Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (12 желтоқсан 1960, Шәуешек, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) – Қазақстанның  мемлекет және саяси қайраткері, Сенаттың экс-депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Өмірбаяны

  • Қытайдың Шәуешек қаласында туған.
  • 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға, Семей облысы Мақаншы ауданының Мақаншы ауылына оралды (қазіргі Абай облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы). Қожа руынан шыққан.
  • 1982 жылы  С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
  • 1983-1992 жылдары – Қазақ Кеңес Энциклопедиясы Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы қ.).
  • 1992-1999 жылдары – «Атамұра» шағын кәсіпорнының директоры, «Атамұра» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының төрағасы, «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы қ.).
  • 1994-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік
  • университетінде қосымша жұмыс істеді (аға оқытушы, доцент, профессор м. а.) (Алматы қ.).
  • 1995 жылы «Қазақстанның XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы әлеуметтік-саяси тарихының проблемалары» тақырыбында тарихтан кандидаттық диссертация қорғады (революцияға дейінгі орыс энциклопедияларының материалдары бойынша).
  • 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы  (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында заң ғылымы бойынша докторлық диссертация қорғады.
  • 1999-2001 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
  • 2001 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК Президиумының 2001 жылғы 31 мамырдағы шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
  • 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
  • 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі.
  • 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы.
  • 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
  • Қосымша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.
  • 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
  • 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.
  • 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
  • 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
  • 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.
  • 2016-2018 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
  • 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
  • 2019 жылғы 28 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып сайланды.

Ғылыми жұмыстары

  • «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» (1994),.
  • «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)».
  • Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
  • 200-ден астам Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыпты ғылыми жарияланымның авторы.
  • «Революцияға дейінгі орыс энциклопедияларындағы Қазақстан тарихы проблемалары» (1994).
  • «Жақып Ақбаев: саясаткер, патриот, құқықтанушы» (1995),
  • «Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары» (1996),
  • «Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» (1998),
  • «Алашорда көсемдерінің мемлекеттік-құқықтық идеяларының қалыптасуы және дамуы» (1999),
  • «Қазақстандағы отаршылдық режим (1868—1917 жж.)» (2000),
  • «Заң шығарушылық: проблемалар және ізденістер» (2000),
  • «Алаш» бағдарламасы: бұрмалану және шындық» (2000) және т.б.

200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымның авторы.

Марапаттары

  • дәрежелі «Барыс» ордені (2020),
  • ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016),
  • Парасат ордені (2010),
  • «Құрмет» ордені (2004),
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008),
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996),
  • «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (2018),
  • Астана қаласының құрметті азаматы,
  • Абай ауданының құрметті азаматы,
  • Аягөз ауданының құрметті азаматы,
  • Қазақстанның және шет мемлекеттердің басқа да марапаттары, құрмет атақтары.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары