Муқбиль ибн Һади

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұсылман ғалымдарыҮлгі:Ғалым

Муқбиль ибн Һади ибн Муқбиль ибн Қаида әл-Һамдани әл-Уәдии (Үлгі:Lang-ar) — (1932-2001) Әли Рашид руынан шыққан белгілі мухаддис ғалым, Йемендегі сәләфия дағуатының жандандырушысы және белсенді қайраткері. Коммунистерге, сопылыққа, шиит-рафидиттерге қарсы болып, осы ағымдарды жою мақсатында көп еңбек еткен Ислам ғұламасы. Туған қаласы Даммаджда "Дар әл-Хадис" деп аталып кеткен оқу ордасын құрып, Ислами сенім, фиқһ, хадис және т.б. шариғат ғылымдарына арналған көптеген еңбек жазған.

Жастық шағы және білім алуы

Шейх Муқбиль бастапқыда өз ауылындағы Һади мешітінде бастауыш оқуын бітіреді. Алайда жергілікті имамдар мен ұстаздар шииттік және мутазилиттік көзқарастарды ұстанғасын, ол олардан көбінесе араб тілін оқумен болады. Йеменде патшалық үкіметтің жақтастары мен қарсыластары арасында болған азаматтық соғыс басталғаннан кейін шейхтің отбасы Наджранға көшуге мәжбүр болады. Содан кейін шейх Муқбиль білім алу үшін Сауд Арабиясына барып Мекке қаласында жұмыс істеп, бос уақытында білім талап қылады. Меккедегі әл-Харам мешітінде 6 жыл оқып, "Булуғ әл-марам", "Фатх әл-маджид", Ибн Кәсир "Тәпсірін", "Субул әс-сәләм", "Сахих әл-Бұхари", "Сахих Муслим", "Тухфат әс-сәния" және т.б. кітаптарын ұстаздардан өтеді. Меккедегі оқуын бітіргеннен кейін шейх Муқбиль Медине қаласындағы Ислам университетінің Дін Негіздері факультетіне түсіп, сонымен қатар Шариғат факультетіне де оқуға түседі. Осы университетте хадис пәнінен магистрлік атақты да алып шығады.<ref>Sahab.net сайтындағы Шейх Муқбильдің қысқаша өмірбаяныҮлгі:Ref-ar</ref><ref>"Әбу Әбдуррахман Муқбиль ибн Һади әл-Уадиидің автобиографиясы"; 4-ші басылым, "Дар әл-асар" баспа үиі, Сана, Йемен</ref>

Ұстаздары

Шейх Муқбиль өзінің ғұмырында көптеген ғалымардан сабақ алған.

  • Шейх Мұхаммед Насыруддин әл-Альбани - шейх Муқбиль оның ғылыми мәжілістеріне қатысқан
  • Шейх Абдуль-Азиз ибн Баз - Меккедегі әл-Харам мешітіндегі "Сахих Муслим" кітабынан берген сабақтарына қатысқан
  • Шейх Мұхаммед ибн Абдуллаһ әс-Сумали - шейх Муқбиль одан хадис пәнінен, екі "Сахихтың" хадистер тізбегіндегі адамдар туралы сабақ алған
  • Шейх Абдуллаһ ибн Мұхаммед ибн Хумәйд - "Тухфат әс-сәния" кітабынан сабақ алған
  • Шейх Хаммад ибн Мұхаммед әл-Ансари
  • Шейх Йахйа ибн Осман әл-Бакистани - Меккедегі әл-Харам мешітінде "Сахих әл-Бұхари", "Сахих Муслим" және "Тәпсір Ибн Кәсир" кітаптарынан сабақ алған
  • Қазы Йахйа әл-Ашуль - "Субул әс-сәләм" кітабынан сабақ алған
  • Шейх Мұхаммед әс-Сабиль - мұрагерлік құқықтан (фараид) сабақ алған
  • Шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад
  • Шейх Мұхамед Әмин әш-Шинқити

Шәкірттері

Шейх Муқбиль Йеменде "Дар әл-хадис" атанып кеткен білім ордасын құрып, өзінен кейін өзінің ісін әлі күнге шейін жалғастырып келе жатқан көптеген шәкірт қалдырып кетті. Олардың ең атақтылары:

  • Шейх Йахйа ибн Әли әл-Хаджурри - шейх Муқбильдің "Дар әл-хадистегі" орынбасары
  • Шейх Мұхаммед әл-Имам
  • Шейх Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб әл-Уассаби
  • Шейх Әбдуррахман әл-Адани

Ғылыми еңбектері мен кітаптары

  • "Әл-джамиғ әс-сахих мимма ләйсә фи сахихайн" - екі "Сахих" кітабына кірмеген сахих хадистердің реттелген жинағы (6 том)
  • "Рияд әл-джәннә фи радд алә ағдә әс-сунна" - шииттерге қарсы жазылған кітабы
  • "Әш-шафаға" - шапағат мәселесіндегі сахих және әлсіз хадистердің жинағы

және т.б. хадис, ақида, сүннет, фиқһ мәселелеріне арналған кітаптар мен хадис жинақтары<ref>Шейх Муқбиль ибн Һадидің шығармаларының тізіміҮлгі:Ref-ar</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Шейх Муқбиль ибн Һадидің ресми сайты

Тағы қараңыз