Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (19 наурыз 1974 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, Алматы қаласының әкімі (2015–2019). Саясат ғылымдарының кандидаты.

Шапырашты руынан шыққан.<ref>Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТ</ref><ref>Новая Газета Казахстан - Пройти по черте</ref>

Білімі

  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институтын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»;
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог;
  • Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбектері

  • «Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаулық» (2007, екі тілде)
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы;
  • «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы;
  • 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы.

Қызмет жолы

  • 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, ата-анасы — Германиядағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы).
  • 2002 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы.
  • 2003 жылдан — ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі.
  • 2004 жылдан — бас инспекторы.
  • 2006 жылдан — Хаттама жетекшісі.
  • 2009 жылдың тамыз айынан — ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2013 жылдың қаңтарынан — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2015 жылдың 9 тамызынан — Алматы қаласының әкімі.
  • 2019—2022 жылдары — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Қоғамдық қызметі

Марапаттары

  • «Құрмет» (2008) орденімен;
  • «Парасат» орденімен
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл»
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011),
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен;
  • ҚР Президентінің алғыс грамоталарымен (2001, 2010) марапатталған.

Жеке өмірі

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Әкесі, Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы — зейнеткер, «Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау» КМК бастығының орынбасары болған. Анасы, Байбек Алтынай Құнғалиқызы — зейнеткер, «Қазгипротамақөнеркәсіп» бөлімінің бастығы, бас маманы қызметін атқарған.

Үйленген. Жұбайы — Байбек Жанар Кенжеғарақызы. 5 баласы бар.<ref name=zakonbio>Үлгі:Cite web</ref>

Хоббилерінің ішінде оқу, музыка және спорт бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер