Петра

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петра ((Үлгі:Lang-ar); Ежелгі Грекия: Πέτρα) – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иордания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс және соңғы крест жорығы» (Indiana Jones & The Last Crusade) киносы түсірілген.<ref name="Jordan Tourism board">Major Attractions: Petra, Jordan tourism board</ref>

Әріптес қала

Петра қаласына бауырлас қаласы әлемде Перудің әйгілі Мачу-Пикчу қаласы есептеледі.

Галерея

<ref>Fabio Bourbon: Petra. Die geheimnisvolle Felsenstadt. Müller, Köln 2004, ISBN 3-89893-564-7, S. 56–57.</ref>.

Дереккөздер

<references/>