Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (28 қаңтар 1971 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, экономист, саясаттанушы, 2020 жылдан бастап Сенат төрағасы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Бұрын Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (2019–2020), «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары (2018–2019), Мәжіліс депутаты (2012–2018) сияқты лауазымдар атқарған.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”, 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>
Өмірбаяны
Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы — «Политический транзит в Казахстане в контексте процессов глобальной демократизации», 2001). Құрмет орденімен марапатталған.
Ағылшын тілін еркін меңгерген. Үйленген, төрт баласы бар: қыздары Айғаным (1996), Алтынай (1999), Әлима (2004) және ұлы Әмірлан (2022).
Қызмет жолы
Университетті бітіргеннен соң 1993–1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді: Баспа қорында маркетинг бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, қордың атқарушы директорының орынбасары болды.
1994–1995 жылдары — Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты Досмұхамет Нұрахметовтің көмекшісі.
1995 жылғы маусым–қараша аралығында — Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.
1995–1999 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісі Марат Тәжиннің бірінші орынбасары болды.
1999–2002 жылдары — Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. Оған қоса 2000–2005 жылдары Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, 2004–2005 жылдары Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлем экономикасы және саясаты институтының директоры болып қызмет атқарды.
2005–2006 жылдары — Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.
2006–2011 жылдары — Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2011 жылдың соңында Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің кеңесшісі болып қызмет атқарды.<ref>Партийный список "Нур Отана"</ref>
2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған және 2016 жылғы наурыздан бастап VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болып жүріп 2012—2018 жылдары Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарды. Нұр Отан партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.
2018 жылғы 1 ақпаннан 2019 жылғы 29 маусымға дейін — Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары.<ref>Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды</ref> 2019 жылы 3 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде оның Республикалық қоғамдық штабын басқарды.<ref>Президент сайлауы – 2019: Тоқаевтың штабын Әшімбаев басқарады</ref>
2019 жылғы шілде–желтоқсан айларында — президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі.
2019 жылғы желтоқсан – 2020 жылғы мамыр аралығында Президент Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.<ref>Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы</ref>
2020 жылғы 4 мамырда VI шақырылымдағы Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды және Сенат төрағасы болып сайланды.<ref>Мәулен Әшімбаев Сенат спикері болып сайланды</ref> 2023 жылғы 26 қаңтарда VIII шақырылымдағы Сенат төрағасы болып қайта сайланды.<ref>Мәулен Әшімбаев Сенат Төрағасы болып қайта сайланды</ref> 2023 жылы Қазақстан бочча федерациясының президенті болып сайланды.<ref>Әлемде қанат жайған бочча спорты Қазақстанда қалай дамып жатыр?</ref>
Марапаттары
Парасат (2015) пен Құрмет (2007) ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. 2003 жылы Джонс Хопкинс университетінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Еңбектері
- Политический транзит в Казахстане: содержание процесса и его особенности (2001)
- Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии (2002, қосалқы автор)
- Безопасность Казахстана на современном этапе (2002)
- Политический транзит: от глобального к национальному измерению (2002)
- Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и безопасность (2002, қосалқы автор)
- Нефтегазовые ресурсы Казахстане в системе мировых и региональных отношений (қосалқы автор)
- Военно-политическая расстановка сил в Каспийско-Центральноазиатском регионе (2003, қосалқы автор)
Дереккөздер
Сілтемелер
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Қазақстан Парламенті Сенатының төрағалары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары
- Аманат партиясының мүшелері
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаттанушылары