Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов (1953 жыл 18 тамыз Алматы облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Білім және ғылым министрі (2012 жылдан бастап).

Әкесі - Жұмағұлов Тұрсын, марқұм, ҰОС ардагері. Анасы - Қасаболатова Кенжетай, зейнеткер, мәдениет саласының Еңбек сіңірген қызметкері.

Білімі мен атақтары

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университінің механика және қолданбалы математика факультетін (1979)
  • «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша; «Әділет» Жоғарғы заң мектебін (1999) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
  • Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1989).
  • Техника ғылымдарының докторы (1997). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Біртекті емес сұйықтықтардың математикалық үлгілері мен сүзілуі және олардың мұнай кен орындарына арналған компьютерлік технологиялардағы қосымшалары».
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1999 жылдан).
  • Халықаралық инженерлік академияның (1996 жылдан), ҚР Ғылыми ақпараттық агенттігінің (1997), Нью-Йорк ғылым академиясының (1999 жылдан), Қырғыз Республикасының ҰҒА (2003 жылдан), Белорус инженерлік академиясыңың академигі (2003 жылдан). ҚР ҰҒА құрметті академигі (2003 жылдан).

Еңбектері

  • «Мұнай өндірудегі жаңа компьютерлік технологиялар» (тең авторлықта, Алматы қаласы, 1996)
  • «Мұнай өндірудің гидродинамикасы» (Алматы қаласы, 2001)
  • «Біркелкі емес сұйықтарды теңестіруге арналған теңестірілмейтін салалар әдісі» (Алматы қаласы, 2002)
  • «Сұйықтығы және қатымдылығы жоғары мұнайлардың құбырлы көлігі» (Алматы қаласы, 2002)
  • «Мұнай өндіру процесі барысындағы компьютерлік модельдеу» (Алматы қаласы, 2002)
  • «Тһе fluid dynamics of oil production» (Милан қаласы, 2003)
  • «Салмақ алмасу процесстерін ескере отырып мұнайды бөліп шығаруды модельдеу» (Алматы қаласы, 2004) монографияларының, сонымен қатар 400-ден астам ғылыми жұмыстардың және 450 астам мақалалар, қоғамдық-саяси тақырыпта жазылған очерктер авторы.

Қосымша мәліметтер

  • Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.
  • Республикалық саяси еңбек партиясының (1991 жылдан) «Отан» партиясының мүшесі (2002 жылдан).

Қызмет жолы

  • 1971 жылдың тамызынан қарашаға дейін - Талдықорған облысының Қапал орта мектебінің мұғалімі.
  • 1971 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1973 жылдан С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дайындау бөлімінің тыңдаушысы
  • 1974 жылдан - студенті
  • 1979 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің комсомол комитетінің хатшы орынбасары, хатшысы, жетекші инженері, жетекші мұғалімі доценті, проректоры, партиялық комитет хатшысы.
  • 1981 жылдан - ҚР ҰИА төралқасының бас ғылыми хатшысы вице-президенті.
  • 1992 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі, «Жаңа компьютерлік технологиялар» зертханасының меңгерушісі.
  • 1995 жылдан - ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президент м.а.
  • 2000 жылдың қаңтарынан - президенті.
  • 2000 жылдың ақпанынан - Халықаралық инженерлік академияның бірінші вице-президенті, Ислам елдері инженерлік академиялары федерациясының вице-президенті, ХИА президеттер кеңесінің мүшесі.
  • 2001-2005 жылдары - ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі.
  • 2002 жылдың ақпанынан қыркүйекке дейін - ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
  • 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР Премьер-министр Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
  • 2004 жылдан - «Отан» партиясының Орталық аппарат жетекшісінің орынбасары.
  • 2005 жылдан - «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
  • 2005 жылдың қыркүйегінен желтоқсанға дейін - ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі.
  • 2008 жылдың сәуірінен - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің ректоры.
  • 2010 жылдың қыркүйегінен бері - ҚР білім және ғылым министрі.
  • ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты - төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі (2007 жылдан).

Қоғамдық қызметі

  • ҚР Инженерлер одағы Атқарушы комитетінің (1993);
  • Машина жасау, энергетика, құрылыс, көлік және коммуникацияларды дамыту мәселелері жөніндегі СҒТК (1993);
  • Өндіріс, энергетика, Құрылыс, келік және коммуникацияларды дамыту проблемалары жөніндегі СҒТК (1998);
  • ҚР Президенттігіне сайлауды бақылау жөніндегі Қоғамдық комитеттің (1998);
  • Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия жұмысшы тобының (2001);
  • Өндіріс проблемалары жөніндегі СҒТК (2001) төрағасы.
  • Халықаралық студенттердің тәжірибелер өтумен алмасу ассоциациясының (ІАЕЗТЕ) Қазақстанның ұлттық комитетінің президенті (1996).
  • ҚР Ғылыми, технологиялық ұйымдар ассоциациясының президенті.
  • «Вестник НИА РК» журналының бас редакторы (1997).
  • «Нефть и газ» журналының редакциялық алқа мүшесі (1998).
  • ҚР Ғылым және техника жөніндегі жоғарғы консультациялық кеңесінің (1994);
  • «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссияның (1996);
  • Халықтық бірлік және ұлттық тарих жылын өткізу туралы мемлекеттік комиссияның (1998);
  • ҚР Қорғаныс кешенін дамыту мәселелері жөніндегі СҒТК (1998);
  • Бірлік және ұрпақтар мирасқорлығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның (1999);
  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің жұмыс комиссиясының (1999);
  • Қазақстанда 3-ші мыңжылдықты салтанатты қарсы алу мерекесін дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның (1999);
  • ҚР «Ғылым туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі комиссияның (2000);
  • Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның (2000);
  • Халықаралық гранттар мемлекеттік комиссиясының (2000);
  • ҚР Мемлекеттік сыйлықтар комиссиясының (2000);
  • «ҚР салықтары туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының (2000);
  • Жариялық мәселелері бойынша ұлттық комиссияның мүшесі (2005).
  • Ислам елдері инженерлік академиялары федерациясының (FЕІІС) тұңғыш вице-президенті (2009 жылдан).
  • Түрік әлемі математикалық қоғамының президенті (2009 жылдан).
  • 15-тен аса ғылым докторлары мен кандидаттарын даярлаған; докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Д14.6101 диссертациялық кеңесінің төрағасы.
  • Республикалық саяси еңбек партиясының төрағасы (1997 жылдан).
  • «Отан» партиясының саяси кеңес бюросының мүшесі (2002 жылдан).
  • «Отан» партиясы төрағасының қызметін атқарушы (2005 жылдан). «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары (2007 жылдан).

Марапаттары

  • «Парасат» (2005) орденімен;
  • «Үздік еңбегі үшін» (1981),
  • «Қазақстанның мұнай өндірісіне 100 жыл» (1999),
  • ХИА (2001),
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
  • «Ұдмұрт Республикасының даңқты инженері» (2004),
  • «Ұдмұрт бөлімшесіне 10 жыл» (2004) медальдарымен;
  • В.Г. Шухов (1996),
  • И.Н. Века (1997) атындағы естелік медальдармен,
  • ХИА және Біріккен ұлттардың білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының (2000) үлкен күміс медалімен,
  • А.М. Подгорный атындағы күміс медальмен (Украина, 2001),
  • «Ғылым мен техниканы дамытудағы жетістіктері үшін» алтын медальмен (2002),
  • ХИА үлкен алтын медалімен (2005);
  • «Комсомолдағы белсенді қызметі үшін» (1980),
  • «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002),
  • «ҚР ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін» (2003) белгілерімен;
  • «Ғылыми байланыстарды дамытудағы ерекше жетістіктері үшін» (Каир қаласы, Мысыр, 1994) ерекше белгімен; *
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің (1978),
  • КСРО Жоғары, орта және арнайы білім беру министрлігінің (1984) құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • ҚР Президентінің алғыс хатымен ескерілген (2001).
  • Ресей инженерлік академиясының құрметті дипломының иегері (1998).\
  • ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1994),
  • ХИА және Біріккен ұлттардың білім, ғылым және мәдениет мәселелері женіндегі ұйымының халықаралық сыйлықтарының лауреаты.
  • ҚР Еңбек сіңірген қызметкері (1999).
  • ҚР Құрметті инженері (2001).
  • РФ Еңбек сіңірген инженері (2001).
  • XX ғасырдың Атақты инженері (2000).

Жеке қасиеттері

Жанұясы

  • Үйленген. Жұбайы - Жұмағұлова Валентина Ивановна (1954 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, Жоғары мектептің Халықаралық ғылым академиясының академигі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры. Ұлы - Руслан (1975 жылы туған). Қызы - Алина (1982 жылы туған). Немересі - Айдана (2005 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті