Ерлан Жақанұлы Қошанов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ерлан Жақанұлы Қошанов (14 тамыз 1962, Ақсу-Аюлы) — қазақстандық саясаткер, партия және қоғам қайраткері, экономист, 2022 жылғы 1 ақпаннан бергі Мәжіліс төрағасы. 2022–2026 жылдары Аманат партиясының соңғы төрағасы болды.
Өмірбаяны
Қошанов 1962 жылғы 14 тамызда Қарағанды облысындағы Ақсу-Аюлы жерінде туған. Арғын тайпасы Қаракесек руы Қырғыз бөлімінен шыққан. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы Жоғары коммерция мектебін бітіріп, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында экономист мамандығын алды.
Институтты бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.
1988—1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
1990—1995 жылдары Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы секілді қызметтер атқарды.
1995—1999 жылдары Парламент Сенатының депутаты болды.
1999—2003 жылдары Үкіметтің Парламенттегі өкілі, оған қоса 2001—2003 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары болды.
2003—2006 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі, 2006—2007 жылдары Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болды.
2007—2012 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары — Үкіметтің Парламенттегі өкілі, 2012—2017 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы болып қызмет атқарды.
2017 жылғы 14 наурызда Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігін басқарды.
2012, 2016, 2021 жылдары «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша V, VI, VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат болды.
2022 жылы 1 ақпанда өз еркімен отставкаға кеткен Нұрлан Нығматулиннің орнына Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болып тіркеліп, Мәжіліс төрағасы болып сайланды.<ref>Мәжіліс төрағасы сайланды</ref> 2023 жылғы 29 наурызда Мәжілістің VIII шақырылым Төрағасы болып қайта сайланды.
2022 жылы 15 ақпанда «Nur Otan» (кейінгі «Amanat») партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі болып сайланды.<ref>Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды</ref> 2023 жылы 29 наурызда фракцияға жетекшілік етуді партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевқа тапсырды.<ref>Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі сайланды</ref>
2022 жылы 26 сәуірде «Аманат» партиясының төрағасы болып сайланды. 2022 жылғы Президент сайлауы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау үшін құрылған Халықтық коалиция мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабын басқарды.<ref>Қолдаушылар форумы: Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім артқандарға ризашылығын білдірді</ref><ref>Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабын Ерлан Қошанов басқарады</ref> 2024 жылғы республикалық референдум қарсаңында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабты басқарды.<ref>Саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті</ref> 2026 жылғы конституциялық референдум қарсаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясына жетекшілік етті.<ref>«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды</ref> 2026 жылғы 14 маусымда «Аманат» партиясы «Әділет» партиясына қосылды.<ref>AMANAT «Әділетке» қосылды – партия съезі «қолдап» дауыс берді</ref>
Отбасы
Әкесі — Жақан Қошанов (марқұм), партиялық-кеңестік қайраткер. Анасы — Сәуле Қошанова (марқұм), орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.<ref>Карим Масимов представил коллективу Канцелярии Премьер-министра РК нового руководителя</ref>
Үйленген, 1992 жылы туған Мөлдір және 1997 жылы туған Алтынай атты екі қызы бар.<ref>Кошанов Ерлан Жаканович</ref>
- Жұбайы Гүлжан Абауова (1969 жылы туған) — экономика ғылымдарының кандидаты, Esil University доценті.<ref>Абауова Гульжан Мейрамовна</ref> Ол Атыраудың бұрынғы әкімі, 2021 жылдан бастап «Аманат» партиясы атынан Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың әйелі Рахияның сіңілісі болып келеді.<ref>Борец с иждивенчеством и ленью: чем известен новый спикер мажилиса Ерлан Кошанов</ref>
Інісі Ғазиз Қошанов (1964 ж. туған) — мамандығы бойынша инженер, 2022 жылдан бастап ҚазТрансОйлдың басқарушы директоры.<ref>Изменен состав Правления АО «КазТрансОйл»</ref>
Марапаттары
- Құрмет ордені (2007)
- Парасат ордені (2013)
- І дәрежелі Барыс ордені (2021)
Дереккөздер
- Қарағанды облысының әкімдері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан экономистері
- Қарағанды жоғарғы оқу орындары түлектері
- БЛКЖО функционерлері
- Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшылары
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағалары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Сенатының I шақырылымының депутаттары