Иерусалим
Үлгі:Елді мекен Иерусалим немесе әл-ҚұдысҮлгі:Efn — Жерорта теңізі мен Өлі теңіз су шекарасында, 650–840 метр биіктікте орналасқан ежелгі қала. Қала тарихы 3500 жылдан ұзақ. Әл-Құдыс — үш діннің, иудаизм, христиан және ислам діндерінің, орталығы, түрлі елдердің тарихи, мәдени ескерткіштері ерекше көп мекен.
Бұрын көне Иудея патшалығының орталығы болған. Бүгін қала — екі мемлекет, Израиль мен Палестина арасындағы таласты жер.
Тарихы
Иерусалим қаласы б.з.б. II мыңжылдықтың орта шеніндегі жазбаларда кездеседі. Иерусалим патшасы Абди-хибаның Мысыр перғауыны IV Аменхотепке жазған хаттары Тель әл-Амарн архивінде сақталған (б.з.б. 1400 ж. ш.), б.з.б. 1000 жылы шамасында Иерусалимді Дәуіт жаулап алды да, қала Израиль-Иудея патшалығының, ал б.з.б. 935 жыл шамасында Иудея патшалығының астанасына айналды. Дәуіттің мирасқор ұлы Сүлеймен қаланы әжептәуір кеңейтті: финикиялықтардың жәрдемімен Яхве ғибадатханасын (Сүлеймен әулеті ғибадатханасы) салды. Б.з.б. 586 жылы қаланы Вавилон патшасы II Навуходоносор қиратты. Б.з.б. VI ғасырдың соңғы ширегінде иудейлер қайта қоныстанды. Б.з.б. III ғасырда қала Птолемей әулеті мен Селевки әулеті арасындағы күрестің нысаны болды. Б.з.б. 140 жылдан Иерусалим Хасмонейлер (Маккавейлер) мемлекетінің астанасына айналды. Б.з.б. 63 жылы қаланы римдіктер басып алды. Иудея соғысы (66–67) кезінде Иерусалим римдіктерге қарсы қарсыласу орталығы болды. 70 жылы римдіктер қаланы басып алып, қиратты. II ғасырда Иерусалимнің орнында Рим қонысы Элия Капитолина салынды. IV ғасырда Рим императоры I Константин тұсында Иерусалим христиандардың қасиетті орталығына айналды. 638 жылы Омар халиф тұсында Иерусалимді Ислам халифаты жаулап алды да, ол мұсылмандардың Мекке мен Мединеден кейінгі қасиетті орталығына айналды. 1099 жылы Иерусалимді крестшілер, 1187 жылы Мысыр сұлтаны Салахуддин басып алды. Қала 1517–1917 жылдары Ұлы Османлы Мемлекетінің құрамында болды. 1917 жылғы желтоқсанда Иерусалимді британ әскерлері басып алды. 1920–1948 жылдары қала британдардың мандаттық жері Палестинаның әкімшілік орталығы болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу туралы шешімі бойынша Иерусалим қаласы халықаралық аймаққа айналды. Бірақ араб-израиль соғысынан (1948–1949) кейін Иерусалим екіге бөлінді, батыс бөлігі (қаланың дені) Израиль мемлекетіне, ал азғантай шығыс бөлігі Иорданияға өтті. 1950 жылы БҰҰ-ның Иерусалимді дербес әкімшілік бірлік етіп бөлу туралы шешіміне қарамастан оның батыс бөлігін Израиль өз елордасы деп жариялады. 1967 жылы Израиль Иерусалимнің шығыс бөлігін де басып алды. 1980 жылғы шілдеде бүкіл Иерусалимді Израиль өз елінің «мәңгі және бөлінбейтін елордасы» деп жариялады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Географиясы
Қала Жерорта теңізі және Өлі теңіз аралығында Иудея тауларының етектерінде Өлі теңіз алқабындағы шөлейт таулы үстіртте орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 650–840 метр. Темір жол стансасы, тас жол торабы. Өнеркәсіп, сауда, мәдени және діни орталық. Радиотехника, тамақ, тоқыма, тері илеу, аяқ киім тігу, металл өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Қолөнер кәсіпшілігі дамыған. Қаланың ескі шығыс бөлігінде Ежелгі Грекия, Рим империясы және ерте христиандық дәуірлерде салынған архитектуралық ескерткіштердің қалдықтары сақталған, Құббат ас-Сахра мешіті (687–691), XI–XII ғасырлар шіркеулері, көне қамал (XIV–XVI ғасырлар) бар.
Тұрғындары
Қалалық әкімшілік алғашқы рет 1863 жылы құрылған. 1948–1967 жылдары қала екі аймаққа бөлінге: израиль аймағы (қаланың батыс жағында) және арабтар бөлігі (шығыс жағында). Әр бөлімшесіне өз басына мэрия және қала басқармасы болған.
2013 жылғы санақтың мәліметі бойынша, Иерусалимде 828 500 адам тұрған.<ref>Данные по населённым пунктам Израиля // на сайте Израиль ОСБҮлгі:Ref-he</ref> Халық санының өсуі — жылына 2.0 %-ы құрайды.
Ұлттық құрамы (2013 жылғы 1 қаңтардың мәліметі): еврейлер — 530.3 мың (64.0%), оның ішінде репатрианттар — 539.9 мың (65.1%), арабтар — 279.7 мың (33.8%), оның ішінде: мұсылман-арабтар — 267.9 мың (32.3%), христиан-арабтар — 11.8 мың (1.4%), армяндар — 5.6 мың (0.7%), басқалар — 3.3 мың (0.4%), оның ішінде: орыстар — 0.8 мың, америкалықтар — 0.45 мың, француздар — 0.3 мың, немістер — 0.25 мың, украиндар — 0.2 мың, ағылшындар — 0.2 мың, молдовандар — 0.15 мың.
Соңғы мәлімет: 19.05.2014 жылы Иерусалимнің тұрғындарының саны 853 355 адам болыпты.
Панорама
Үлгі:Wide image Үлгі:Wide image