Ұлы Османлы Мемлекеті әлсіреп, тек IV Мехметтің кезінде ғана жандана бастады. Одан кейін османлы сұлтандары біртіндеп бұрынғы ұлылығынан айырыла бастады. Арабия түбегінде Мұхаммед ибн Абдул-Уәһһаб бастаған Исламды өткен ғасырлар бойы қосылған заттардан тазарту қозғалысы басталды. Османлы сұлтандары бұндай қозғалыстарды жою үшін күрескенмен, толығымен өшіре алған жоқ. Оған қоса Балқан түбегінде ұлт-азаттық қозғалыс өрши түсті. Ұлы Османлы Мемлекеті Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Түркия Республикасының президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің шешімімен өмір сүруін тоқтатты<ref name="tarih"/>.

Ұлы Османлы Мемлекетінен кейін

Сурет:Flag of OIC.svg
Ислам Конференциясы Ұйымының туы

Ұлы Османлы Мемлекеті құлағаннан кейін, Ұлыбритания, Франция сияқты Дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер бұрынғы мемлекеттің иеліктерін өз қарамағына алды. Соңынан бұл елдер бір-бірімен дін, мәдениет пен тілден басқа еш қатысы жоқ дербес мемлекеттерге айналды. Мысыр президенті Ғамал Әбділ Насыр Сирия мен Мысырды біріктіруге әрекет жасап, онысы сәтсіздікке ұшырады.

Израиль экстремисттерінің Ақса мешітін өртеуінен кейін 1969 жылы Ислам Конференциясы Ұйымы құрылып, оған барлық дерлік мұсылман мемлекеттері кірді.

XX ғасырдың соңында Иранда Ислам төңкерісі болып, ондағы билікке шииттер келді. Сонымен қатар Ливандағы "Хезболла", Ауғанстандағы "Қағида" сияқты бірнеше топтар құрылды.

2001 жылдың 11 қыркүйек күнінде Нью-Йорк қаласындағы Дүниежүзілік сауда орталығына ұшақ соғылып, көптеген адамдардың қазасына әкеп соқтырды. Бұл оқиғаны "Қағида" лаңкестік тобы ұйымдастырды деген айып тағылды. Бұл Ислам дінінің әлемдегі беделіне үлкен нұқсан келтірді<ref name="tarih"/>.

Ислам өнері

Үлгі:Main Мұсылмандық каллиграфияның, сәулет өнерінің үлгілері

Үлгі:Таңдаулы мақалалар тізіміне үміткер

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Әдебиеттер