Сүннет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам

Сүннет (арабша Үлгі:Lang суннат) - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі, әрекеті және тақриры (шешімі) деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер.

Сүннет үшке бөлінеді:

  • I. Мүәккәд Сүннет (бекітілген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) үнемі орындап, кейде орындамаған Сүннеттері. Мысалы, таң, бесін, ақшам намаздарының Сүннеттері. Осы Сүннеттерді орындаған сауапқа кенеледі. Орындамаған адам жаза берілмесе де, айыпталады.
  • 2. Ғайри мүәккәд Сүннет (бекітілмеген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған Сүннеттері. Намаздыгер мен

құптан намазының алғашқы Сүннеттері осыған жатады. Осы Сүннеттерді орындау сауапты, ал орындалмаса, күнә жоқ.

  • 3. Зәуәид Сүннет (артық сүннет). Осы Сүннеттер Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік үшін орындалса, сауабы көп, орындалмаса

күнәсі жоқ. Факихтер осы негіздегі бұйрықтардан Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) Сүннеттеріне бойұсынудың қажет екендігін түсіндірген, осылайша Сүннет Кұраннан кейінгі екінші түпдеректі қалыптастырған.

Сүннет құрылымы тұрғысынан үшке бөлінеді:

  • а) ауызша Сүннет;
  • ә) іс-әрекеттік Сүннет;
  • б) тақрири Сүннет

Ауызша Сүннет - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөздері, ол хадис деп аталады.

Іс-әрекеттік сүннет Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) орындаған іс-әрекеттерін білдіреді.

Ал тақрири сүннет Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) көрген ісі төңірегінде үндеместен, оны макұлдағанын көрсетеді. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) көрген ісіне қарсы шықпауы сол істі істеуге болады деген сөз. Риуаят түріне қарай Сүннет үшке бөлінеді:

  • а) Мутеуатыр Сүннет;
  • ә) Мәшхүр Сүннет;
  • б) Ахад Сүннет (хабер-и уахид);

Мүтеуатыр Сүннет - жалған айтуға келісуі мүмкін болмаған қауымдар тарапынан ұрпақтан ұрпаққа жеткізілген Сүннет. Сол себептен, мүтеуатыр Сүннеттің жарамдылығы мәселесінде фикһтер арасында пікірталастар туындамаған.

Мәшхүр Сүннет- бір табакадағы (топ) рави (Пайғамбар сөзін жеткізетін адам) саны бір немесе екі адамнан түрғанымен, екінші табақаларда көп равилер тарапынан риуаят етілген Сүннет

Ахад Сүннет - әрбір табакадағы жеке кісілер тарапынан жеткізілген Сүннет. Мұны «хабер-и уахид» деп атайды, яғни тек қана бір адам риуаят еткен хабар дегенді білдіреді. «Хабер-и уахид» пен іс-әрекет мәселесінде мазһаб имамдарының көзқарастарындағы шарттар бір-бірінен өзгеше. Әртүрлі фикһ мектептерінің пайда болуында және мазһабтар арасындағы көзқарастардың ерекшеленуінде Сүннетке түрлі көзқараспен қараудың да үлкен ықпалы болған.

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) - Құранды алғаш рет түсіндіріп, ондағы үкімдерді алғаш рет орындаған адам. Түсіндіру және орындау кезінде оның илахи бақылауда болғандығы қабылданады.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub

th:สุนัต