Дархан Аманұлы Кәлетаев
Дархан Аманұлы Кәлетаев (14 қазан 1972, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, дипломат және саясаткер. 2016—2018 жылдары Парламент Сенатының депутаты. 2020—2025 жылдары Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Саясаттану ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны
14 қазан 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған.
Білімі
1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.
1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.
«Социально-политическая консолидация казахстанского народа» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жастар өмірі және олардың саяси-әлеуметтік мәселелері жайында жазылған кітаптардың (мысалы, «Молодеж Казахстана на пороге ХХІ века», 2000; «Возмемся за руки, друзья!», 2001; телеавт.) авторы.
Қызмет жолы
1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің жетекші маманы, 1 санаттағы маман;
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман;
05.1997 - 11.1997 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру Департаментінің басқарма басшысының орынбасары, Алматы;
11.1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті Жастар саясат бөлімінің басшысы, Астана ;
2001-02.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары, Астана;
02.2002-11.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар ісі жөнінде департаментінің басшысы, Астана
11.2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат секторының меңгерушісі, Бөлім басшысы, Астана
2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат Басқармасы әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі, Астана
2006-12.01.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Астана
12.01.2007-13.10.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары <ref>[Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Д.А.Кәлетаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы»]</ref>,<ref>[Указ Президента Республики Казахстан от 13 қазан 2008 года № 672 «О Калетаеве Д.А.»] ,</ref>
13.10.2008-19.11.2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары <ref>Глава государства произвел ряд кадровых назначений</ref> және ҚР Президентінің кеңесшісі;
11.2009 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры
Марапаттары
- «Құрмет» ордені
- «Астанаға 10 жыл» медалі<ref>Президент РК наградил руководителей госорганов юбилейной медалью, приуроченной к 10-летию Астаны</ref>
Еңбектері
- «Молодёжь Казахстана на пороге 21 века» (2000, қосавторлық),
- «Возьмёмся за руки друзья!» (2001, қосавторлық),
- «Государственная молодежная политика Республики Казахстан (2001, қосавторлық),
- «Молодёжь и военно-патриотическое воспитание» (2001, қосавторлық),
- «Организация работы центров молодёжных инициатив во внутренних войсках МВД РК» (2003, қосавторлық),
- «Молодёжь Казахстана в условиях демократизации общественных и демократических отношений» (2004, қосавторлық),
- «Формирование единства казахстанского народа как важнейшая проблема политической науки» (2007),
- «Социально-политическая консолидация казахстанского народа: особенности и проблемы» (2007),
- «Казахстан-страна, устремлённая в будущее.
- Фактор национального лидера» (2009),
- «Модернизация на постсоветском пространстве: фактор национального лидерства» (2010)
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаттанушылары
- Саясаттану ғылымының докторлары
- Шығыс Қазақстан университеті түлектері
- Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебі түлектері
- Самұрық-Қазына тұлғалары
- Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары
- Қазақстанның Украинадағы елшілері