Әл-Харам мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мешіт

Үлгі:Ислам әль-Харам мешіті (Үлгі:Lang-ar әл-Мәсжид әл-Хара́м, Қасиетті мешіт) – Ислам әлеміндегі басты мешіт. Оның ішкі ауласында Қағба бар. Мешіт Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында орналасқан.

Сурет:Masjid al-Haram, Mecca at night.jpg
Меккедегі әл-Харам мешіті, кешкі көрініс

Салыну тарихы

Қағба маңындағы мешіттің салынуы 638 жылға жатады. Ал қазіргі мешіт 1570 жылдан бері белгілі. Бастапқы мешіттің негізі жақсы сақталмағандықтан, мешітті бірнеше рет қайта салған.

Мешітті алғаш болып Адамның (ғ.с) баласы Шис(Сиф) тұрғызады. Дегенмен көп уақыт өткен соң мешіт қирап тек орны ғана сақталып қалған. Бірнеше ғасырдан кейін Аллаһның бұйрығымен Ибраһим (ғ.с) мен оның ұлы Исмаил Қағбаны қайта салады. Оның негізіне сақталған көне тастар негіз болады. Аллаһға құлшылық ететін үй болатын болғандықтан Ибрахим (ғ.с) құрылыстың түзу салынуын қатты қадағалап, ұзақ уақыт бойы оған сырттан қарап тұратын болған. Қазір таңға дейін Ибрахимнің (ғ.с) тұрған іздері сақталып қалған, оны «Ибрахимның (ғ.с) орны» деп атайды.

Кейін Қағбаны құрайыш тайпасы да қайтадан салады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед пен бірге (с.ғ.с) Араб жазирасына Ислам келгенге дейін мешіт пұтқа табынушы тайпалардың сыйынатын орны болған.

Мешітте соңғы рет құрылыс жұмыстары 1980 жылдардың соңында, оңтүстік-батыс жағынан үлкен екі мұнарасы бар корпус салған уақытта жүргізілді. Қазіргі таңда мешітке кіретін басты есік дәл осы корпус та орналасқан. Ол – Фахд королдің қақпасы. Мешіт құрылысы 309 мың км² жер алып жатыр. 95 метр биіктікке жететін 9 мұнарасы бар. Төрт қақпасынан бөлек мешітке кіретін 44 есік бар. Мешітке бір уақытта 700 000 мың адам сыйып кетеді.

Сурет:Fischer von Erlach Architektur 010.jpg
Масджид аль-Харам

Дереккөздер

<references/>