Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жыл, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, 2023 жылдан бастап Сенат депутаты. 2022–2023 жылдары Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.

Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының-ның академигі (2020)<ref>Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ҚР ҰҒА академигі болып сайландыҮлгі:Deadlink</ref> Аманат партиясы Саяси кеңес бюросының мүшесі.<ref>Дархан Қыдырәлі Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына сайланды</ref> II-сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық рангі берілді.<ref>Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілдіҮлгі:Deadlink</ref>

Өмірбаяны

Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысы қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген.

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998), Ыстамбұл (1998-2001) университеттерінде білім алған.
  • 1998 жылы Эгей унивреситетінде «Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі және дүниетанымы» тақырыбында диссертация қорғады.
  • 2001 жылы Ыстамбұл университетінде "Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және оның Түркиямен байланысы" докторлық диссертация қорғап, "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген.
  • 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Біртұтас Түркістан идеясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған.
  • Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қырғызстандағы Ош университетінің құрметті профессоры. Халықаралық Ш. Айтматов академиясының академигі. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2016 ж), Моңғолия Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2017). Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі<ref>https://twesco.org/post/885 Үлгі:Webarchive</ref> (2022).

Еңбек жолы

Қоғамдық қызметі

  • Ұлттық құрылтай мүшесі
  • Мұсылман ақсақалдар кеңесі - Орталық Азия Бюросының бас үйлестірушісі
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссия мүшесі
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы
  • Қазақстан жазушылар одағының басқарма мүшесі
  • Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі

Ғылыми еңбектері

  • «Мұстафа Шоқай». Анкара, (2001).
  • «Тараз тарихы». Тараз, (2005).
  • «Түрік халықтары әдебиеті тарихы», (ұжымдық жинақ) Түркістан, (2005).
  • «Тарпаңды таңдап міндім тағалап». Тараз, (2005)
  • «Жүрегіне қаламын сүйеген». Астана, (2007)
  • «Мұстафа Шоқай», Астана, «Фолиант» баспасы, 2007 («Нартұлға» сериясы).
  • «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Ұлық Түркістан». Астана, (2008).
  • «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Тұтас Түркістан идеясы». Астана, (2008).
  • «Ұлық Түркістан», Астана, (2008)
  • «Атымды адам қойған соң...» Астана, (2008)
  • «Жерұйық». Астана, (2009).
  • «Әлемдік тұлға». Астана, (2010).
  • «Мұстафа». Астана, (2012).
  • «Мәңгі тас», Алматы, «Ғылым» баспасы, (2015)
  • «Ұлы дала тарихы», Астана, «Ғылым» баспасы, (2018)
  • «Ортақ түрік тарихы» (8 сынып), Баку, Нұр-Сұлтан, (2019)
  • «Мұстафа». Астана, (2024)
  • «Тамыр». Алматы, (2024)
  • «Абыздар аманаты». Алматы, (2024)
  • «Нүкте философиясы». Астана, (2024)
  • «Ташқа жазылған тарых». (2024)

Марапаттары

Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-1-of-3

Мемлекеттік наградалар

  • Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008 ж.).
  • «Парасат» ордені (2018) <ref>https://www.lenta.inform.kz/ru/akordada-tanymal-tulgalarga-memlekettik-nagradalar-tapsyryldy_a3477903/ Үлгі:Webarchive</ref>
  • ҚР Президентінің алғыс хаты (2010 ж.)
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл (2011 ж.)
  • Астана қаласының 20 жылдық мерекелік медалі (2018)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2019)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2020)
  • «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2024)
  • III дәрежелі «Барыс» ордені (2024)

Үлгі:Col-2-of-3

Халықаралық

  • Түркі дүниесінің "Қызыл алма" сыйлығының иегері (2015 ж.)
  • "Түркі әлеміне қызмет" сыйлығымен марапатталды (2015 ж.)
  • "Жаңа Түркия" Стратегиялық зерттеулер орталығы тағайындаған "Түркі тарихы және мәдениетіне қызмет" Алтын медалін алған (2015 ж.)
  • ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2016 ж.)
  • Халықаралық «Жібек жолы» стратегиялық зерттеу орталығы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан тағайындалған халықаралық «Жыл адамы» марапатының иегері (2017 ж.)
  • Венгрияның «Офицерлік крест» орденімен марапатталды (2017).<ref>http://twesco.org/ru/news/glava_akademii_nagrazhden_ordenom_vengrii/ Үлгі:Webarchive</ref>
  • Әзербайжанның «Достлуг» орденімен марапатталды (2018).<ref>http://www.inform.kz/ru/prezident-azerbaydzhana-nagradil-darhana-kydyrali-ordenom-dostlug_a3106911/ Үлгі:Webarchive</ref>
  • Моңғолияның «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды (2021)<ref>https://kaznews.mn/darkhan-kydyrali/ Үлгі:Webarchive</ref>
  • Қырғызстанның «Даңқ» медалімен марапатталды (2022) <ref>https://twesco.org/post/1055 Үлгі:Webarchive</ref>
  • Қырғызстанның «Достық» мемлекеттік наградасымен марапатталды (2024)

Үлгі:Col-3-of-3

Басқа марапаттар

  • Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталған (2014 ж.).
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).
  • «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды (2017)
  • «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017)
  • Түлкібас ауданының құрметті азаматы (2018)
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бiрлiк» алтын медалi (2019) <ref>https://www.inform.kz/kz/elordada-kazakstan-halky-assambleyasynyn-kogamdyk-zhane-memlekettik-nagradalarymen-marapattau-rasimi-otti_a3594165</ref>
  • Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2022)

Үлгі:Col-end

Отбасы

Үйленген. Төрт ұл, бір қызы бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер