Ибраһим

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам пайғамбарларыҮлгі:Ислам
Сурет:Cenotaph of Abraham - northwestern view.JPG
Ибраһим ғ.с. пайғамбардың зираты әл-Халил қаласы

Ибраһим, Авраам (Үлгі:Lang-he, Авраа́м, Үлгі:Lang-grc, Үлгі:Lang-lat, Үлгі:Lang-ar, Үлгі:Lang-ru) - Құран Кәрімде аты аталған Пайғамбар. Кең тараған есімдерінің бірі - Халил Аллаһ («Аллаһтың досы»), оны Имам, Сыддық, Ханиф деп те атайды. Құран Кәрімде Ибраһимнің өмірі мен қызметі туралы бірнеше рет егжей-тегжейлі баяндалған. Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар табынған пұтқа сенудің мәнсіздігін түсінеді. Ибраһим әуелі күнге, Айға, Жұлдыздарға сенеді, содан соң бір Аллаһқа деген сезімі оянады. Себебі, ол айдан да, жұлдыздан да биік, барлығын жаратқан, Құдіреті шексіз бір жаратушының бар екенін сезді. Ибраһим өзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды. Сонан соң, қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді. Бірақ И. уағызын олар түсінбейді. Ибраһимді патшаларына алып барады, ол Ибраһимді өртеп жіберуге бұйырады. Алайда Аллаһ өзінің Пайғамбарын, оған сенген Лұтпен бірге құтқарыл қалып, Палестинаға апарып қоныстандырады. Бірде Ибраһимге Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ибраһимге өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын хабарлайды. Ибраһим өзінің ұлы Исмаилмен бірге Меккедегі Қағбаны салады. Ибраһим Аллаһтан өзінің өліге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Аллаһ Тағала шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді. Аллаһ Тағала Ибраһимді әр кез жебеп-желеп отырады, оның ұрпақтары арасынан бірнеше Пайғамбар шыққан. Құран Кәрімнен кейін шыққан аңыздарда Ибраһимнің көп саяхаттағандығы, Мысырда да болғандығы, сонда перғауын оның әйелі Сараны тартып алмақ болғанда, Аллаһтың құтқарыл қалғандығы айтылады.

Ибраһимді Арабиямен байланыстырған аңыздар да көп тараған. Негізгі арқауы - оның арабтар мен еврейлердің атасы екендігі. Сара оның күңі Хаджарды (Ажарлы) баласы Исмаилмен бірге қуыл жіберген соң, Ибраһим оларды Меккеге әкеліп қоныстандырады. Өзі де жиі келіп тұрады. Бір келген сапарында ол Исмаилмен бірге тасқын қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді. Меккенің жанында И. өзінің ұлын құрбандық шалмақ болады. Бірақ Құран Кәрімде ұлының аты аталмайды, аңыздарда Исмаил делінеді. Аллаһ Тағала Ибраһимнің ниетіне риза болып, ұлының орнына құрбандыққа шалуға кектен тоқты түсіреді. Содан бері Аллаһ жолына құрбандыққа қой шалу дәстүрі орнықкан. <ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Сурет:Rembrandt Harmensz. van Rijn 035.jpg
Исаакты Авраам құрбадыққа шалуы, Рембрант,Эрмитаж

Ибраһим - Інжіл аңызы бойынша ежелгі еврейлердің түп атасы. Інжіл оны Урдан шыққан деп есептейді. Авраам эламдарды, олармен одақтас Вавилон патшасы Хаммурипиді жеңді деген қауесет бар. Ол өзінің туған ұлы Исаакты (мұсылмаша Исмаилды) Яхве құдайға құрбандыққа шалмақ болады. Бірақ оның қылшылдап тұрған қанжары өтпей қалады. Бұл адамды құрбандыққа шалуды тыюдың басы деп саналады. (Ифгений туралы ежелгі грек мифі).
Құранда Авраам Ибраһим деп аталады және еврейлер мен арабтардың түп атасы. Мұхаммедтен бұрынғы пайғамбарлардың бірі деп есептеледі. Ислам діні Ибраһимді құрбан айтпен байланыстырады. Құрбадыққа мал шалу салты содан қалыпты-мыс.

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998